Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛК каз косм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.75 Кб
Скачать

Меншікті тері- дерма.

Негізгі массаны коллаген, эластин және ретикулярлы талшық, олардың арасында жасуша элементтері болатын талшықты субстанциядан тұрады.

Дерманың негізгі заты тіндік сұйықтықпен қаныққан аморфты субстанциядан тұрады. Ол ақуызбен байланысқан әртүрлі

мукополисахаридтерден(гиалурон қышқылы, хондроитинкүлгін, кератосульфат) тұрады. Аморфты зат фибробластардан, гистиоциттерден, базофилдерден өндіріледі.

Дерма эпидермис пен теріасты май жабаты жасушаларының арасында орналасады.

Онда 2 қатарды бөледі: емізікті және торлы. Емізікті қатар эпидермистен беткей қантамырлар торларына дейінгі орналасқан дерма бөлігі. Торлы қатар айқын шекарасыз теріасты май қабатына өтеді.

Меншікті тері талшықты субстанциядан, дәнекер тін талшықтарының арасында орналасқан коллагенді, эластикалық, аргирофильді талшықтан және құрылымсыз аморфты аралық заттан тұрады. Дерманың емізікті қатары жұқа коллаген талшықтарының будасынан және аз көлемде жұқа эластикалық және преколлагенді талшықтан тұрады. Торлы қатарда коллаген будалары шағын және қалыңдай бастайды, қоймалжын ілмекті торға айналады.

Негізінен торлы қатардың құрылымын тері беріктігіне, біркелкі емес әртүрлі аймақпен анықтайды.

Коллаген талшықтары буда түрінде орналасады. Емізікті қатарда будалар жұқа, эпидермис беткейінде перпендикулярлы орналасады, ал торлы қатарда олар қалыңдау және эпидермисқа параллельді орналасады. Коллаген талшығының негізін күрделі ақуыз- коллаген құрайды.Олар қышқыл бояулар- эозин, фуксинмен жақсы боялады. Электронды микроскоппен қарағанда коллаген талшықтары бір- бірімен цементтеуші заттармен байланысқан коллаген фибриллаларынан тұрады. Әр фибрилла көлдеңен көрініске ие.

Эластикалық талшықтар- резорцин- фуксинмен қара- көкке боялады.Ол ақуызды комплекстен және мукополисахарид серасынан тұрады.

Коллаген және эластикалық талшықтардан басқа , дермада ретикулярлы талшықтар болады, олар қантамыр айналасында, май және тер бездері, шаш фолликуллаларында субэпидермальді орналасады. Олар жұқа коллаген фибриллаларынан тұрады.

Торлы және әсіресе емізікті қатарда қалыптыда аз көлемде әртүрлі жасушалық элементтер болады: фибробласттар, гистиоциттер, лимфоциттер, плазматикалық бұлтты жасушалар.

Фиброциттер және фибробласттар әртүрлі функциональді мінезге ие, яғни фибробласттар көбірек активті. Фибробласт ұзындығы 15-20 мк, ол РНҚ-лы өте ірі ядродан тұрады. Цитоплазмада митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, рибосома, фибриллалар болады.

Гистиоциттер- қантамыр жолында фибробласттар арасында аз көлемде кездеседі. Гистиоциттер дифференциясына қарай әртүрлі морфологиялық көрініске ие: фагоциттеуші гистиоциттер, гистиоциттер, синтездеуші ақуыздар арнайы секрециялық қызметіне және жиналуына қарай бөлінген. Цитоплазмада көп мөлшерде РНҚ, гликоген, фосфолипид, липопротеидтер болады.

Гистиоцит дұрыс емес формалы жасушалармен бірге көптеген псевдоподиялар, ірі ядро, терең инвагинацияланған ядро қабатынан тұрады.

Тіндік базофилдер немесе бұлтты жасушалар дермада қантамыр жолында, шаш фолликулаларында, дерманың емізікті қатарында орналасқан. Оның цитоплазмасында арнайы гранулалар болады.Олар ақуыз және гепарин, сонымен қоса гистамин, серотонин, фосфолипидтерден тұрады.

Плазмалық жасушалар қалыпты теріде аз кездеседі. Олар ірі, ядросы сопақша формалары. Цитоплазма базофильді, РНҚ-сы көп.

Лимфоциттер- дөңгелек формалы үлкен емес жасушалар, хроматиннен тұратын ядроға ие. Реакция түріне байланысты, Т- лимфоцит, жасушалық және В- лимфоцит, гуморальді типті иммундық жауапты тудырады. Олар әртүрлі морфологиялық құрылымға ие, Т- лимфоциттер- беткейі тегіс, В- лимфоцит- беткейі кедір- бұдыр.

Дермада шаштар, май және тер бездерінде, сонымен қатар бұлшықетте, қантамырында, жүйке жүйесінде және жүйке аяқшаларында орналасқан.