- •1.4 Сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар
- •3. Оқыту міндеті:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет :
- •1 Кесте. 2015 жылдағы (немене кез-келген 2010-2015 жыл аралығындағы) Қазақстан Республикасындағы жжби, аив-инфекциясының, вгв және вгс аурушаңдығы.
- •2. Кесте. 2015 жылы (немене кез-келген 2010-2015 жыл аралығындағы) 100 мың. Тұрғынға шаққанда жжби-сымен ауырған науқастарды жынысы мен жасына қарай бөлу.
- •4. Жжби-сына бейім қауіп-қатер тобына жататындарды атаңыз.
- •Кесте. Ұсыныстардың сенімділігі.
Кесте. Ұсыныстардың сенімділігі.
A — беріліген ем тәсілін қолдауды сенімді дәлелдеу |
Емдеу/тексеру жұмыстары айтарлықтай оң нәтижеге жетуге болатындығы дәлелденген. Күнделікті медициналық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға ұсыныс береді. |
B — беріліген ем тәсілін қолдауды айқын дәлелдеу
|
Емдеу/тексеру жұмыстарының белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін жақсы дәлелдер бар. Ұсыныстарды күнделікті медициналық тәжірибеде қолдануға болады. |
C — беріліген ем тәсілін қолдануды әлсіз дәлелдеу
|
Емдеу/тексеру тәсілдері тиімді болуы мүмкін деген мәліметтер бар, бірақ сонымен қатар бұл тәсілді қолданудың кер жақтары да белгілі. Күнделікті тәжірибеде қолдануға кеңес берілмейді. Медициналық тәжірибеде ұсынылған тәсілді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады. |
D —беріліген ем тәсілінен бас тартуға айқын дәлел
|
Емдеу/тексеру тәсілдерінің әсер жоқ немесе кері әсері басым екендігі дәлелденген. Медициналық тәжірибеде қолдануға тиым салынады. |
E —беріліген ем тәсілінен бас тартуға сенімді дәлел
|
Емдеу/тексеру тәсілдерінің тиімділігі әлсіз, сапасы төмен немесе келіспеушіліктер бар екендігі дәлелденген, пайдасы мен кері әсерінің қатынасы анықталмаған. Медициналық тәжірибеде қолданудың қажеттілігі жоқ. |
Скрининг — медициналық көмекке жүгінгендерді жаппай ЖЖБИ-сына тексерілуді ұсыну.
Ұсынылады:
- барлық тұрғындарды
-белгілі бір топтағы тұрғындарды.
Мысалы,
- АИВ-инфекциясына
- мерезге
- хламидия және гонококк инфекциясына
- жүкті әйелдерді жаппай тексеруден өткізу өз-өзін ақтайды. Бұл жағдайда скрининг жасаудың мақсаты — инфекцияны дер кезінде анықтап құрсақтағы шаранаға берілуден алдын-алу болып табылады.
Жүкті әйелдер арасында скрининг өткізу АИВ, мерез және гепатит В ауруларының құрсақ ішіндегі шаранаға берілуден алдын-алуда жоғары нәтиже беретіндігі дәлелденген . Жүктілік кезінде әйелдерді басқа инфекцияларға: хламидия, гонококк және урогениталды трихомониазға тексеру өте маңызды.
ДДҰ белгілеріне сәйкес емдеу тәсілін жасап шығарды. ДДҰ анықтамасына сәйкес, «белгілі бір клиникалық синдромдарының пайда болуына себепші болатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған, эмпириялық емді» білдіреді. Егер лабораториялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, медицина қызметкерлеріне арналып ЖЖБИ тудыратын негізгі жеті синдромды диагностикалау және емдеуге бағытталған клиникалық алгаритм жасалынған. ЖЖБИ-ны белгілеріне қарай (синдромалды)емдеу және диагноз қоюды пайдаланудың басты шарты - пациенттерді қәуіпсіз жыныстық мінез-құлыққа, жыныс қапты кеңінен қолдануға және жыныстық серіктесін бірге қосылып ем қабылдау керектігін үйрету және кеңес беру болып табылады. Ерлер арасында дизурияның негізгі себебтері хламидия немесе гонококк инфекциясы болжамдалған кезде синдромалды ем жүргізу жоғарғы деңгейдегі нәтиже көрсетті. Сонымен қатар бұл әдісті қолдану ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелеріндегі ойық жараларының мерез немесе шанкроид және ұшықпен байланысы бар-жоғын анықтауда да жоғары нәтиже береді.
