- •Мәдениеті[өңдеу] Олдувайлық мәдениет[өңдеу]
- •Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер[өңдеу]
- •2 Билет
- •1 Мезолит[өңдеу]
- •Мәдениеті
- •Неолит[өңдеу]
- •Мәдениеті[өңдеу]
- •2. Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы - Елбасының көрегендігі, ҚазҰу профессоры с. Төлеуханов
- •Терминнің шығу тарихы[өңдеу]
- •3. Билет
- •Демография
- •Қала мәдениеті
- •2. Қазақстанның геосаяси жағдайы[өңдеу]
- •Себептері
- •1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері[өңдеу]
- •Көшпеліліктің шығу тегі
- •Көшпеліліктің эволюциясы
- •2. Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.[өңдеу]
- •Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі[өңдеу]
- •Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі[өңдеу]
- •1. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі[өңдеу]
- •Руна әліпбиі[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Идеологиясы[өңдеу]
- •Құрылымы
- •Рәміздері[өңдеу]
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •2. Көтерілістің шығу себебі
- •Өмірбаяны
- •1. Ақ Орда мемлекеті[өңдеу]
- •Әбілхайыр хан мемлекеті[өңдеу]
- •Этномемлекеттік шекараларының өсуі[өңдеу]
- •2. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
- •Мәметова Мәншүк
- •Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)
- •Нұркен Әбдіров
- •Қасым Аманжолов
- •Ізғұтты Айтықов
- •Талғат Бигелдинов
- •Сағадат Нұрмағамбетов
- •Асан қайғы[өңдеу]
- •Қазтуған Сүйінішұлы[өңдеу]
- •Сыпыра жырау[өңдеу]
- •Шалкиіз жырау[өңдеу]
- •2. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі[өңдеу]
- •Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
- •2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
- •И.В.Панфилов
- •Бауыржан Момышұлы
- •Мәлік Ғабдуллин
- •Рамазан Елебаев
- •Төлеген Тоқтаров
- •1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
- •Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
- •Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
- •Жасы үлкендерге құрмет көрсету
- •Тамырлық әдет-ғұрпы
- •2. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты[өңдеу]
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері[өңдеу]
- •1. Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы[өңдеу]
- •Қазақстан Ресейге қосылу кезеңдері[өңдеу]
- •2. «Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •2. Ғани Мұратбаев
- •1. Әскери-казактық отарлау
- •Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері[өңдеу]
- •Қоныс аударудың бірінші кезеңі[өңдеу]
- •Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу]
- •Оныс аударудың үшінші кезеңі[өңдеу]
2 Билет
1. Орта, жаңа тас дәуіріне тән мәдениет.
2 .Қазақстан - 2050.стратегиялық бағдарламасында көрсетілген мәселелерге тоқтал.
3. Депортация ұғымын түсінік бер.
1 Мезолит[өңдеу]
Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.
Мәдениеті
Мезолиттік материалды мәдениеттің айырықшылықтары осындай болды. Ол кейбір палеолиттік техникалық жөне технологиялық әдістердің одан әрі дамуымен және өзгеруімен, сондай-ақ, мезолитте пайда болған жаңа құралдар түрлерін жасау әдістерінің таралуымен сипатталады.
Экономиканың негізі болып аңшылық қала береді (бұнда өткен уақытпен екі арадағы үлкен сабақтастық жатқаны күмәнсіз). Бірақ, оның сипаты тез өзгеріп отырады, өйткені соңғы палеолитпен салыстырғанда адамның өзінің қоршаған ортаға бейімделу әдісі де өзгереді. Соңғы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығымен қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады. Палеолиттегі кең таралған тәсіл - аңды қамап ұстау сақталады, бірақ оның тек эпизодтық формасы ғана қалады.
Неолит[өңдеу]
Неолит кезеңінің басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техникасының гүлденген кезі. Еңбек құралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бұрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.
Мәдениеті[өңдеу]
Осы неолит дәуірінде болашақтағы жаңа деңгейдегі мәдениеттің, яғни дамыған қола дәуірі қоғамының бастапқы алғы шарттары немесе негіздері құрылды.
Әдебиетте ежелгі тайпалар шаруашылығындағы осы кезеңдегі түбірлі өзгеріс «неолиттік революция» деген атақ алды. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ол адамның өзінің қол астындағы азықтың сенімді және бай көздерін пайдалануына керемет мүмкіндіктерді бере отырып, оның тарапынан тек күш салуды ғана талап ететін мүмкіндікті ашты.
2. Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы - Елбасының көрегендігі, ҚазҰу профессоры с. Төлеуханов
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан тәуелсіздігінің 21 жылдық мерей тойы қарсаңында, жаңа ғана есігін айқара ашқан Астананың Опера балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауын жариялады.
