Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жас маманмен жұмыс 2015-2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.64 Кб
Скачать

«Жазира» бөбекжай балабақшасы

Жас маманмен жұмыс

«Тәрбиешінің лауазымдық міндеттерімен таныстыру»

Әдіскер : Л.Капшакбаева

«Жазира»бөбекжай балабақшасы

Жас маманмен жұмыс

«Оқу іс-әрекет жоспарларын жасау үлгілері жөнінде нұсқау беру»

Әдіскер :А.Джандыбаева

Оқу іс-әрекетімен – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты балалардың топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен оқу іс-әрекетін өткізу. Бұл формада оқу – тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі оқу іс-әрекетініңартықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында; мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, балалардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын атқаруын ынталандырады; балалар оқу іс-әрекетін тек білім, білік және дағды жүйесін ғана емес, сонымен қатар танымдық қызмет әдістерінің өзін де иемденеді; сабақ педагогикалық қызметтің мазмұны мен әдістері арқылы тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі оқу іс-әрекетін – бәрінен бұрын ол тәрбиеші баланың тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді ойлы және терең иегруіне, онда адамгершілік негіздерді қалыптастыруға бар мүмкіндіктерін пайдаланатын оқу іс-әрекеттері.

Оқу іс-әрекетін қойылатын қазіргі талаптар

Оқу іс-әрекетін құруға қойылатын талаптар:

1.     Оқу іс-әрекетіне бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2.      Оқу іс-әрекетіне құрылымы мен кезеңдердің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы.

3.      Идеялылығы мен ғылымилығы.

4.      Эстетикалық тәрбие, оқу іс-әрекетіне эмоционалдық жақтары.

5.      Жаңа материалдар беру.

6.      Дамыта оқыту принциптерін сақтау.

7.      Өмірмен байланыс.

8.      Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.

9.      Кітаппен жұмыс істеу.

10.  Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11.  Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру.

12.  Балалардың жұмысындағы дербестік.

13.  Балалардың белсенділігі мен бастамашылдығы.

14.  Балаларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15.  Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)

16.  Балалардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

17.  Балалардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18.  Балалар білімінің тереңдігі мен беріктігі.

19.  Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.

20.  Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21.  Оқу іс-әрекетін өткізу қарқыны

22.  Тәрбиешінің педагогикалық тактісі.

23.  Тәрбиешінің сөзі, оның субъективті жетістіктері.

24.  Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25.  Сөздік – фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26.  Байланыс сөзін дамыту, практикалық бағыттылық..

27.  Грамматиканы, лексиканы оқу.

28.  Оқу техникасы.

29.  Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30.  Көркем шығармаларды оқу.

31.  Жазбаша жұмыстар жүйесі.

Оқу іс-әрекетіне балалардан тәртіптілік пен таңдауды талап етеді. Тәртіпті сақтауда оқу материалын қызықты және байыпты мазмұндаудың маңызы зор.

Балабақшадағы оқу іс-әрекетттер қойылатын негізгі талап оқу іс-әрекетін оқытудың жалпы білім беру, тәрбиелеу және дамытушы қызметтерін жүзеге асыру болып табылады. Бұл қызметтер әрбір сабақта белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады. Тәрбиешінің жұмысындағы ең бастысы – сабақтың білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасау.

Оқу іс-әрекетін білімді игеру деңгейлері

-          Қабылдау, пайымдау және есте сақтау деңгейінде;

-          Білімді үлгі бойынша қолдану деңгейінде;

-          Білімді және жаңа жағдаяттарды қолдану деңгейінде.

Қазіргі оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар:

 1.Әрбір оқу іс-әрекетіне білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әр оқу іс-әрекетін оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.

2.Әрбір оқу іс-әрекет дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.

3.Әрбір оқу іс-әрекетін, ең алдымен, оқу іс-әрекетінің тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.

4. Оқу іс-әрекетіне барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.

5. Оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол балалардың сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді.

6.Әрбір оқу іс-әрекетіне балалардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек. Оқыту процесі кез келген оқу іс-әрекетіне тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады.

7.Әрбір оқу іс-әрекетіне өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.

8.Әрбір оқу іс-әрекетіне жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Әрбір оқу іс-әрекетіне жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек.

9.Әрбір оқу іс-әрекетінде техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады.

10.Кез келген пән бойынша әрбір оқу іс-әрекетінде өткен және алдағымен байланысы. Кез келген оқу іс-әрекетіне оқшау қарастырылмай, оқу іс-әрекетіне жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек.

11. Оқу іс-әрекетінің барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Оқу іс-әрекетіне дайындалғанда балалардың 30 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек.

12.Балалардың бүкіл оқу іс-әрекеті бойы оқу – еңбек қамтамасыз ету. Тәрбиеші тәртіпті ұстау үшін әрбір баланың тұлғалық сыйластығына сабақтасатын белгілі бір талап қоя білуі керек.

13. Оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Оқу іс-әрекетіне – спектакль емес, оған көп дайындалғанмен, ол ешқашан репетицияланбайды.

14. Оқу іс-әрекетін кәсіби бағыттылығы. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15.Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Тәрбиеші, үйге тапсырма бере отырып, балалардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Балалардың орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе балалардың өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.

16.Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу. Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін де ескеру керек.

«Жазира»бөбекжай балабақшасы Жас маманмен жұмыс «Жас маманға тәлімгер – тәрбиеші тағайындау. Оқу бағдарламсы бойынша кеңестер беру»

Әдіскер : Л.Капшакбаева

1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі ерте балалық шақ бала өмірінің ерекше кезеңі. Бұл уақытта бала ағзасы тез қарқынмен өсіп, үлкендердің балаға әсер етуі неғұрлым тікелей және ұзақ мерзімде болады. Бір жастағы бала сенсорлық, сөйлеу, манипуляциялық қимыл дағдыларын меңгеруден сенситивті кезеңге өтеді. Сөйлеу белсенділігі қалыптасады. Бала жеке сөздерді анық айта бастайды.

