- •1. Материялық нүктенің қозғалысын кинематикалық сипаттау. Жылдамдық және үдеу
- •Жылдамдық
- •Үдеу және оның құраушылары
- •2. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық ж/е үдеу Жылдамдық
- •Үдеу және оның құраушылары
- •3. Қозғалмайтын оське қатысты айналған дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары
- •4. Ньютон заңдары. Масса. Күш Ньютон заңдары Ньютонның бірінші заңы – инерция заңы
- •Ньютонның екінші заңы– материялық нүкте динамикасының негізгі заңы
- •Ньютонның үшінші заңы
- •Күш. Масса
- •5. Механикалық үйкеліс және тартылыс күштері
- •1) Тартылыс күші (гравитациялық күш)
- •6. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
- •7. Механикадағы импульстің сақталу заңы
- •8. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы
- •9. Күш моменті және импульс моменті Күш моменті
- •Импульс моменті
- •10. Қатты дененің инерция моменті
- •11. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі
- •12. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы Энергияның сақталу заңы
- •13. Серпімді деформация. Гук заңы
- •14. Импульс моментінің сақталу заңы
- •15. Ағын сызықтары. Ағын түтігі. Идеал сұйықтықтың станционар ағысы. Үзіліссіздік теңдеуі
- •16. Бернулли теңдеуі
- •17.Механикалық гармоникалық тербелістер. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Механикалық гармониялық тербелістердің дифференциалдық теңдеуі
- •18. Серіппелі маятник
- •19. Математикалық маятник
- •20. Физикалық маятник. Физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы
- •21. Көлденең және бойлық толқындар. Қума толқын теңдеуі
- •22. Термодинамикалық жүйелер және олардың параметрлері: қысым, температура, көлем
- •23. Клапейрон-Менделеев теңдеуі. Мольдік масса, зат мөлшері
- •24. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясының (мкт) негізгі теңдеуі. Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы.
- •26. Барометрлік формула. Больцман үлестірілуі.
- •27. Термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылысы: тұтқырлық (Ньютон заңы).
- •28. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. Диффузия (Фик заңы).
- •29. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. Жылуөткізгіштік (Фурье заңы).
- •30. Газдардың жылусыйымдылықтары. Тұрақты көлем және тұрақты қысым кезіндегі мольдік жылусыйымдылықтар. Майер теңдеуі.
- •31. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жүйенің ішкі энергиясы. Жұмыс және жылу.
- •32. Изопроцестер. Изохоралық, изобаралық және изотермиялық процестер.
- •Изохоралық процес ( )
- •Изобаралық процесс ( )
- •Изотермиялық процесс ( )
- •33. Изопроцестер. Адиабаттық және политроптық процестер.
- •Адиабаталық процесс ( )
- •Политроптық процесс ( )
- •34. Қайтымды және қайтымсыз термодинамикалық процестер. Дөңгелек процестер (циклдер). Жылу машиналары және олардың пәк-і.
- •35. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия және оның қасиеттері.
- •36. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
- •Молекула көлемін ескеру
- •37. Элементар электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.
- •38. Кулон заңы. Электрлік тұрақты. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.
- •39. Электростатикалық өріс. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрістерінің суперпозиция принципі.
- •40. Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны. Гаусс теоремасы.
- •41. Электростатикалық өрісте заряд орын ауыстырғанда істелінетін жұмыс.
- •42. Электростатикалық өріс кернеулігі векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы.
- •43. Электростатикалық өріс потенциалы. Электростатикалық өріс кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.
- •44. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Оқшауланған өткізгіштің электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Оқшауланған өткізгіштің электрлік сыйымдылығы
- •Өзара сыйымдылық. Конденсаторлар
- •45. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.
- •47 Ом заңының жалпылама теңдеуі.
- •Осы формула тұйық тізбек үшін Ом заңы деп аталады.
- •57. Вакуумдағы магнит өрісі үшін векторының циркуляциясы.Толық ток заңы Берілген тұйық контур бойымен векторының циркуляциясы деп мына интегралды айтады:
- •88 Атом ядросының құрылысы. Ядро модельдері.
2. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық ж/е үдеу Жылдамдық
Жылдамдық – нүктенің берілген уақыт мезетінде қозғалыс бағыты мен жол өзгерісін анықтайтын векторлық шама. Жылдамдықтың сан мәні бірлік уақыт ішінде жолдың өзгерісіне тең.
Нүктенің орташа жылдамдық векторы орын ауыстыру радиус-векторының уақыт өзгерісіне қатынасымен анықталады:
Лездік жылдамдық – қозғалыстағы нүктенің уақыт бойынша алыңған радиус-векторының бірінші туындысына тең векторлық шама: .
Жылдамдық векторының бағыты кез келген нүктеде траекториясына жүргізілген жанама бағытымен анықталады. Жылдамдық модулі мынадай өрнекпен анықталады:
Бұл өрнектен жол ұзындығын анықтауға болады:
Бірқалыпты қозғалыс кезінде ( ) жолдың теңдеуі мына түрде жазылады: .
Үдеу және оның құраушылары
Үдеу – материялық нүкте жылдамдығының модуль және бағыт бойынша өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.
Орташа үдеу векторы берілген уақыт ішінде жылдамдық өзгерісінің уақытқа қатынасымен анықталады:
Лездік үдеу –уақыт бойынша жылдамдық векторының бірінші туындысына немесе радиус-векторының уақыт бойынша екінші туындысына тең векторлық шама:
Теңдікті есепке ала отырып үдеу модулін анықтауға болады:
Үдеу тұрақты кездегі ( ) қозғалыс бірқалыпты айнымалы деп аталады (бірқалыпты үдемелі, егер , және бірқалыпты кемімелі, егер ( ). Бірқалыпты айнымалы қозғалыс үшін жолдың және жылдамдықтың өрнектері мына түрде жазылады: ;
Бірқалыпты түзу сызықты үдемелі қозғалыс кезінде векторының бағыт векторының бағытымен сәйкес келеді, ал кемімелі қозғалыс кезінде оған қарама-қарсы болады.
1.3-сурет. Қисықсызықты қозғалыс
Қисық сызықты қозғалыс кезінде (1.3-сур.) векторы, демек векторы, траекторияның ойыс жағына қарай бағытталған болады. Үдеу векторын екі құраушыға жіктейік(1.4сур.): оның бірі векторымен бағыттас болып тангенциалды үдеу ( ) және оған перпендикуляр нормаль үдеу ( ) деп аталады.
1.4-сурет.Үдеудің екі құраушысы
Радиусы шеңбер бойымен бірқалыпты айналу кезіндегі нормаль удеу модулі келесі формуламен анықталады :
Нүктенің толық үдеуінің модулі мынаған тең:
3. Қозғалмайтын оське қатысты айналған дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары
4. Ньютон заңдары. Масса. Күш Ньютон заңдары Ньютонның бірінші заңы – инерция заңы
Егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың тең әсер етушісі нольге тең болса, ол дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалыс күйін сақтап қалады.
Денелердің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтау қабілетін инерттілік деп атайды. Сондықтан бірінші заңды инерция заңы деп те атайды, ал басқа денелер әсер етпеген кездегі дене қозғалысы инерция бойынша қозғалу деп аталады.
Механикалық қозғалыс сипаттамасы таңдап алынған санақ жүйесіне байланысты. Ньютонның бірінші заңы кез-келген жүйеде орындалмайтынын тәжірибе көрсетеді. Ньютонның бірінші заңы орындалатын жүйелер инерциалды санақ жүйелері деп аталады.
