Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE_ba_1171_darlama_7_kurs_kaz.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
833.54 Кб
Скачать

Инфекциялық аурулар (ждп)

Асқазанды жуу әдісі

Интернге қойылған тапсырма: Сізотбасылық дәрігерлік амбулаториядағы жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге жас жігіт қаралуға келесі шағымдармен келді: жүрек айну, құсу, дене қызуының жоғарылауы, іштің ауырсынуы. Аталған шағымдары 2 сағат бұрын базарда сатып алынған қырыққабаты бар бәліш жегеннен соң пайда болған. Мына жағдайда әр кезеңді мәліметтей отырып, асқазан жуу техникасын көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: асқазан жууға арналған муляж, Жане шприці жалғанған асқазан зонды, залалсыздандырылған өсімдік майы, асқазанды жууға керекті мөлшерде қайнаған су, кленкалы алжапқыш, қолғаптар, асқазан ішіндегі зат пен жуынды суын жинап зерттеуге жіберу үшін залалсыздандырылған ыдыс (түтік немесе құты), белсендірілген көмір, шара, сүлгі, сулықтар, маркер.

Критерийлер

Дұрыс орындады

Орында-мады немесе

дұрыс емес орындады

1

Науқаспен сенімді қатынас құрып, емдік шараның жолын түсіндірді. Емдік шараға қарсы көрсеткіштердің жоқ екеніне көз жеткізді. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындады. Қолын жуып, кептірді. Қолғап, алжапқышты киді.

1

0

2

Науқасты дұрыс қалыпқа келтірді:

  • есі жоқ жағдайда – сол бүйірімен жатқызды;

  • есі бар жағдайда – басын және денесін аздап алға еңкейтіп отырғызды.

Науқасқа кленкалы алжапқыш кигізді. Алжапқыштың етегін шараға түсірді.

1

0

3

Кеңсіріктен кіндікке дейінгі аралықты өлшеу арқылы сүңгі енгізу тереңдігін анықтап, белгі қойды. Сүңгінің тұйық ұшын залалсыздандырылған өсімдік майына малыды.

1

0

4

Науқастан аузын ашуын сұрап, сүңгіні тілдің ортаңғы сызық бойымен белгіге дейін енгізді, құсу рефлексін басу үшін терең демалуын ұсынды. Сүңгіні енгізу кезінде науқастың жалпы жағдайына көңіл бөлді (жөтелдін болуы, цианоз).

1

0

5

Сүңгіге Жане шприцін жалғады.

1

0

6

Жане шприцін төмен түсіріп, поршень көмегімен асқазандағы затты шығарды. Шайындыны бактериологиялық зерттеу үшін - залалсыздандырылған түтікке, ал қалған шайындыны жинағыш ыдысқа құйды.

1

0

7

Шприцті асқазан деңгейінен төмен ұстай отырып, қайнаған 35-370 С дейін салқындатылған суға толтырды. Шаюды шайынды су тазарғанға дейін жүргізді.

1

0

8

Жане шприцін сүңгіден ажыратып, баяу қозғалыспен сүңгіні сулық көмегімен алды.

1

0

9

Науқастың аузын шайғызып, науқастың бетін сулықпен құрғатты.

1

0

10

Барлық құрал-жабдықтарды, алжапқыштарды дезинфекциялық ыдысқа салды. Қолғапты шешті, қолын жуып, кептірді.

1

0

Барлығы:

10

0

8 бекет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]