Жолдау жайлы өз пікірімен ҚазАқпаратпен әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі б,ғ,д профессор Сұлтан Төлеуханов бөлісті.
«Қадірлі отандастар!» деп бастады өзінің жолдауын. Тәуелсіз ел болып өмір сүре бастаған 21 жылда ғасырға татитын тарихи жолдан өттік. Осы мерзімде ұлан ғайыр табыстарға жеттік. Оған дәлел: ата заңымызды қабылдадық, дербес даму жолын таптық, жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа белеске шықтық. Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған ұзақ мерзімді стратегия 2030 бізге даму жолымызды "маяк" тәрізді көрсетті. Халқымызда көз қорқақ - қол батыр деген ұлағатты сөз бар. Сол бағдарламада межелеген 7 бағытты толық орындадық. Ең бастысы ұлттық қауіпсіздігімізді қорғай отырып, мыңдаған шақырымдық еліміздің шекарасын анықтап дербес мемлекеттік қауіпсіздігімізді сақтап отырмыз. Саяси тұрақтылықты сақтау үшін Халықтар достығы ассамблеясын құрып еліміздегі тұрақтылық ұлтаралық татулықты дамыттық. Экономикамыз өркендеп, дүние жүзіндегі алдынғы қатардағы 144 елдердің ішінен 50-ші орынға ендік. Алтын-валюта қорымыз 87 миллярдқа жетіп халықтың табысы 16 есеге көтерілді. Денсаулық сақтауға, ғылым мен білімге 9 жарым есе қаржы бөліп 240 мектеп, 708 аурухана салдық. Халықаралық стандартпен білім беретін Назарбаев Университетін ашып, жастарымызға білім бере бастадық. Қортып айтар болсақ ұзақ мерзімге бағытталған 2030 стратегиялық бағдарлама толығымен, мерзімнен бұрын орындалды. Осының бәрі соңғы 20 жылда жеткен жетістіктеріміз. Біз осы жетістіктермен шектеліп қоймай одан әрі даму жолдарын жоспарлауымыз керек.Сондықтан ұлтымыздың дамуының жаңа саяси бағыты 2050 стратегиясын дайындадық. Бұл бағдарламаны дайындауға өзіміз бен қоса дұние жұзілік алдыңғы қатарлы елдердің сараптау мамандары қатысып жасаған 2 жылдық еңбегі. Бұл жолдау басқа жолдаулардан өзгеше. Біздін алдымызда жаңа міндеттер тұр. ХХІ ғасырда жаңа глобалды жағдайлар туындалып келеді. Оның ішінде кең ауқымды экономиканың батыстан шығысқа яғни орталық Азия континенттеріне ауысуы. Дүние жүзінде халықтың саны өсуде 2050 жылы 9 миллиардқа жетеді осындай халықты азық-түлікпен қамтамассыз ету мәселесі қалай болады, табиғи ресурстар қоры азайып барады. Әлеуметтік жағдай оның ішінде тұрақсыздық, жұмыссыздық дүние жүзілік дағдарыстың жаңа қауіпті толқынын туындала бастады. Осы мәселелер бізді де қатты толғандырады. Осыған орай, келе жатқан дағдарысқа қарсы тұра алатын, одан шығу жолдарын кәзірден бастап ойлануымыз керек. Осы ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарлама соған арналып жасалғандығы Елбасының көрегендігі. Стратегияда көрсетілген бағыттардың ішінде заманауи технологияны меңгерген кадрларды дайындау, жастарға сапалы білім беру ең басымды бағыт, себебі мемлекетімізді дамытудың басты қозғаушы күші жастар деп айтқаны білім-ғылым саласында еңбек етіп жүрген профессорлар мен оқытушыларға арналып айтылған міндет деп білеміз. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауының соңында қазақстандық патротизмді дамытуды, насихаттауды ұлтаралық татулықты, көпұлттылықты көпконфессиялықты әрбір этнос өзінің дәстүрін тілін сақтай отырып, ұлттық тілдің дамуына ат салысуы керек деді. Елбасы «XXI ғасыр - Қазақстанның алтын ғасыры, біздің ұрпақтарымыз алтын ғасырда өмір сүреді» деп өзінің бағдарламасын аяқтады. Осындай даналық көрегендік ойлары алдыңғы қатарлардағы аға буын ретінде казіргі таңдағы орта буынға одан кейінгі жас буынға, болашақ ұрпақтарымызға үлкен өсиет болатынына кәміл сенемін», - дейді С.Төлеуханов.
3. Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