Балалардың заттық іс-әрекеттері дамыған сайын, жаңаша әсерлену жеке тәжірибесі молая түсіп, тыңдау, көру және дене арқылы сезініп, түйсінуі жетіле түседі.

БҰҰ Бас Ассамблясы қабылдаған (1989 г.) ҚР «Баланың құқықтары туралы» Конвенциясына сәйкес баланың білім алуы оның толық мөлшердегі тұлғалық, ақыл-ойының, дарындарының дамуы мен физикалық қабілеттеріне қарай бағытталуы тиіс (29 - бап). Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың Мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің жаңа стандарты 1 жастан 3 жасқа дейінгі баланың бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі арқылы дамуын қарастырады: денсаулық, таным, қатынас, шығармашылық және әлеуметтік орта. Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасының негізі ретінде Мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің жаңа стандарт талаптары еңгізілген (әрі қарай - ҚР МЖМБС). Балаға бейне бір құтыға су құйып, толтырып қана қою мақсат емес, керісінше, 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі кезеңде бала өзін тұлға ретінде сезіне бастаса, оған сол тұлға ретінде қарым -қатынас жасау ләзім. Бұл жаста бала тілді тек меңгеріп қана қоймай, оған деген ерекше сезімталдық танытады. Егер баланың естіп көруіне, сезінуіне, байқап көруі мен емін-еркін козғалуына барлық жағдайлар жасалса, олар барлығын түгел дерлік меңгере алады. «Алғашқы қадам» бағдарламасында қарым-қатынас пен қимыл-қозғалыс белсенділігі бастапқы сипатқа ие. Ал білім беру міндеттері баланың қызығушылығы мен ойын әрекетері, мекетепке дейінгі білім беруді гуманизацияландыру мен психологизацияландыру негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениеті мен дәстүрлерге сүйену негізі мен мектепке дейінгі ұйым мен отбасының тығыз байланысы арқылы іске асырылады. Жаңа ҚР МЖМБС балалардың денсаулығы мен эмоционалдық аман-саулық мәселелерін нақты қоя білді. Осыған байланысты бағдарламада балалардың психологиялық жағдайларының барлық түрлері мен формаларын қамтамасыз етудің міндеттері ұсынылып отыр. Өйткені, дәл осы жерде «бұйырушылық пен ұйымдастырушылықтың» ескірген педагогикалық жағдайларының түрлері жинақталған.

Бағдарламада ұсынылған күн тәртібі «уақытша» тәсілді емес, дербестік пен мазмұндық-тәрбиелік бағыттылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін көздейді. Балалардың ұйымдастырылған әрекеттеріндегі бағдарламалық материал денсаулық, таным, қатынас, шығармашылық және әлеуметтік орта білім беру салаларындағы ерте жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерінің даму есебімен тақырыптарды қайталау барысында күрделендіруді қарастырады. Әр ай сайын күнделікті жаңа білімдері мен дағдыларын бекіту үшін екі-үш рет қайталануы мүмкін.

Бағдарлама мына бөлімдерге бөлінген:

Кіріспе.

Бірініші бөлім:

- күн тәртібінің үлгісі;

- балалар іс-әрекеттерінің апталық белгіленген үлгісі;

- ұйымдастырылған балалар іс-әрекеттерінің түрлері.

Екінші бөлім:

- бес білім беру салалары бойынша тәрбилеу мен оқытудың негізгі мәселелері;

- балалардың ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары.

Үшінші бөлім:

- ерте жастағы балалардың психо-физикалық дамуының сипаттамасы.

Төртінші бөлім:

- дамытушы орта: эколого-гигиеналық жағдайлар;

- педагогтер мен ата-аналар.

Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны мектепке дейінгі ұйым педагогінің алдында тұрған мақсат түрінде берілген. Сондай-ақ, олардың шешілу жолдары тақырыптық үлгіде ұсынылып отыр. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей балабақша жұмысында балалармен сабақтарды күннің бірінші жартысында жүргізу басымдылығы қалыптасқан болатын. Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың «Алғашқы қадам» бағдарламасы балалармен әрекеттің барлық түрлерін күні бойы өткізуге баса назар аударуды ұсынады. Күн тәртібінің әр бөлігінде баланың балабақшада болуының жайлылығын қамтамасыз етуі де қарастырылған. Күн тәртібінің әр бөлігі тәрбиешімен ұйымдастырылып, балалардың жаттығуға және бес білім беру саласында кешенді білім алу мүмкіндігіне қол жеткізуі қажет. Балалардың білім алу әрекетінің эмоционалды жағдайы мен әр баланың жеке ерекшелігі есебінен жүргізілсе, бала оны қажетті және қызықты әрекет ретінде қабылдап, соның нәтижесінде ол неліктен жуыну керектігін, қасық немесе қаламды қалай дұрыс ұстауын, отырғанда немеса тұрғанда денені тік ұстау қажеттілігін ұғынып, белгілі бір әрекеттердің не үшін, не себепті қолданып жатқанын түсінеді.Сонымен қатар, отбасылық тәрбие беру сабақтастығын, иекемділігі мен мерзімділігін сақтаған абзал.

Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы мазмұнын жүзеге әдістемелік нұсқаулар мен дидактикалық материалдарды сәтті қолдану арқылы асыруы мүмкін.