- •О бъективті құрылымды клиникалық емтихан (оқке)
- •Пәндер бойынша меңгерілген практикалық машықтардың тізбесі:
- •Оқке нәтижесін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалау критерийлері
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:
Акушерия және гинекология (ждп)
Сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізу
Интернге қойылған тапсырма: іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізуді тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: Муляж, білік, қолғап, см лента, стетоскоп.
№ |
Критерийлер
|
Дұрыс орындады |
Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
1 |
Жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, ішінің пішінін қарау және тексеруді жүргізеді. Сантиметрлі лентамен іш айналымын өлшеп, оның өлшемін көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте іш айналымы 90-95 см тең) |
1 |
0 |
2 |
Содан кейін жатыр түбінің биіктігін өлшейді, бұл үшін сантиметрлі лентаның бір ұшын қасағаға одан жатыр түбіне дейін жеткізіп, бұндағы ұзындығын анықтап көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте ол 32 см тең) Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып жүктіліктің болжамалы мерзімін және ұрықтың болжамалы салмағын Жордания формуласы бойынша анықтайды ( ІА х ЖТБ) |
1 |
0 |
3 |
Леопольд-Левицкий тәсілімен сыртқы акушерлік зерттеу әдісін жүргізу үшін жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, емтихан тапсырушы әйелдің оң жағында орналасады. І-тәсілде жатыр түбінің биіктігін және нәрестенің алғашқы бөлігін анықтайды, бұл үшін оң және сол қолдарының алақандарын жатыр түбіне саусақтарын ұштастырып орналастырады. |
1 |
0 |
4 |
ІІ-тәсілде жатыр түбінде орналасқан қолдарын жатырдың екі бүйіріне қарай жылжытып, осы жерде орналасқан ұрықтың арқасын және майда бөлшектерін , позиция және түрін анықтайды. |
1 |
0 |
5 |
Егер нәрестенің арқасы сол жағында орналасса- бұл бірінші позиция, ал оң жағында орналасса – бұл ІІ позиция. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасса- алдыңғы түрі, ал артқа қарап орналасса- артқы түрі болып орналасады. |
1 |
0 |
6 |
ІІІ-тәсілде нәрестенің алғашқы бөлігін және оның кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтау үшін зерттеуші оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. |
1 |
0 |
7 |
Егер нәрестенің бас бөлігі болатын болса ол тығыз, дөңес, қозғалмалы болып келеді, ал жамбасы болатын болса, ол жазықтау және қозғалмалы емес. |
1 |
0 |
8 |
ІV-тәсілде нәрестенің орналасуын және алғашқы бөлігінің кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтайды. Бұл үшін зерттеуші әйелдің оң жағында орналасып, аяқтарына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді. |
1 |
0 |
9 |
Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау. Нәрестенің позициясына және алдында орналасқан бөлігіне байланысты стетоскопты орналастырады. |
1 |
0 |
10 |
Нәресте басымен орналасуында стетоскопты кіндіктен төмен, ал жамбаспен жатуда кіндіктен жоғарыда орналастыру қажет. І позицияда- стетоскоп әйел ішінің сол жақ бөлігіне, ал ІІ позицияда оң жақ бөлігіне орналастырады. Нәресте жүрек соғысының жиілігін анықтайды, қалыптысы - 110-160 рет/мин, анық, ритмді. |
1 |
0 |
|
Барлығы: |
10 |
0 |
№10 бекет
