Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

2. Қазақстанның геосаяси жағдайы[өңдеу]

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау,саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды.Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға ҰлыбританияАҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

  • АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

  • Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

  • 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан,Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

3.

6. 6 – билет

1 Орыстандыру — патшалық Ресей империясы мен Кеңес Одағындағы халықтарды ана тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен, ұлттық болмысынан айырып, орыс ұлтына сіңіру, ассимиляциялау бағытында жүргізілген саясат. Ресей империясында орыстандыру шоқындыру ісімен тығыз байланыста жүргізілді. Отарланған аймақтардың халықтарын православиеге көшіруде патша өкіметі бастапқы кезде күш те қолданды. 16 ғасырда жауланған Қазан, Сібір және Астрахан хандықтарының халқын орыстандыру барысында билік орындары жергілікті мешіттер мен ислами білім беру орындарын өзіне қаратуға тырысты. Күш қолдану нәтижесінде Сібір мен Орал өңірі халықтарының көпшілігі христиандықты қабылдауга мәжбүр болды, шоқынган татарлар, марийлер, мордвалар қауымдары қалыптасты. Орыстандыруды күштеп жүргізу халық наразылығын өршіте түсетіндіктен патша өкіметі 19 ғасырдан жаңа әдіс қолдана бастады. Осы ретте 1865 жылы«Православие миссионерлік қоғамы» құрылып, оның басты мақсаты ретінде Ресей империясында өзге ұлттарды шоқындыру және олардың арасында христиандық өмір салтын нығайта түсу екендігі белгіленді. Бұл қоғам құрылғаннан кейінгі 15 жыл ішінде бүкіл империя көлемінде 86 мың, ал 1881-94 жылдары аралығында 129 мың адам православиеге өтті. Қазақ халқын орыстандыру үшін1895 жылы«Қырғыз православиелік миссионерлік қоғамы» құрылып, 20 ғасырдың басында Семей облысында - 5, Ақмола облысында - 3 жергілікті бөлімшесі ашылды. Орыстандыру жер мәселесімен де тығыз байланыстырылды. Мәселен генерал- губернатор Е.Колпаковский ішкі Ресейден келген орыс шаруаларын қазақтармен аралас қоныстандыруға ерекше мән берді. Христиан дінін қабылдап, орыстанған қазақтарға орыс мұжықтарына берілетін жеңілдіктерді жасауға тырысты. Билік орындарыньщ шенеуніктері отар аймақтардың халықтарын орыстандыруды нәтижелі жүргізу үшін миссионер ғалымдардан «бұратаналардың» дінін, тілін, әдебиетін, әдет-ғұрпын, тарихын, этнографиясын, психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты терең танып меңгеруді басты шарт ретінде талап етті. Мәселен 1881 жылы Ташкентте ашылғанШығыстану қоғамы алдында Шығыс халықтарын орыстандыру міндеті тұрғанын Түркістан әскери округі басшысы генерал Мациевский баса ескерткен. «Бұратана» халықтарды орыстандыру жолындағы патша өкіметінің айла-әрекеттерінің бірі - мұсылман халықтарының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб әліпбиі негізіндегі жазуын қолданыстан шығару болды. Араб әліпбиін мұсылман халықтарының қолдануынан қалайда ығыстырып, оньщ орнына кириллицаны енгізуді жүзеге асыруда Н.И.Ильминский белсенділік танытты.

2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдыменРесей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

3. Контрибуция (лат. contributio — всеобщий вкладобщественный сбор средств) — платежи, налагаемые на проигравшее государство в пользу государства-победителя.

Во время войны оплачивается населением занятой территории, по окончанию войны — правительством побеждённой страны, и может называться в литературевоенной контрибуцией.

7

1. Ертедегі және дамыған ортағасырлық мемлекеттер кезіндегі халықтар мен тайпалардың мәдениеті (6 – 13 ғасырлардың басы). Орта ғ-лардағы тарихи және геогр. әдебиеттерде Оңт., Оңт.-Шығыс және Орт. Қазақстанда, Талас, Қырғыз, Іле және Жоңғар Алатауларының бөктерлерінде, Қаратаудың күнгей және теріскей беттерінде, Сырдария, Арыс, Шу, Талас, Сарысу, Кеңгір, т.б. өзендердің аңғарларында егіншіліктің, қала құрылысы мен сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамығаны айтылады. 6 – 13 ғ-дың басында қалалардың пайда болу, даму тарихын археол. деректер де растауда. Қазба жұмыстарының барысында қалалардың терең тамырлы материалдық мәдениет дәстүрлері болғаны анықталды. Ол дәстүрлер Қаңлы мен Үйсін заманындағы ежелгі егіншілік қоныстардан бастау алады. 6 – 7 ғ-ларда феод. қатынастардың нығаюына байланысты экон. өрлеу басталды. Саяси және экон. орталықтар бірте-бірте қалаларға айнала бастады. Ортағасыр қалалары үш бөлікке бөлінеді: 1) Цитадель – қаланың ішкі бекіністі бөлігі; билеуші ордасы орналасқан; 2) Шахристанда (Шаһристан) цитадель төңірегіндегі ақсүйектер мен саудагерлер және оларға қызмет етушілердің тұрғын үйлері орналасты. Ол қаланың экон. орт. болды. Шахристан әдетте мұнара, кіретін қақпалары бар дуалдармен қоршалған. Оның айналасында қолөнершілер мен кедейлер қоныстанған рабат орналасқан. Кейінгі кезеңдерде рабаттар да дуалмен қоршалды. Археол. қазбалардан жинаған материалдар қалаларда қол өнерінің қалай дамып, қандай дәрежеге жеткендігін шамалауға мүмкіндік береді. Орта ғ-ларда қыштан ыдыс жасау ерекше дамыды. Көзе, саптаяқ, табақша, дастархан, құм түрлері көптеп жасалды. Қала тұрмысында тоқыма, әйнек үрлеу, зергерлік, ұсталық, ағашты және сүйекті бедерлеп ою жоғары дәрежеге жеткен. Әйнек бұйымдар жасау өндірісі кең өріс алған. Ежелгі Тараз, Отырар, Ақтөбе, Талғар, т.б. қ-ларда әйнек әзірленген. Металдан шырағдан мен оның тұғыры, ағаш соқа түрені, орақ, кетпен, қару-жарақ (найза, садақ жебесі, т.б.) ұста аспаптары (балға, төс, қысқаш, т.б.) сияқты бұйымдар жасалған. Сүйек пен мүйізден бойтұмар, пышақ сабы, ойын сүйектері, түймелер, т.б. ұсақ-түйек бұйымдар дайындалды. Бұл кезеңде егіншілік шаруашылықтың жетекші салаларының біріне айналды. Егіншілікпен ауыл ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары да шұғылданды. Қазақстандағы елді мекендер мен қала тұрғындары егіншілікпен, бақ және жүзім ш-мен шұғылданғаны туралы жазба деректерде көп айтылады. 6 – 7 ғ-ларда Қазақстан халқының көпшілігі жартылай көшпелі және көшпелі тұрмыс кешті.

2. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.