№ 8 сұраққа.
Ақпараттандыру жүргізу тәсілдері:
- дәріс немесе сабақ жүргізу,
- газет, радио, теледидар және интернет көмектерімен,
-медициналық мекемелерде таратылатын плакаттар, парақшалар және буклеттер көмегімен,
- мектеп және жұмысшы ұжымдарында бағдарламалар жүргізген кезде.
№ 9 сұраққа
ЖЖБИ-сымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету:
ЖЖБИ-сы қауіптілігін бағалау мақсатында анамнезін зерттеу.
ЖЖБИ-сы қауіптілігін бағалау, аурудың және де өмірінің даму тарихын дұрыс сұрақ жою арқылы жітік тексеру көмегімен жүргізіледі. Медицина қызметкері сұрақ қою барысында пациенттке түсінікті сөздерді қолдануы қажет. Кейбір пациенттер тексеруші дәрігердің жынысы өзімен сәйкес келгенде өздерін сенімді әрі ашық сезінеді. ЖЖБИ/АИВ сұрақтары бойынша анамнезін зерттеу, сараптамалар өткізу, кеңес беру жұмыстары пациенттің өмір сүру салтына, жыныстық серіктесін таңдауына, этникалық және діне қарамастан конфиденциалды әрі шын көңлімен жүргізілу керек.
Қауіптілік дәрежесін қысқаша бағалау мақсатында дәрігер ең алдымен төменде берілген сұрақтарды қоюы қажет: «Менің жұмысыма репродуктивті және жыныстық қатынастағы денсаулығыңызға байланысты сұрақтарды зерттеу кіреді. Сіз қарсы болмасаңыз осы тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақ қойғым келеді. Әрине, осы жерде айтылған әңгіме толығымен құпиялы түрде сақталады».
Кестеде ЖЖБИ-сының қауіптілік дәрежесін қысқаша бағалау мақсатында қойылатын сұрақтар берілген
Қауіптілікті бағалауға арналған сұрақтар |
Қауіп тудыратын шаралар |
Қазіргі таңда жыныстық қатынаста тұрасыз ба? Жоқ болса, бірнеше уақыт бұрын болды ма? Қынаптан өзге оралді және аналді қатынастарды да ескеру қажет. |
Аналды қатынас кезінде қуіптілік деңгейі жоғары болады |
Соңғы жыныстық қатынас қай кезде болды? Бұл қатынас тұрақты жыныстық серіктесіңіз болды ма, әлде кездейсоқ біреу ма? Соңғы екі ай ішінде неше жыныстық серіктесіңіз болды? Өтке жылы нешеуі болды? |
Бірнеше жыныстық серіктестің болуы |
Сізде тұрақты жыныстық серіктесіңіз бар ма? Жыныстық қарым-қатынаста тұрғандарыңызға қанша уақыт болды? |
Кездейсоқ жыныстық серіктес |
Сізді жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекцияға күман тудыратындай кандай белгілер мазалайды? Жыныс мүшесі немесе оның маңайында ойық жараларының пайда болды ма? Жыныс мүше аймағында бөрітпелер пайда болды ма? Дәретсындырған кезде ауру немесе қызу сезімі болады ма? Үрпіден, қынаптан немесе тік ішектен әдетте болмайтын бөлінулер болады ма? Жыныстық қатынас кезінде ауру сезімі болады ма? Бұл белгілер қай уақыттан бері байқалады (қай-қайсысы болса да)? Айтылған белгілер сіздің жыныстық серіктесіңізде кездеседі ме? |
Пациентте немесе оның жыныстық серіктесінде берілген симптомдардың кез-келгенінің кездесуі. |
Соңғы айда антимикробтық препараттар қолдандыңыз ба? |
Берілген симптомдарды емдеу мақсатында антибиотиктерді қолдану. |
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардан, сондай ақ, АИВ инфекциясынан қорғану мақсатында қандай шаралар қолданасыз? |
Алдын-алу шараларын қолданбау. |
Жыныс қапты қолданасыз ба? Қолданатын болсаңыз оны қалай қолданасыз — үнемі әлде кейде ме? Жыныс қапты қолдану шешіміңізге не әсер етеді? |
Жыныс қапты ретсіз қолдану. Жыныстық серіктесінің алкоголге немеше нашаға масаюына байланысты жыныс қап қолданудан бас тартуы.
