- •О бъективті құрылымды клиникалық емтихан (оқке)
- •Пәндер бойынша меңгерілген практикалық машықтардың тізбесі:
- •Оқке нәтижесін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалау критерийлері
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:
Фтизиатрия (ждп)
Туберкулинді Манту сынамасын жүргізу
Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізде 6-жасар бала ұзақ уақыт жөтеліп (2 аптадан астам), улану белгілері (субфебрилитет, тершеңдік, асқа тәбетінің төмендеуі, жүдеу, ызаланғыштық, әлсіздік және т.с.с.) күшейіп жатқан амбулаториялық ем қабылдап жүр. Осы науқасқа ажырату диагностика мақсатында Манту сынамасын жүргізу қажет.
Іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, муляжда туберкулинді Манту сынамасын жүргізу техникасын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: муляж (қол), туберкулинді еліктетін флакон (0,9% физиологиялық ерітінді), 70% этил спирті, мақта, бірреттік шприц, залалсыздандырылған сулық.
№ |
Критерийлер
|
Дұрыс орындады |
Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
1 |
Қажетті қол муляжін таңдай білді (жұп жылы - оң қолды, тақ жылы - сол қолды). |
1 |
0 |
2 |
Муляжды (қолды) қатты тегіс жерге қойды. |
1 |
0 |
3 |
Туберкулинді флаконның резеңке қалпағын этил спиртіне малынған мақтамен сүртіп, залалсыздандырылған инені сұқты. |
1 |
0 |
4 |
Осы ине арқылы препараттың 0,1 мл (1 дозасын) мөлшерін алды |
1 |
0 |
5 |
Флакондағы қалған инені залалсыздандырыл-ған сулықпен жауып қойды. |
1 |
0 |
6 |
Мақтаны 70% этил спиртіне малып, білектің ортаңғы 1/3 бөлігінің ішкі бетін сүртті және сол жерді құрғатты. |
1 |
0 |
7 |
Шприцтегі ауаны шығарды. Ине ұшының кесіндісін жоғары қаратып, теріге параллель бағытта жоғарғы қабатына енгізді. |
1 |
0 |
8 |
Шприц көмегімен туберкулиннің 1 дозасын (0,1мл) енгізді. |
1 |
0 |
9 |
Туберкулинді дұрыс енгізген жағдайда теріде ақ түсті тығыз көлемі шағын бөртпе түзіледі. |
1 |
0 |
10 |
Бөртпенің нәтижесін өлшеу техникасын көрсете білді. |
1 |
0 |
|
Барлығы: |
10 |
0 |
№9 бекет
Акушерия және гинекология (ждп)
Физиологиялық босануды жүргізу
Интернге қойылған тапсырма: Сіз – отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелі дәрігерісіз. Шалғай ауылдық жерде қайта босанушы әйел босануда. Анамнезінде: жүктілік - 2, босану – 2. Алдыңғы жүктіліктері асқынусыз өткен. Қазіргі жүктілігі қалыпты. Жүктілік мерзімі, болжам салмағы анықталған.
Іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, муляжда шүйдемен жатудың алдыңғы түріндегі босанудың тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: Муляж, білік, секундомер, қолғап, окситоцин ерітіндісінің 10 Б (2 мл), бірреттік шприц, қысқыш, қайшы, 1 % тетрациклин жақпа майы, кіндікке арналған пластиктен жасалынған қысқыш, дәкелік сулық, нәрестеге арналған таразы мен бойөлшегіш.
№ |
Критерийлер
|
Дұрыс орындады |
Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
1 |
Босанушымен танысу
|
1 |
0 |
2 |
Партнердың қатысуын ұсынады, дене температурасын, пульс , АД өлшейді
|
1 |
0 |
3 |
Әйелге өзін ыңғайлы еркін ұстаумен орналасуына көмек береді.
|
1 |
0 |
4 |
Ұрықтың жүрек соғуын босанудың 1 кезеңінің басында - әр 30 минуттан сирек болмау керек, белсенді фазасында - әр 15 минуттан сирек болмау керек. Қынаптық тексеруді босанудың белсенді фазасында 4 сағат сайын жүргізу қажет. Пульсті санау - әр 30 минут сайын. ҚҚ мен дене температурасын -әр 4 сағат сайын өлшеу керек.
|
1 |
0 |
5 |
10 минут ішінде ұзақтығы 20 секундтан кем емес 2-3 толғақ болуы тиісті.
|
1 |
0 |
6 |
Босанудың 2 кезеңінде нәрестенің жүрек соғысын әр 5 минут сайын немесе әр күшенуден кейін тыңдап тұру керек. Баланың туылуы әйелдің өзіне ыңғайлы орналасуымен(арқасына жатқаннан басқа) өтеді. Күшенулер босанушымен реттеледі.
|
1 |
0 |
7 |
Нәресте басының жазықтықтардан жылжуын бақылайды. Күшеншік босанушы әйелдің өзі қадағалайды.
|
1 |
0 |
8 |
Нәрестенің басы туылғаннан кейін, қан кетудің алдын алу мақсатында окситоцин-10 бірлік сан аймағына енгіземіз. Егер кіндік бау оралуы байқалған жағдайда тығыз болса екі қысқыштың арасынан кіндік бауды кесу керек, тығыз емес оралуында кіндік баудың тартылуын босатып келесі күшенуді күтеді. Бала жолдасы жатырдың жиырылғанын сезген сәтте кіндікті ақырындап өзінің тарапына, төмен тартып, бала жолдасы туылады
|
1 |
0 |
9 |
Жаңа туған нәрестені залалсыздандырылған жылы жаялыққа қабылдайды. Қысқыштар арасында кіндік бауын кеседі, содан кейін нәрестені анасының ішіне жатқызады. Нәрестенің көзне 1% тетрациклинді жақпа майы жағылады . Кіндік сақинадан 0,3см жоғары кіндігіне пластикалық қышқыш салынады.
|
1 |
0 |
10 |
Нәрестенің салмағын және бойын барлық жылулықты қорғау ережелерін сақтауымен екінші сағаттың соңында жүргізеді.
|
1 |
0 |
|
Барлығы:
|
10 |
0 |
№10 бекет
