Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиста Прак. әдіс. ЖМФ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Пән: Гистология – 1

Кафедра/курс: Гистология

Курс: 2

Тақырып № 2. Цитология. Жасуша және жасуша емес құрылым. Плазмолемма.

Орнанеллалар. Қосындылар

ҚҰРАСТЫРҒАН:

БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

АССИСТЕНТ________________ МҰСАЙНОВА Ә.Қ.

СЕМЕЙ – 2008Ж.

РМҚМ «СММА»

САПА ҮЛГІСІ

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

G-041.07.01.13-2007

Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына:

Рев. 01. 01.06.2005

1 беттен 2

Бекітілді

курс мәжілісінде

Хаттама № ______

«____» ____________ 2008ж.

Курс меңгерушісі м.ғ.к., доцент ______________ Темірбеков Д.А.

РМҚМ «СММА»

САПА ҮЛГІСІ

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

G-041.07.01.13-2007

Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына:

Рев. 01. 01.06.2005

1 беттен 2

1. Тақырыбы: Жасуша және жасушалық емес құрылым. Плазмолемма. Орнанеллалар.

Қосындылар.

2. Мақсаты:

  • жасушалық теорияның негізгі ережелерін оқу бойынша білімді бекіту;

  • жасушалық қабыққа құрылымдық – химиялық және функциялық сипаттама беруді үйрету;

  • органеллаларды анықтауды және жасуша тіршілігіндегі оның рөлін түсіндіруді үйрету;

  • жасушалар цитоплазмасындағы әр түрлі қосындыларды ұқсастыру:

  • жасуша емес құрылым, жасушалар мен оның құрылымдары диагностикасы бойынша білімді және гистологиялық препараттарды микроскопиялау мен суретін салу дағдыларын бекіту.

3. Оқытудың міндеттері:

  • жасушалар мен олардың туындыларына жүйе ретінде тін туралы ұғымды қалыптастыру;

  • органеллалар мен қосындылар жайлы ұғым қалыптастыру;

  • жасушалардың органеллаларының функционалдық-құрылымдық ерекшеліктерін меңгеру;

  • гистологиялық препараттарды оқу және микроскопиялауды білу дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Тіндер жасушалар мен оның туындылары жүйесі ретінде. Жасушалар мен жасушалар емес құрылымдар жайлы ұғым.

2. Жасушалық теорияның негізгі ережелері.

3. Жасушалық қабық (плазмолемма). Құрылымдық-химиялық және функциялық сипаттама.

4. Органеллалар: анықтама, жіктелуі.

5.Мембраналы және мембранасыз органеллалардың құрылымдық-функциялық сипаттамасы.

6. Арнайы органеллалар.

7. Қосындылар. Гиалоплазма.

5. Оқыту дәне үйрету тәсілдері:

Кіші топтардағы жұмыс: студенттер 6-7 адамнан топтарға бөлінеді.

1) жарықтық микроскопиялау (бірінші шағын топқа арналған тапсырма) мен электронды микроскопиялау (екінші шағын топқа арналған тапсырма) үшін гистологиялық препараттарды дайындау процесі алгоритмін құру; 2) мақсатын, маңызын, дайындау тәсілдерін көрсете отырып, гистологиялық препараттарды дайындаудың әр сатысын сипаттап жазу қажет.

Жұптасып жұмыс істеу: 2 гистологиялық препарат беріледі. Берілген препараттарда міндетті түрде құрылымның тинкториальді қасиетін зерттеу.

Жеке орындауға арналған тапсырма: микроскопиялаудың негізгі түрлері бойынша кестені толтыру, әр түрінің пайдалану мақсатын көрсету.