Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

2. Ғани Мұратбаев

Ғ.Мұратбаев «Жас алаш» жастар газетін алғаш шығарушылардың бірі. Кейін ол газет «Жас қайрат» деген атпен шықты. 1922 жылдыңқыркүйегінен Ғ.Мұратбаев осы мерзімдік басылымдардың редакторы болды. Ұзамай Ғани РЛКЖО (Ресей Лениншіл коммунистік жастар одағы) ОК-нің мүшесі болып және КЖИ (Коммунистік жастар интернационалы) атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Алайда өкпеауруы жалынды жастың өмірін ерте қиды. 1925 жылы 15 сәуірде ол қайтыс болғанда, «Правда» газеті мынадай қазанама жариялаған: «...Мұратбаев жолдас Одақтағы аса көрнекті қызметкер, Кеңестік Шығыстағы революцияшыл жастардың аса талапты өкілі еді. ...Мұратбаев жолдас ірі масштабтағы комсомол қызметкері. КЖИ-де ол Шығыс бөлімін басқарды. Алайда 1924 жылдың күзінде басталған ауру оны бізден және комсомол жұмысынан алып кетті...» (РЛКЖО Орталық Комитеті. «Правда», 1925, 17 сәуір).

РСДР(б)П-ның 1917 жылдың тамызында Петроградта өткен VI съезінде жұмысшы жастардың коммунистік ұйымын құру мәселесі қаралды. Ал Қазақстан аумағында бұләрекет азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында басталған болатын. 1918 жылы алғашқы комсомол ұясы дүниеге келді. Комсомолды ұйымдастырушылар Б.Атуев, Х.Чурин, Қ.Сахыбалиев, Ғ.Сұлтанов, Е.Сереченко, М.Кұжбанов, Н.Оперштейн, М.Шығаев, т.б. болды.

1918 жылдың 29 қазанында Мәскеуде Жұмысшы және шаруа жастарының I Бүкілресейлік съезі ашылды. Комсомол тарихы осы кезден басталады.

Комсомол ұйымының негізіне мына төмендегі қағидалар жатқызылды:

  1. Одақ Ресей коммунистік партиясымен тығыз байланыста;

  2. Коммунизм идеяларын насихаттауда, сондай-ақ Жұмысшы мен шаруа жастарын Кеңестік Ресейдің іргетасын бекітуде белсенділік көрсетуге үндеу;

  3. Одақ өзін РК(б)П жетекшілігіндегі дербес ұйым деп есептейді.

2. Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», – деп қабылдамай қояды.

30 – билет

1.Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.

2.Тәуелсіз ҚР дүниежүзінің тануы.

3.С.Сәдуақасов туралы мәлімет бер.