- •Мәдениеті[өңдеу] Олдувайлық мәдениет[өңдеу]
- •Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер[өңдеу]
- •2 Билет
- •1 Мезолит[өңдеу]
- •Мәдениеті
- •Неолит[өңдеу]
- •Мәдениеті[өңдеу]
- •2. Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы - Елбасының көрегендігі, ҚазҰу профессоры с. Төлеуханов
- •Терминнің шығу тарихы[өңдеу]
- •3. Билет
- •Демография
- •Қала мәдениеті
- •2. Қазақстанның геосаяси жағдайы[өңдеу]
- •Себептері
- •1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері[өңдеу]
- •Көшпеліліктің шығу тегі
- •Көшпеліліктің эволюциясы
- •2. Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.[өңдеу]
- •Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі[өңдеу]
- •Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі[өңдеу]
- •1. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі[өңдеу]
- •Руна әліпбиі[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Идеологиясы[өңдеу]
- •Құрылымы
- •Рәміздері[өңдеу]
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •2. Көтерілістің шығу себебі
- •Өмірбаяны
- •1. Ақ Орда мемлекеті[өңдеу]
- •Әбілхайыр хан мемлекеті[өңдеу]
- •Этномемлекеттік шекараларының өсуі[өңдеу]
- •2. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
- •Мәметова Мәншүк
- •Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)
- •Нұркен Әбдіров
- •Қасым Аманжолов
- •Ізғұтты Айтықов
- •Талғат Бигелдинов
- •Сағадат Нұрмағамбетов
- •Асан қайғы[өңдеу]
- •Қазтуған Сүйінішұлы[өңдеу]
- •Сыпыра жырау[өңдеу]
- •Шалкиіз жырау[өңдеу]
- •2. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі[өңдеу]
- •Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
- •2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
- •И.В.Панфилов
- •Бауыржан Момышұлы
- •Мәлік Ғабдуллин
- •Рамазан Елебаев
- •Төлеген Тоқтаров
- •1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
- •Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
- •Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
- •Жасы үлкендерге құрмет көрсету
- •Тамырлық әдет-ғұрпы
- •2. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты[өңдеу]
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері[өңдеу]
- •1. Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы[өңдеу]
- •Қазақстан Ресейге қосылу кезеңдері[өңдеу]
- •2. «Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •2. Ғани Мұратбаев
- •1. Әскери-казактық отарлау
- •Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері[өңдеу]
- •Қоныс аударудың бірінші кезеңі[өңдеу]
- •Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу]
- •Оныс аударудың үшінші кезеңі[өңдеу]
Терминнің шығу тарихы[өңдеу]
Термин 18-19 ғасырларда Франция қылмыстық заңнамасында жер аударудың ерекше түрін атауда қолданылған. Алғаш рет Гвианада саяси сенімсіз адамдарға қолданылып, 1791 жылы күдіктілерге арналған заңға тіркелді.
3. Билет
Энеолит дәуіріне тән мәдениет.
Тәуелсіз Қазақстан экономикасына тән нарықтық экономика ерекшеліктері.
Демография ұғымына түсінік бер.
1. Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық АзиядағыАнау мен Намазғы-Төбеhttp://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BD%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%82&action=edit мәдениеті, УкраинадағыТриполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды. Әдеб.: Массон В.М., Хлопин И.Н., Неолит и энеолит, в сб.: Средняя Азия в эпоху камня и бронзы, М.–Л., 1966. Д. Байғонақов.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды. Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.
Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Сәулетшілерді бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар қызықтырған. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі - 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады. Қайта тұрғызу сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың үстіне ежелгі Ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін анықтады. Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайды тұрақты түрде күтім жасағандықтан, адамдарға қапталған сыртының беріктігіне қарай тұруға қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспорта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды. Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыра- тын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса, разы етпеді. 3. Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
