- •О бъективті құрылымды клиникалық емтихан (оқке)
- •Пәндер бойынша меңгерілген практикалық машықтардың тізбесі:
- •Оқке нәтижесін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалау критерийлері
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:
Неврология (ждп)
Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Эпилептикалық статус
Дәрігер – интернге қойылған тапсырма:
1.Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұрау.
Волентер - 48-де ер адам өзінің 20 жасар қызы қайталамалы ұстамасы болып есінен жоғалтқынын айтып жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке келді. Бүгін азанда жоғарыда айтылған шағымдары күшейіп жағдайы нашарлаған. Жағдайының нашарлағанына шағымданып дәрігерге қаралуда.
Дәрігер-интерн шағымдарын сұрастырып, осы аурудың тарихын жүргізеді.
2. Шұғыл жағдайға анықтама беру, науқасқа шұғыл жағдайда көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.
Ескерту: науқастың жағдайы жедел болғандықтан, әрекеттерініз шұғыл болуы керек.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әрбір пункт бойынша эпилептикалық статус бар науқасқа шұғыл көмек көрсеткенін және зерттегенін баллмен бағалаңыз.
№
|
Критерийлер
|
Дұрыс орындады |
Орындамады немесе дұрыс емес орындады |
1. |
Шұғыл жағдайға анықтама берді. Эпилептикалық статус – бұл ұстамалардың жиі болуынан пациент бір ұстамадан есін жинамай жатып, екінші ұстаманың болу жағдайы. |
1
|
0
|
2. |
Бір жалпы ұстама немесе бірінен соң бірі болатын ұстамаларды бақылау негізінде эпилептикалық статус диагнозын қою. Эпистатусқа алып келуші диагностикалық критерилерді ажыратты. Критерилер: сананың ұзақ уақыт бұзылуы (30 минуттан – 1 сағ және одан ұзақ ), эпилептикалық талмалардың қайталануы. |
1
|
0
|
3. |
Негізгі этиологиялық факторларды атады: Инфекциялар (менингит энцефалит, бас-ми жарақаттары, уланулар, ісіктер, эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтату, дегенеративті аурулар; балаларда: гипоксиялық – ишемиялық зақымданулар, ми ішілік қан құюлар, гипокальциэмия, гипогликэмия, гипонатриэмия, бас миының ақаулары, туа пайда болған метаболизм бұзылыстары). |
1 |
0 |
4. |
Халықаралық протокол негізінде шұғыл жағдайлардағы көмек жоспарын атады. |
1 |
0 |
5. |
Маска немесе мұрындық канюля көмегімен оттегі беру; тыныс жолдарын жақсарту үшін пациенттің басын дұрыс қою; өкпенің желденуі үшін интубация жасау мәселесін шешу. |
1 |
0 |
6. |
Терапияның басында және кезеңмен өмірге маңызды қызметтерді монторирлеу және бақылау; ЭКГ-мониторинг жүргізу. |
1 |
0 |
7. |
Эпилепсияға қарсы препараттардың қандағы концентрациясын анықтау және қанның басқа да биохимиялық көрсеткіштерін глюкозаны анықтау үшін веналық қанды алу. |
1 |
0 |
8. |
Артериялық қанның газдық көрсеткішін анықтау немесе оксиметрдің көмегімен қанның оттегімен қанығуын анықтау. |
1 |
0 |
9. |
Қандағы немесе гипогликемиядағы глюкозаның деңгейін анықтай алмағанда –тамыр ішіне ересектерге тиаминнің 100мг мөлшерін енгізу; сосын 50мг 5% глюкоза ертіндісі; балаларға бір реттік мөлшерде – 2 мл/кг 25% глюкоза ерітіндісі. |
1 |
0 |
10. |
Лоразепам 0,1мг/кг мөлшерде 2 мг/мин жылдамдықпен енгізу (максималды мөлшері 8 мг) немесе диазепам 0,2 мг/кг мөлшерде 5мг/мин жылдамдықпен тамыр ішіне; 5 мин ішінде ұстамалар тоқтамаса, диазепамды қайта енгізу керек. Диазепам енгізген және лоразепам енгізгеннен кейін ұстамалар жалғаса беретіндерге, барлық пациенттерге 15-20мг/кг фентоинды эквиваленті-фосфофенитоинді 15-20мг/кг мөлшерде тамыр ішіне тағайындау көрсетіледі. Ересектерге 150мг/кг және балаларға 3мг/кг/мин жылдамдықтан жоғарылатпай енгізу керек; Дәрі енгізу кезінде ЭКГ мониторинг және артериалды қан қысымын қадағалау міндетті. Лоразепам енгізгеннен кейін науқастарда ұстама тоқтаса, (баяу минутына 50мг жылдамдықта фенитоин эквивалентін) тамыр ішіне фенитоинді эквивалент-фосфофенитоин 15-20мг/кг мөлшерде енгізу көрсетілген.
|
1 |
0 |
|
Барлығы:
|
10 |
0 |
№7 бекет
