- •О бъективті құрылымды клиникалық емтихан (оқке)
- •Пәндер бойынша меңгерілген практикалық машықтардың тізбесі:
- •Оқке нәтижесін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалау критерийлері
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Бекеттер тапсырмалары
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
- •Ішкі аурулар (ждп)
- •Балалар аурулары (ждп)
- •Хирургиялық аурулар (ждп)
- •Психиатрия және наркология (ждп)
- •Неврология (ждп)
- •Инфекциялық аурулар (ждп)
- •Фтизиатрия (ждп)
- •Акушерия және гинекология (ждп)
- •Онкология (ждп)
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:
Онкология (ждп)
Тік ішекті саусақпен тексеруі
Интернге қойылған тапсырма: 62 жастағы ер адам: жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, бас айналуына, салмағының азаюына, дене қызуына,күніне 2-3 рет сұйық нәжісті іш өтуіне (нәжісі қоспасыз), іштің құрылдауына шағымданған. 4 айдан бері ауырады. Дәрігерге бірінші рет қаралып отыр. Жас кезінде колитпен ауырған, курорттарда емделген. Соңғы 10 жылда ауру күшеймеген. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозғылт, тері серпімділігінің төмендеуі, іш шектеулі кебінген. Сипап қарағанда ауру сезімі бар. Жалпы қан сараптамасында – анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: Муляж
№ |
Критерийлер
|
Дұрыс орындады |
Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
1 |
Наукасқа жүргізілетін тексерудің мәнін түсіндіру |
1 |
0 |
2 |
Тексеру жүргізуге кажетгі құрал-жабдықтардың дайындығы тексеріледі. |
1 |
0 |
3 |
Науқасты тізе-шынтақтық қалыпта орналастыру |
1 |
0 |
4 |
Хирург қолына резина қолғап киіледі. |
1 |
0 |
5 |
Сұқ саусақ вазелин майымен майланады. |
1 |
0 |
6 |
Хирург сұқ саусағын баланың анальдық тесігіне ақырындап енгізеді. |
1 |
0 |
7 |
Ақырындап сұқ саусактың соңғы фалангасымен тік ішектің оң жак кабырғасын барлық бағытта тексеріп, ауырсынуды анықтау. |
1 |
0 |
8 |
Тік ішектің күмбезін тексеру. |
1 |
0 |
9 |
Сұқ саусақпен тік ішектегі паталогиялық түзілістер бар-жоғын тексеру, саусакты тік ішектен шығарып, саусақтағы жабысқан түзілістерді анықтау. |
1 |
0 |
10 |
Содан кейін тексерілу келесі қалыптарда жүргізіледі:
|
1 |
0 |
|
Барлығы: |
10 |
0 |
ІІІ нұсқа
№1 бекет
Жалпы дәрігерлік практика (ждп)
Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау,
коммуникативті дағдылар (Қантты диабет)
Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге 57 жастағы көршіңіз денесінің діріліне, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде анасы қантты диабетпен ауырады. Осы жағдайға байланысты қажетті іс-шара техникасын дауыстап айта отырып, көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Керекті жабдықтар: глюкометр, саусақ тесетін қаламсап, тест сызықшалары, 70 этил спирті, мақта тампондары.
№ |
Критерийлер
|
Дұрыс орындады |
Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
1 |
Қолды сабынмен ысқалап жуды. |
1 |
0 |
2 |
Тәртіпке сай құралды жұмысқа дайындады (30сек. дейін). |
1 |
0 |
3 |
Саусақ тесетін қаламсапты керекті тереңдікке тесетіндей етіп туралады (әдетте ересектерге 7-8 өлшемге дейін), пружинасын тартты. |
1 |
0 |
4 |
Тесетін жерді спиртке малынған мақта тампонымен сүртті. |
1 |
0 |
5 |
Тест сызықшасын алып құралға салды (осы сәтте ол іске қосылуы қажет. |
1 |
0 |
6 |
Саусақты тесті. |
1 |
0 |
7 |
2-3 мм қан тамшысын алғаннан кейін (қан ақпауы тиіс, аққан жағдайда қайта тесу) тест сызықшасының жұмыс аймағын толатындай қанға тигізді. |
1 |
0 |
8 |
Спиртті мақта тампонымен тескен аймақты басты. 1-2 сек соң нәтижесі анықталуы қажет. |
1 |
0 |
9 |
Тест - сызықшасын шығарды. |
1 |
0 |
10 |
Глюкометрді өшірді. |
1 |
0 |
|
Барлығы: |
10 |
0 |
№2 бекет
