Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

Руна әліпбиі[өңдеу]

Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған. Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен.

2. Қазақстан коммунистік халық партия (ҚКХП) — Қазақстандағы саяси партия. Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылдың 21 маусымында партия мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1,98 % дауыс жинады. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап, Парламентке өте алмады.

Тарихы[өңдеу]

Партия Қазақстан коммунистік партиясының бөлшектенуі себепті пайда болды. Партияны құру идеясы ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы С. Ә. Әбділдин келіспеушіліктер себепті құрамынан шыққан Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 12 мүшесіне тиесілі. Бөлінуге мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасыновтың ҚКП хатшысы болып тағайындалуы себеп болды. ҚКП-дан ҚКХП-ға 15 мың адамдай өтті. КНПК Құрылтай сьезі 2004 жылы сәуірде, 2004 жылы 21 маусымда Қазақстанның Әділет министрлігінде тіркелді.

Идеологиясы[өңдеу]

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қызметінің мақсаты - ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми социализм принциптерінің негізінде шынайы халықтық билікке, әлеуметтік әділеттік, жан-жақты руханилық, бостандық пен гүлденген экономикаға қарай алға басу. Осындай қоғамның түпқазығы өз қабілеттерін дамыту және көрсету, сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін толық азаматтық құқықтар мен жан-жақты мүмкіндіктерге иеленетін адам болуға тиіс.

Құрылымы

ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады.

Рәміздері[өңдеу]

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өз рәмізі: партия съезі бекіткен жалауы мен эмблемасы бар. Жалау: жалау енінің ұзындығына арақатынасы 1:2 болатын қызыл түсті мата. Жалау матасының жоғары бөлігінде жалау ұзындығынан сабына дейінгі 1/4 қашықтықта В. И. Лениннің кескіндеме бейнесі бейнеленген. Жалау матасының жоғары бөлігін бойлай қазақ және орыс тілдерінде: «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «Коммунистическая Народная партия Казахстана» деген жазу бар.

3. Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап — 25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны[өңдеу]

  • Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады.

  • Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде оқыған.

  • Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған.

  • 1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.

  • 1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді

  • Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды.

  • 1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

  • 1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды

  • 1921 — 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды.

  • 1923 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады.

  • 1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.

  • 1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары

  • 1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары

  • 1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.АспандияровҚ.Жұбанов,Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.

14

1. Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7 – 4 ғасырлар) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дәуіріндегі бақташы тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Бұлардың қалыптасуына өндіргіш күштердің сол заманға сай дәрежеде мықтап өсуі себепші болды, ал өндіргіш күштер халықтың жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығына көшуіне, қола металлургиясының дамуына, темір өңдеудің жаңа әдістерін игеруге байланысты өсті. Мал жайылымдарын тиімді пайдаланып, оларды жеке ру-тайпалық топтарға бөліп берудің экономикалық қажеттігі, сондай-ақ өзінің малы мен жайылымдықтарын қорғауға ұмтылу туыстас тайпаларды тайпалық одақтарға бірігуге мәжбүр етті. Жеке отбасылық меншіктің ұлғаюы негізінде мүліктік теңсіздік күшейіп, әскери ақсүйектер тобы бөлініп шықты. Олар экономикалық және әскери жағынан неғұрлым күшті тайпалық одақтарды біріктіруші күш болды. Біртұтас одаққа кірген тайпалар мәдени-шаруашылық жағынан өзара жақындаса түсті, соның нәтижесінде материалдық және рухани мәдениеттің бүкіл тайпалық одақ үшін ортақ үлгілері жасалды.

Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ассирия деректемелерінде сақтар туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 641 – 640 жылдары айтылады. Ал Заратуштраның “Авеста” жинағында бұлар “турлар” деп аталған. Ежелгі грек тарихшысы Геродот және басқа да көне заман тарихшылары оларды “Азияскифтері” дейді. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына байланысты айтылған. Ахемен әулеті кезеңіндегі сына жазуларында олардың үш тобы туралы сөз болады: хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиграхауда сақтар (шашақ бөрікті сақтар), парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар). Алғашқы екі топ туралы Геродот та айтады, бұларды ол амюргия сақтар және ортакарибантия сақтар деп атаған. Бірқатар зерттеушілердің пікіріне сенсек, тиграхауда (көне деректерде массагеттер) мен хаумаварга сақтардың солт-тегі шекарасы Қазақстанның оңтүстік аймақтарын, батыста Арал-Каспий алабынан, шығыста Жоңғар Алатауына дейінгі жерлерді қамтыса, парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде қоныс тепкен.