Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE_ba_1171_darlama_7_kurs_kaz.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
833.54 Кб
Скачать

Оқке нәтижесін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалау критерийлері

Баға

Аралығы

1

Өте жақсы

9,0-10,0

2

Жақсы

7,5-8,9

3

Қанағаттанарлық

5,0-7,4

4

Қанағаттанарлықсыз

0-4,9


1 нұсқа

Бекеттер тапсырмалары

Бекет атауы

Бекет тапсырмасы

1

Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)

Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау, коммуникативті дағдылар (Артериялық гипертензия)

2

Ішкі аурулар (ЖДП)

ЭКГ талдау

3

Балалар аурулары (ЖДП)

Жаңа туған нәрестелерде кенеттен өлу синдромы кезіндегі шұғыл көмек

4

Хирургиялық аурулар (ЖДП)

Мұрыннан қан кетуді тоқтату (мұрынның алдыңғы тампонадасы)

5

Психиатрия және наркология (ЖДП)

Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар. Алкогольды делирий

6

Неврология (ЖДП)

Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Бас миының ісігі

7

Инфекциялық аурулар (ЖДП)

Асқазанды жуу әдісі

8

Фтизиатрия (ЖДП)

Туберкулинді Манту сынамасын жүргізу

9

Акушерия және гинекология (ЖДП)

Физиологиялық босануды жүргізу

10

Онкология (ЖДП)

Сүт бездерін скринингтік тексеру

2 нұсқа

Бекеттер тапсырмалары

Бекет атауы

Бекет тапсырмасы

1

Жалпы дәрігерлік практика

(ЖДП)

Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау, коммуникативті дағдылар (Брохтық демікпе)

2

Ішкі аурулар (ЖДП)

ЭКГ тіркеу

3

Балалар аурулары (ЖДП)

Көздегі бөгде затты алып тастау

4

Хирургиялық аурулар (ЖДП)

Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу әдісін көрсету

5

Психиатрия және наркология (ЖДП)

Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар. Қатерлі нейролептикалық синдром

6

Неврология (ЖДП)

Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Бас ми қан айналымының жедел бұзылысы

7

Инфекциялық аурулар (ЖДП)

Науқастан жұлын сұйықтығын алу әдісі

8

Фтизиатрия (ЖДП)

Рентгеносемиотика бойынша туберкулез кезіндегі өзгерістерді сипаттау

9

Акушерия және гинекология (ЖДП)

Гинекологиядағы арнайы тексеру әдістері

10

Онкология (ЖДП)

Тік ішекті саусақпен тексеру

3 нұсқа

Бекеттер тапсырмалары

Бекет атауы

Бекет тапсырмасы

1

Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)

Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау, коммуникативті дағдылар (Қантты диабет)

2

Ішкі аурулар (ЖДП)

Жүрек ұшы түрткісін пальпациялау және жүрек аускультациясы

3

Балалар аурулары (ЖДП)

Антропометриялық зерттеу

4

Хирургиялық аурулар (ЖДП)

Қуық катетеризациясы

5

Психиатрия және наркология (ЖДП)

Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар.Аффективті-сандырақты-галюцинациялық синдром

6

Неврология (ЖДП)

Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Эпилептикалық статус

7

Инфекциялық аурулар (ЖДП)

Аңқа және мұрыннан жағынды алу

8

Фтизиатрия (ЖДП)

Өкпе туберкулезі кезіндегі жедел жағдайлар – өкпеден қан кету

9

Акушерия және гинекология (ЖДП)

Сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жүргізу

10

Онкология (ЖДП)

Жатыр мойнынан цитологиялық зерттеуге жағынды алу

Мемлекеттік Қорытынды Аттестаттауға арналған ОҚКЕ бекеттерінің

СЫЗБАСЫ

Кіру

Шығу

МАК төрағасы

1 БЕКЕТ

Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)

10 БЕКЕТ

Онкология (ЖДП)

2 БЕКЕТ

Ішкі аурулар (ЖДП)

9 БЕКЕТ

Акушерия және гинекология (ЖДП)

3 БЕКЕТ

Балалар аурулары (ЖДП)

8 БЕКЕТ

Фтизиатрия (ЖДП)

4 БЕКЕТ

Хирургиялық аурулар (ЖДП)

7 БЕКЕТ

Инфекциялық аурулар (ЖДП)

5 БЕКЕТ

Психиатрия және наркология (ЖДП)

6 БЕКЕТ

Неврология (ЖДП)

  1. нұсқа

1 бекет

Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)

Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау,

коммуникативті дағдылар (Артериялық гипертензия)

Интернге қойылған тапсырма:

1. Сіз – отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелі дәрігерісіз. Сізге қаралуға анамнезінде артериялық гипертензиясы бар 50 жастағы ер кісі келді. Науқастың бойы, салмағы мен дене қызуы тіркелген. Сіз артериялық қан қысымы мен пульсін өлшеп жазыңыз (ол уақытта пациент отыр).

