- •1. Материялық нүктенің қозғалысын кинематикалық сипаттау. Жылдамдық және үдеу
- •Жылдамдық
- •Үдеу және оның құраушылары
- •2. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық ж/е үдеу Жылдамдық
- •Үдеу және оның құраушылары
- •3. Қозғалмайтын оське қатысты айналған дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары
- •4. Ньютон заңдары. Масса. Күш Ньютон заңдары Ньютонның бірінші заңы – инерция заңы
- •Ньютонның екінші заңы– материялық нүкте динамикасының негізгі заңы
- •Ньютонның үшінші заңы
- •Күш. Масса
- •5. Механикалық үйкеліс және тартылыс күштері
- •1) Тартылыс күші (гравитациялық күш)
- •6. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
- •7. Механикадағы импульстің сақталу заңы
- •8. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы
- •9. Күш моменті және импульс моменті Күш моменті
- •Импульс моменті
- •10. Қатты дененің инерция моменті
- •11. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі
- •12. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы Энергияның сақталу заңы
- •13. Серпімді деформация. Гук заңы
- •14. Импульс моментінің сақталу заңы
- •15. Ағын сызықтары. Ағын түтігі. Идеал сұйықтықтың станционар ағысы. Үзіліссіздік теңдеуі
- •16. Бернулли теңдеуі
- •17.Механикалық гармоникалық тербелістер. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Механикалық гармониялық тербелістердің дифференциалдық теңдеуі
- •18. Серіппелі маятник
- •19. Математикалық маятник
- •20. Физикалық маятник. Физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы
- •21. Көлденең және бойлық толқындар. Қума толқын теңдеуі
- •22. Термодинамикалық жүйелер және олардың параметрлері: қысым, температура, көлем
- •23. Клапейрон-Менделеев теңдеуі. Мольдік масса, зат мөлшері
- •24. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясының (мкт) негізгі теңдеуі. Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы.
- •26. Барометрлік формула. Больцман үлестірілуі.
- •27. Термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылысы: тұтқырлық (Ньютон заңы).
- •28. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. Диффузия (Фик заңы).
- •29. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. Жылуөткізгіштік (Фурье заңы).
- •30. Газдардың жылусыйымдылықтары. Тұрақты көлем және тұрақты қысым кезіндегі мольдік жылусыйымдылықтар. Майер теңдеуі.
- •31. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жүйенің ішкі энергиясы. Жұмыс және жылу.
- •32. Изопроцестер. Изохоралық, изобаралық және изотермиялық процестер.
- •Изохоралық процес ( )
- •Изобаралық процесс ( )
- •Изотермиялық процесс ( )
- •33. Изопроцестер. Адиабаттық және политроптық процестер.
- •Адиабаталық процесс ( )
- •Политроптық процесс ( )
- •34. Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестер. Дөңгелек процестер (циклдер). Жылу машиналары және олардың пәк-і.
- •35. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия және оның қасиеттері.
- •36. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
- •Молекула көлемін ескеру
- •37. Элементар электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.
- •38. Кулон заңы. Электрлік тұрақты. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.
- •39. Электростатикалық өріс. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрістерінің суперпозиция принципі.
- •40. Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны. Гаусс теоремасы.
- •41. Электростатикалық өрісте заряд орын ауыстырғанда істелінетін жұмыс.
- •42. Электростатикалық өріс кернеулігі векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы.
- •43. Электростатикалық өріс потенциалы. Электростатикалық өріс кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.
- •44. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Оқшауланған өткізгіштің электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Оқшауланған өткізгіштің электрлік сыйымдылығы
- •Өзара сыйымдылық. Конденсаторлар
- •45. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.
- •47 Ом заңының жалпылама теңдеуі.
- •Осы формула тұйық тізбек үшін Ом заңы деп аталады.
- •57. Вакуумдағы магнит өрісі үшін векторының циркуляциясы.Толық ток заңы Берілген тұйық контур бойымен векторының циркуляциясы деп мына интегралды айтады:
- •88 Атом ядросының құрылысы. Ядро модельдері.
6. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 ж. шыққан “Натурал философияның математикалық негіздері” деген еңбегінде баяндалған. Бұл заң былай тұжырымдалады: кез келген материялық екі бөлшек бір-біріне өздерінің массаларының (m1, m2) көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына (r2) кері пропорционал күшпен (F) тартылады: , мұндағы G — гравитациялық тұрақты. Гравитациялық тұрақтының (G) сан мәнін 1798 ж. ағылшын ғалымы Г. Кавендиш анықтаған.
Айдың Жерді, планеталардың Күнді айнала қозғалуын зерттеу нәтижесінде И. Ньютон ашқан бұл заң табиғаттағы барлық денелерге және олардың барлық бөліктеріне қолданылады. Б. ә. т. з. аспан денелерінің қозғалысы жайындағы ғылым — аспан механикасының іргетасын қалайды. Осы заңның көмегімен аспан денелерінің қозғалу траекториясы есептелінеді және олардың аспан күмбезіндегі орындары алдын ала анықталады. Уран планетасының осы заңға сәйкес есептелінген орбитадан ауытқуы бойынша 1846 ж. Нептун планетасы ашылды. Плутон планетасы да 1930 ж. осындай тәсілмен анықталды. 19 — 20 ғ-ларда бұл заңды алдымен қос жұлдыздарға, сонан соң шалғай орналасқан галактикаларға да пайдалануға болатындығы белгілі болды. Жалпы салыстырмалық теориясының ашылуы (1916) нәтижесінде тартылыс күшінің табиғаты онан әрі айқындала түсті. Шындығында кез келген дене кеңістікте тартылыс өрісін туғызады. Денелердің арасындағы тартылыс күші осы өріс арқылы беріледі. Өте майда бөлшектерден тұратын микродүниедегі (атом, атом ядросы, элементар бөлшектер, т.б.) құбылыстарда Б. ә. т. з-ның әсері сезілмейді. Өйткені онда күшті, әлсіз және электр магниттік өзара әсерлер (қ. Әлсіз өзара әсер, Күшті өзара әсер, Электр магниттік өзара әсер) тәрізді өрістік әсерлер басым болып келеді.
Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады:
мұндағы, G - гравитациялық тұрақты деп аталатын пропорционалдық коэффициент. Бұл күш бір-біріне әсер ететін денелер арқылы өтетін түзудің бойымен бағытталған. Формула шамасы бойынша бір-біріне тең F12 және F21 күштердің сандық мәнін береді. Cуреттегі өзара әсерлесетін денелер біртекті шарлар болса, m1және m2 – шар массалары, r - олардың центрінің ара қашықтығы. Сонымен, шарлар материялық нүктелер ретінде өзара әсерлеседі , ал олардың массалары шар массаларына тең және олардың центрлерінде орналасқан. Гравитациялық тұрақтының сандық мәні, массалары белгілі денелердің бір-біріне тартылатын күшін өлшеу жолымен анықталған. Осындай өлшеу кезінде көп қиыншылықтар кездеседі, өйткені массалары тікелей өлшенетін денелер үшін тартылыс күштері өте-мөте аз болып шығады. Мысалы, әрқайсысының массасы 100 кг, бір-бірінен қашықтығы 1 метр болатын екі дене бір-біріне шамамен 10−6 Н, яғни 10−4 Г күшпен өзара әсер етеді.
