Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khir_otvety-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.04 Кб
Скачать

1 есеп

# 24 жастағы адам, ауырғанынан кейін бір тәуліктен соң жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүрек айнуымен ауруханаға жеткізілді.

Әскерде болғаннан бері өзін аурумын деп есептейді, көктемгі және күзгі мезгілдерде оқтын-оқтын «ашыққанда» эпигастрий аймағында ауру сезімі мазалайтын. Өз бетінше емделіп жүрген. Соңғы ауруының өршуі екі апта бұрын эпигастрий аймағы ауырып бастаған, альмагель қабылдаған соң ауруы басылған. Осыдан екі күн бұрын үлкен дәреті қара май тәрізді болғанын байқаған. Обьективті жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған, пульсі минутына 96 рет, ритмі дұрыс, АҚ 110/70 мм.сн.бағ. Іші кеппеген, пальпация жасағанда эпигастрий аймағы және ішінің оң жағы аздап ауырсынады. Ішек перистальтикасы жақсы, нәжісі қара түсті. Қанында Эр 2,1х10/л, Нв – 95г/л.

  1. диагноз К26.0 Он екі елі ішек ойық жарасы қан кетумен асқынған

  2. Диф диагностика: геморрагиялық гастрит Маллори-Вейсс синдромы, өңеш пен асқазан рагынан қан кету, жедел жара мен асқазан эрозиясы, ДПК қан кету, ВРВ өңеш пен асқазаннан қан кету,

  3. Зерттеу жоспары:

Негізгі: анамнез, физикалды тексеру, ЖҚА, ЖЗА, БХ қан анализі: жалпы белок фракциясы, биллирубин, АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза, холестерин, креатинин, мочевина, қалдық азот, қант деңгейі, ЭКГ, ФГДС, Қан тобы, резус фактор, Коагулограмма: ПТИ, фибриноген, ФА, қан ұю уақыты, МНО.

Қосымша: Биопсия, ИФА тәсілімен онкомаркерлерді анықтау. Хелик-тест, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.

  1. Консервативті ем:

Диета №1а, 1б, 1; Қатаң төсектік режим.

Гемостатикалық терапия: а) инфузионды (аминокапрон қышқылы, викасол); б) жергілікті ( суық басу, мұзды сумен асқазанды шаю) асқазандық гипотермия, асқазанға зонд арқылы адреналин немесе норадреналин ерітінді, аминокапрон қышқылы. В) емдік эндоскопия электрокоагуляция, қантамырды металдық клипсамен тігу, лазерлі коагуляция

Волемиялық бұзылыстардың коррекциясы: а) ЖҚК толтыру (қан және оның компоненттерін құю,-плазма, альбумин, протеин, кристаллоидтар); б) гемодинамиканы тұрақтандыру (жүрек қан тамыр , тыныс алу жүйесін реттейтін заттар) В) метаболикалық ацидозды жуу г) микроциркуляцияны қалпына келтіру (реополиглюкин, трентал)

  1. Оперативті ем: асқазан резекциясы.

Болуы мүмкін асқынулар: Гастродуоденалді қан кету.

Қосымша зерттеулер:

  1. Қан тобын және резус факторды анықтау;

  2. Асқазанды шаюдан соң жедел ФГДС көрсетілген.

Әрі қарай жүргізу тактикасы: Қан кетудің орналасқан жерін анықтау, қан жоғалту дәрежесін бағалау, қан кетуді оперативті емес гемостаз жолымен тоқтатуға тырысу, қан кетудің рецидив беру қаупін бағалау.

Оперативті емге көрсеткіштер:

Жедел операцияға көрсеткіш болып:

Профузды гастродуоденалді қан кету, эндоскопиялық гемостаз мүмкін болмаған жағдайда немесе көмектеспеген жағдайда;

Тұрақсыз гемостаз немесе қан кету рецидиві болған кезде;

Дуоденалді ойық жарадан қан кету кезінде қанап жатқан ойық жараны тігу ваготомиямен және пилоропластикамен немесе асқазан резекциясы жасалынады.

Рекоменд: Гастроэнтеролог бақылауында болу;

Санаторлы жағдайда реабилитациялық ем.

2есеп

Науқас М., 20 жаста, стационарға түспес бұрын оң жақ мықын аймағында ауру сезімі 5 күн бұрын бірінші рет пайда болған. Тексеру барысында дене температурасы 37,6 ºС. Пальпация жасағанда оң жақ мықын аймағында дөңгелек пішіндес, қозғалыссыз, өлшемі 7,0х5,0см, орташа ауырлықтағы түзіліс анықталды. Жалпы қан анализінде Эр 2,4 х 1012/л, Нв – 125 г/л. Лейкоцитттер-18,5х109

  1. Емі: стационар, консервативті: антибактеральды терапия, диета, физикалық жүктемені азайту

  2. Алдын-ала диагноз: Жедел аппендицит, аппендикулярлы инфильтратпен асқынған.К35

  3. Диф: Соқыр ішек ісігі/жартылай ішек өтімсіздігі клиникасын береді/ апп.инф.болмайды; аппендикулярды инфильтрат бақылау кезінде жиі өздігінен жоғалып кетеді, ісік өлшемі кішіреймейді. Ирригоскопия, фиброколоноскопия, КТ, МРТ жасау кк.

  4. Зерттеу жоспары:

  • ЖҚА;

  • ЖЗА;

  • БХа;

  • іш қуысының УДЗ;

  • Ирригоскопия, фиброколоноскопия көрсеткіш бойынша

  1. Консервативті ем:

  • Жартылай төсектік режим;

  • Кең спектрлі антибиотиктер /аминогликозидтер, цефалоспориндер 3-4 ұрпақ, метронидазол/,

  • ішке суық басу,

  • 8-12 тәулік бақылау,

  • Ішперденің тітіркену симптомы оң болған жағдайда операция

  • операциядан соң антибиотиктер, дезинтоксикациялық, инфузионды терапия жасату.

  • Перистальтика жақсарған соң №1 стол;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]