2. Бұл науқас өзін жақсы сезінеді және дәрі-дәрмек қабылдағысы келмейді. Пациентпен сөйлесіп, оған жоғары артериялық қысымды емдеу керек екенін қысқаша түсіндіріңіз. (Сізге өзіңізді таныстырудың қажеті жоқ, пациентпен қарым-қатынасыңыз өте жақсы деңгейде).

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Керекті жабдықтар: фонендоскоп, тонометр, секундомер.

Критерийлер

Дұрыс орындады

Орында-мады немесе

дұрыс емес орындады

1

Пациентке шынтағын үстелге қоюын және бұлшық еттерін босаңсытуын өтінді.

1

0

2

Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне компессорлы манжетті кигізді.

1

0

3

Пневматикалық ауа жібергіштің көмегімен қысымды тез болжамды систолалық қысымнан жоғарырақ деңгейге көтерді.

1

0

4

Фонендоскопты шынтақтың бүгілген жеріне қойды, бұранданы біртіндеп ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарды. Монометрдің көрсеткіштерін қадағалап отырды.

1

0

5

Артериялық қан қысымының көрсеткіштерін хабарлады (систолалық және диастолалық).

1

0

6

Радиальды пульсті бағалау үшін саусақтарын дұрыс қойды.

1

0

7

Пульсті ең аз дегенде 30 секунд шамасында анықтады.

1

0

8

Пульстің сипаты туралы хабарлады.

1

0

9

Пациенттен дәрі-дәрмектерді қандай себептерге қатысты қабылдағысы келмейтіні туралы сұрады (мысалы, құны, жағымсыз әсерлері, ұмытып кетуі және т.б.).

1

0

10

Дәрі-дәрмектерді қабылдау қажеттігі жайлы түсіндірді.

1

0

Барлығы:

10

0

Стандартталған пациентке нұсқаулық:

Сіз – 50 жастағы ер кісі өзіңіздің отбасылық дәрігеріңізге келдіңіз. Сіздің үйдегі қан қысымыңыз – 150/100 мм сын. бағ. Өзіңізді жақсы сезінесіз және дәрілік препараттарды қабылдағыңыз келмейді. Мейірбике бойыңыз, салмағыңыз және дене қызуыңызды өлшеді. Дәрігер артериялық қысымыңыз бен пульсіңізді анықтап, дәрілік препараттарды қабылдау қажеттігін түсіндіреді.

Диалог:

Дәрігер: «Дәрі-дәрмектер қабылдамауыңыздың себебі неде?»

Пациент: «Мен өзімді өте жақсы сезінемін!»

Дәрігер: «Түсініңіз, егер Сіз бұл препараттарды қабылдамасаңыз инсульт, инфаркт, тырысулар сияқты асқынулар дамуы мүмкін. Нәтижесінде адам не өмірінің соңына дейін мүгедек, не өлімге әкеп соғуы мүмкін. Мен дәрігер ретінде сізге көмектескім келеді, ал қалғаны өзіңіздің қолыңызда.»

Пациент: «Дәрігерлер маған таблеткалар тағайындағаны бар, бірақ мен оларды ішуді ұмытып қала беремін.»

Дәрігер: «Мен Сізге 24 сағат бойы әсер ететін, сол себепті күніне 1-ақ рет, таңертең ғана қабылдайтын дәрі тағайындаймын. Оларды Сіз қабылдауды міндетті түрде ұмытпайсыз. Сіз осы уақытқа дейін қысымға қарсы дәрі-дәрмектер қабылдағансыз ба?»

Пациент: «Иә, қабылдағанмын. Бір-ақ ай. Сосын ем курсын тоқтатқанмын».

Дәрігер: «Қан қысымының жоғарылауында емді кезеңді түрде жүргізуге болмайды! Оған қатаң тыйым салынған! Бұл препараттарды қабылдауды тоқтатқан жағдайда Сіздің қан қысымыңыз көтеріле береді. Сондықтан ем үздіксіз болуы қажет».

Пациент: «Рахмет, дәрігер! Мен Сізді түсіндім! Сіздің ұсыныстарыңызды орындаймын. Сау болыңыз!»

2 бекет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]