- •Мәдениеті[өңдеу] Олдувайлық мәдениет[өңдеу]
- •Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер[өңдеу]
- •2 Билет
- •1 Мезолит[өңдеу]
- •Мәдениеті
- •Неолит[өңдеу]
- •Мәдениеті[өңдеу]
- •2. Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы - Елбасының көрегендігі, ҚазҰу профессоры с. Төлеуханов
- •Терминнің шығу тарихы[өңдеу]
- •3. Билет
- •Демография
- •Қала мәдениеті
- •2. Қазақстанның геосаяси жағдайы[өңдеу]
- •Себептері
- •1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері[өңдеу]
- •Көшпеліліктің шығу тегі
- •Көшпеліліктің эволюциясы
- •2. Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.[өңдеу]
- •Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі[өңдеу]
- •Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі[өңдеу]
- •1. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі[өңдеу]
- •Руна әліпбиі[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Идеологиясы[өңдеу]
- •Құрылымы
- •Рәміздері[өңдеу]
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •2. Көтерілістің шығу себебі
- •Өмірбаяны
- •1. Ақ Орда мемлекеті[өңдеу]
- •Әбілхайыр хан мемлекеті[өңдеу]
- •Этномемлекеттік шекараларының өсуі[өңдеу]
- •2. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
- •Мәметова Мәншүк
- •Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)
- •Нұркен Әбдіров
- •Қасым Аманжолов
- •Ізғұтты Айтықов
- •Талғат Бигелдинов
- •Сағадат Нұрмағамбетов
- •Асан қайғы[өңдеу]
- •Қазтуған Сүйінішұлы[өңдеу]
- •Сыпыра жырау[өңдеу]
- •Шалкиіз жырау[өңдеу]
- •2. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі[өңдеу]
- •Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
- •2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
- •И.В.Панфилов
- •Бауыржан Момышұлы
- •Мәлік Ғабдуллин
- •Рамазан Елебаев
- •Төлеген Тоқтаров
- •1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
- •Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
- •Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
- •Жасы үлкендерге құрмет көрсету
- •Тамырлық әдет-ғұрпы
- •2. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты[өңдеу]
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері[өңдеу]
- •1. Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы[өңдеу]
- •Қазақстан Ресейге қосылу кезеңдері[өңдеу]
- •2. «Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •2. Ғани Мұратбаев
- •1. Әскери-казактық отарлау
- •Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері[өңдеу]
- •Қоныс аударудың бірінші кезеңі[өңдеу]
- •Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу]
- •Оныс аударудың үшінші кезеңі[өңдеу]
2. Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.[өңдеу]
Одақтың құрылуы Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар одағының құрылуына тікелей байланысты болған. 1917 жылы тамызда Ресейдің социал-демократиялық партиясының Петроградта өткен 6 съезінде жастардың коммунистік ұйымын құру туралы мәселе қаралып, қаулы қабылданды. Сол қаулыға байланысты 1918 жылы қазанда Мәскеуде жастардың Бүкілресейлік 1 съезі шақырылып, осы жиында БЛКЖО құрылған. Съезде Жастар одағының бағдарламасы мен Жарғысы қабылданады. Жастар одағы коммунистік партияның тікелей көмекшісі болып, оның жұмысымен тығыз байланыста болды.
Қазақстан Жастар одағы азамат соғысы қызып тұрған кезде әрбір қалада құрылып жатты. Жастар ұйымының негізгі ұялары болған темір жол бойында 5-тен 10 адамға дейін жұмыс істейтін кішігірім зауыт, фабрикалар құрыла бастаған. Сырдария мен Жетісу облыстарында 1920 жылы қаңтарда Коммунистік Жастар одағы құрылған. 1920 жылы қаңтарда Түркістан комсомолының съезін өткізеді. Ғ. Мұратбаев съезде Орталық Комитет мүшелігіне сайланған. Ол жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып бекітіледі.
Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі[өңдеу]
Қазақстанда құрылған Жастар одағы Кеңес өкіметін орнату жолында ауыл мен қыстақты, селолар мен станцияларды аралап, сауатсыздықты жою үшін қызыл отау, театр, клуб сияқты мәдени ошақтарын ашып, аянбай жұмыстар жүргізді. Комсомол жастар жоғары оқу орындарын, техникумдарды, фабрика-зауыт сияқты арнаулы училищелерді бітіріп, ұлттық кадрлардың қатарын толықтырады. 1930 жылдары 650 мыңға жуық комсомол мүшелері сауатсыздықты жоюға ат салысқан. 1937 жылы Социалистік құрылыста осындай еңбек етіп, ерлік көрсеткендері үшін облыстық ұйымнан Қазақстанның республикалақ ЛКЖО ұйымына айналды.
Қазақстанның ЛКЖО Отан соғысы жылдарында өзінің 250 мыңға жуық мүшелерін Отанда қорғауға аттандырған. Олардың 94-і Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атаққа ие болған. Оның ішінде Шығыс қыздары арасынан қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовалар тұңғыш рет Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болды.
Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі[өңдеу]
Қазақстанның Ленин атындағы пионер бүкілодақтық коммунистік тәрбиенің алғашқы мектебі. Ұйым 10 мен 15 жас аралығындағы оқушыларды қабылдайды. Бұл ұйым 1922 жылы 19 маусымда партияның басшылығымен және БЛКЖО жетекшілігімен құрылған.
3. Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
13.
1. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі[өңдеу]
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіңдер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.