|
Өткен шақта ЖЖБИ болды ма, қашан және қандай емдеу шаралары жүргізілді? |
Өткен шақта ЖЖБИ болуы. |
Жыныстық зролау немесе қатыгездік құрбаны болдыңыз ба? Болсаңыз - қай кезде және қай тараптан болдыңыз? |
Жыныстық зролау немесе қатыгездік құрбаны. |
Сіз немесе сіздің жыныстық серіктесіңіз наша қолдандыңыз ба, сондай ақ ине арқалы қолданатын нашаларды ше? |
Кез-келген наша түрін қолдану. |
Жыныстық қатынаста тұратын әйелдерге қойылатын қосымша сұрақтар. |
|
Акушер-гинекологқа қаралдыңыз ба? Соңғы рет жатыр мойнының жағындысы қашан зерттелді? |
Акушер-гинекологқа қаралмаған. |
Жүктілік болды ма? Ол жоспарланға немесе жоспартан тыс болды ма? Жүктілік немен аяқталды: түсік, босану немсе қандай жағдайлар? |
Жоспарланбаған жүтіліктің болуы. Анамнезінде түсіктердің болуы.
|
Жүктіліктен сақтану мақсатында қандай шаралар қолданасыз? Сіздің жыныстық серіктесіңіз қандай да бір контрацепция түрін қолданады ма? |
Жоспарланбаған жүтіліктен сақтану мақсатында ешқандай шаралар қолданбау. |
ЖЖБИ анықтау мақсатында сұрақтар қойылған кезде қауіптілік шаралар кездессе, анамназді жітік жыйнау қажет. ЖЖБИ-сының қауіптілік дәрежесін терең бағалау мақсатында қойылатын сұрақтар жиынтығы дерматовенеролог дәрігерлерінің тәжірибелік оқулығы болып табылады, бұл пациенттің жеке қауіптілік факторын дәлірек анықтап, тексеру және кеңес беру, ұсыныс жасауға мүмкіндік беріп
Объективті тексеру
ЖЖБИ-сының лабораториялық диагностикасы
Кеңес беру
Қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты талқылау
Жыныстық серіктесін тексеру барысындағы қиындықтарды анықтап, шешу.
ЖЖБИ-сын айқындау есебі.
Жағдайлық есептер:
1-ші есеп
Тері-венерологиялық диспансерге 22 жастағы ер азамат жыныс мүшесінде «сырылулар» пайда болуы шағымымен қаралды. Анамнезінен: 2 ай бұрын бір рет бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Басқа да бір жыныстық қатынастар мүлдем болмағандығын айтты. Бір ай бұрын жыныс мүшесінің ұшында, беткей қабығында ойық жарасының пайда болғандағын аңғарған. Қарап тексергенде: жыныс мүшесінің ұшында, беткей қабығында ауырмайтын, тырнақ беткейі көлемінде эрозия бар. Эрозия табаны шеміршек тәрізді қатты. Шап лимфа түйіндері ұлғайған. Эрозия бөліділерін тексергенде бозғылт трепонемалар анықталды.
Сіздің диагнозыңыз?
ЖЖБИ қауіптілік дәрежесін қысқаша бағалау мақсатында пациентке қойылатын сұрақтар жиынтағын жасаңыз
Қандай ұйымдастыру шараларын жасау қажет?
2 -ші есеп
Қабылдауға жыныс мүшесінде ауырмайтын эрозия пайда болуы шағымымен науқас қаралды. Анамнезінен бір жыл шамасында осындай бөрітпелердің жиі пайда болатындығы анықталды. Қарап тексергенде: жыныс мүшесінің басында топтасып орналасқан көпіршіктер және шекарасы айқын кескіні тура емес эрозия бар, пальпация жасағанда жұмсақ.
Келтірілген сипаттама қандай ауруға сәйкес келеді?
Қай маман кеңесі қажет?
Аурудан алдын-алу мақсатында қолданылатын шараларды атаңыз?
