- •Ааааааааааааааааааааа
- •Адамның экологиялық қуысы.
- •Ббббббббббббббббббббббб
- •12 Биологиялық ұйымдастырылуының негіздері. Биогенді элементтер.
- •Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера құрлымы. Биосфера ресурстары.
- •Ввввввввввввввввввввввв
- •Жжжжжжжжжжжжжжж
- •Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасы.
- •Қазақстандағы табиғатты пайдалануды реттеудің құқықтық негіздері.
- •Ллллллллллллллллллл
- •Ттттттттттттттттттттттт
- •Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстардың жіктелуі.
- •Топырақтың сортаңдануы: ұғымы, түрлері, пайда болу себептері. Топырақтың сортандануымен күресіу шаралары.
- •Шшшшшшшшшшшшш
- •Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі.
- •Экологиялық экспертиза.
- •Экологиялық құжаттамалар.
- •Эколого-экономикалық жүйелер, олардың тұрақты даму тұжырымдамасына шарттары.
- •Электр сүзгі құрылғысы, әрекет ету принципі.
Қазақстандағы табиғатты пайдалануды реттеудің құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi: 1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; 2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас; 4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару; 5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi; 6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау; 7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; 8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi; 9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану; 10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы; 11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру; 12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету; 14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi; 15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.
Қазақстан рес энегияны унемдеу стартегиясы Жарыкты унемдеу жане энерг.ия тимділікті арттыру- бұл ең алдымен елдегі энегетикалық ресурстарды пайдалану колемін азайтуга багытталган техникалық, ттехнорологиялық, экономикалық жане т б іс шаралардың жузеге асуы.Қазақстанда 2013 29 тамызында КР укімет жарлыгымен бекітілген /Куат козын унемдеу 2020/ багдарламасы жумыс жасауда.Бул багдарламаны келесі кезендерде жузеге асуры карастырылган.1-нші.2013 -2015 жылдар .Бул кезенде өндіріс орындарында энергияны тиімді пайдалану аудиттері отеді,энергетиканы коса карастырамыз.Укімет тарапынан қуатты унемдеу жоспары бойынша нәтижесіне байланысты каржы бөлінеді.Өндіріс орындары мен энергетикалык мекемелердің кең масштабты турдегі дайындыгы басталады,энергияны колдануда нормативке сайкес жане облыстарда куат козын унемдеуды арттыру. 2-нші кезен 2016-2020 жылдар ралыгы.Бул кезщенде энергоаудиттің натижесін байланысты басты багыт ондіріс орындарында болмак,сонымен коса жеке уйлерге де карасты болу, автопаркттарды жанарту,жарык диоттар бар тусырылымдерге ауысу, курылыс орындарында куат козын тиімді пайдалануды камтамасыз ету,жеке меншік инвестицияны алга тарту.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны сауықтыру бойынша негізгі стратегияларының бағытыҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жыл сайын 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.Мыналардың күші жойылды деп танылсын: "Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 831 қаулысы Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсінОсы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының тұрғындарын қорғаудың әлеуметтік жүйесі.Әлеуметтік қорғау - бұл қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды: тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру; негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру; халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері; азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі. Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыстыболады.
Қазақстан республикасының т д экологгиялқ маселелері/ Казакстанда коршаган ортанын казіргі жагдайына талдау жане казакстан рес-гы туракты даму тужырымдамасын, стратегиялармен мен міндеттерін карастыру.Казакстан респуб-н туракты дамуы.Елдің табиги ортаның казіргі экологтялык жагдайын аныктайтын экономикалык негізгі факторлары антропогеназа мен секторлары.Коптеген электростанциялары мен турлы кутаттардың жылу кңуаттары мунай өнімдері бойынша жумыс істейтін табиги газ ,ядролык отын, улкен ауадан алып жатыр.Олар каттв газдар мен шан атмосферага, топыракты,флорамен фаунаны ластайды.Сапалы казактстанда коршаган ортага энергетикалык әсер жаңа түрлі ядролык жумыс істеп Актау каласында теңіз суын тұщыту зауыты болып табылады.Тау кен жиі , байыту, ондіру процесінде шикізатты жогалту,нәтижесінде гылым мен техниканың ережелерін бузганы өтуде тасымалдау (Сакало сарыбай тау кен тобы тб Жезказган кен ондеу зауыты, Караганды комір бассейні,Балкаш мыс балкыту зауыты) .
Қорықтар аумақтар қоршаған ортаны бір қорғаудың факторы ретінде. Мемлекеттің биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (әрі қарай - ЕҚТА) әрі қарай даму қажеттілігі құрылады.«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – бұл ерекше қорғалатын құқықтық режимі бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорының сақталуы мен қалпына келтіруін қамтамасыз ететін шаруашылық қызметінің режимімен реттелетін жерлердің, сулардың, ормандардың және жер қойнауларының учаскелері.ҚР-да пайдалану мақсаттарына, қорғау режимдеріне және ерекшелік-теріне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың келесі түрлерін ажыратады:биосфералықты қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;мемлекеттік табиғат ескерткіштері;мемлекеттік қорықтық аймақтар;мемлекеттік табиғи қаумалдар;мемлекеттік зоологиялық саябақтар;
мемлекеттік ботаникалық бақтар;
мемлекеттік дендрологиялық саябақтар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
ерекше мемлекеттік маңызы немесе ғылыми құндылығы бар су қоймалары;
халықаралық мәні бар су-батпақты пайдаланылатын жерлер;
ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және басқа құндылықты білдіретін жер қойнауларының учаскелері.Мемлекеттік табиғи қорық – олардың компоненттерінің барлық жиынтығымен типтік, сирек және теңдессіз табиғи кешендердің табиғи күйінде сақтауға арналған табиғатты қорғау мекемесі және қорғаудың қорықтық режимі мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік табиғи қорықтар-дың республикалық маңызды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жоғары категориясы бар.Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – табиғатты қорғау мекемесі мәртебесі бар және ерекше экологиялық, рекреациялық, ғылыми және басқа құндылығы бар табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді көп бейінді пайдалануға арналған, қорғау режимдерінің аймақтары бойынша сараланған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың республикалық маңызды категориясы бар.Мемлекеттік табиғи саябақ мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың аналогы болып табылады, ол сол міндеттерді қояды және сол функцияларды орындайды, бірақ табиғатты қорғау мекемесі мәртебесі бар жергілікті маңызды ерекше қорғалатын табиғи аумақ категориясына жатады.
Мемлекеттік табиғат ескерткіші – мемлекеттік табиғи қорық қорының жеке объектілерін табиғи жағдайда сақтауға арналған қорық режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи қаумал – шаруашылық қызметінің тапсырылатын режимі немесе реттелетін режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол мемлекеттік табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше объектісін сақтауға және ұдайы өсіруге арналған. Мемлекеттік табиғи қаумалдар зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеология-лық, топырақтық, ландшафттық және кешенді болуы мүмкін. Мемлекеттік табиғи қаумалдар жергілікті және республикалық маңызды болуы мүмкін.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелге7 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ («Алтын Емел», Баянауыл, Іле-Алатау, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, «Көкшетау», Шарын;10 мемлекеттік табиғи қорық (Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қолғалжың, Марқакөл, Наурызым, Үстірт);2 мемлекеттік табиғи қорыққор («Семей орманы», «Ертіс ормаы»);2 мемлекеттік табиғи саябақ («Бұйратау», «Медеу»).
