Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE_ba_1171_darlama_7_kurs_kaz.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
833.54 Кб
Скачать

Психиатрия және наркология (ждп)

Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар. Қатерлі нейролептикалық синдром

Дәрігер – интернге қойылған тапсырма:

1.Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұрау, галлюцинация белгілерін анықтайтын симптомдарды тексеру.

Ерікті адам (Волонтер) - 45 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке келді.

Психиатр дәрігерде «Шизофренияның жай формасымен» есепте тұрады.Үнемі нейролептиктер қабылдайды:галоперидол, аминозин.Соңғы уақыттарда қолдың дірілдеуі,сілтемелі қозғалуы, афония,жұтынудың бұзылысы,су ішкенде шашалу байқалған. Дене температурасы 38,5-40ᵒС дейін жоғарылаған. Бел-құйымшақ аймағында,шынтағы мен табандарында әр түрлі көлемдегі күлдіреулер (пузырь) шыға бастаған. Науқастың жағдайы ауыр,төсек қалпында,тахикардия ,арасында ритм бұзылысы, артериялық қан қысымының лобильділігі байқалған. Жағдайының нашарлауына байланысты үйге дәрігер шақырылды.

Дәрігер–интерн науқастан шағымдарын сұрап, ауру тарихын жинап, симптомдарды тексереді.

2. Шұғыл жағдайға анықтама беру, қатерлі нейролептикалық синдром анықталған науқасқа шұғыл жағдайда көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.

Ескерту: науқастың жағдайы жедел болғандықтан, әрекеттерініз шұғыл болуы керек.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Критерийлер

Дұрыс орындады

Орында-мады немесе

дұрыс емес орындады

1.

Шұғыл жағдайға анықтама берді, науқасқа тексеру жоспарын құрды.

1

0

2.

Фебрильді шизофренияның дифференциальды диагностикасын жүргізді

1

0

3.

Алкогольді делиримен дифференциалды диагностика жүргізді.

1

0

4.

Жедел алкогольды психозбен дифференциалды диагностика жүргізді

1

0

5.

Жедел реактивті психозбен дифференциалды диагностика жүргізді

1

0

6.

Жүйелі склеродермиямен дифференциалды диагностика жүргізді

1

0

7.

Инфекциалық аурулармен дифференциалды диагностика жүргізді

1

0

8.

Науқасқа шұғыл көмек көрсетудсің жоспарын құрды.

1

0

9.

Емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеді.

1

0

10.

Тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіре білді.

1

0

Барлығы

10

0

6 бекет

Неврология (ждп)

Неврологиядағы шұғыл жағдайлар.

Бас ми қан айналымының жедел бұзылысы

Дәрігер – интернге қойылған тапсырма:

1.Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұрау, жалпымилық және менингиальды симптомдарды тексеру.

Волентер - 48-де ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке жүгініп келді. Кенеттен қатты бас ауру, лоқсу, сол жақ бас қол-аяғының әлсізденуі мен ұюы, сөздің бұрмалануы болған соң, үйде 1 табл/тіл астына каптоприл, 1 табл. аспирин қабылдаған. Жағдайы жақсармаған соң дәрігерге келген.

Дәрігер–интерн науқастан шағымдарын сұрап, ауру тарихын жинап, жалпымилық және менингиалды симптомдарды тексереді.

2. Шұғыл жағдайға анықтама беру, науқасқа бас ми қан айналымының жедел бұзылысы жағдайында көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Критерийлер

Дұрыс орындады

Орында-мады немесе

дұрыс емес орындады

1.

Шұғыл жағдайға анықтама берді,науқасқа тексеру жоспарын құрды. (менингиальды симптомдарды атады).

1

0

2.

Науқасқа біріншілік қарау жүргізіп, шағымы мен ауру анамнезін жинады. Аурудың басталған уақытын анықтап уақытты белгіледі.

1

0

3.

Перифериялық артериядан АҚҚ өлшеп, жүрек ырғағын бағалады. Тыныс қимылын санап тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттердің қатысуын бағалады.

1

0

4.

Көрінетін шырышты қабықтарды, тырнақты, мойын веналарының жағдайын сипаттады. Пульсті, ТАЖ-н санады.

1

0

5.

ЭКГ-ні талдап, интерпретация жүргізді. Анализатор көмегімен қандағы глюкозаны тексерді.

1

0

6.

Неврологиялық статус. Глазго шкаласы бойынша санасын бағалады. Уақытқа, кеңістікке, өз-өзіне, сөйлеуге бағыт бағдарын анықтады. Мимикалық бұлшықеттердің, жұтыну функциясын, қол-аяқтарда бұлшықет күші мен қимыл көлемін, менингеальді белгілерді (шүйде-мойын бұлшықет регидтілігі, Кернинг симптомын) анықтады.

1

0

7.

Инсульт диагностикасы үшін «Бет, қол, сөйлеу» тестін жүргізді. Ол үшін мына 3 тапсырманы орындады.

1. Науқастан тісін көрсетуді, күлуін сұрады. Инсульт кезінде бер ассимметриясы байқалады.

2. Науқастан отырған қалпында екі қолын 90°-та, жатқан қалпында 45°-та 5 сек ұстауын сұрады. Инсульт кезінде бір қолы түсіп кетеді.

3. Науқастан қарапайым сөздерді айтуын сұрайды. Инсульт кезінде анық айта алмайды.

1

0

8.

Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің жоспарын құрды. Емдік әсеріне қарай дәрілерді тағайындады.

1

0

9.

Емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеді. Тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіре білді.

1

0

10.

Жедел жәрдем шақырып науқасты жақын маңдағы инсульт орталығына жіберді.

1

0

Барлығы:

10

0

7 бекет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]