Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

Бауыржан Момышұлы

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы

Үлгі:Әскери қайраткер Бауыржан Момышұлы- 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Ол 1921 жылы Әулиетадағы Аса интернатына оқуға түседі. Үшінші сыныпта Шымкенттің жетіжылдық мектебіне ауыстырылады. 1928 жыл мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтуға мәжбүр болады. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. Қызыл Армия қатарына 1932 жылы шақыртылып, қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді

Мәлік Ғабдуллин

Үлгі:Infobox Biography

Мәлік Ғабдуллин – 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қойсалған ауылында дүниеге келген. Жазушы, ғалым, қоғам қайраткері. Филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ҒА-ның академигі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ педагогика институтын бітірген. Ғылыми шығармашылық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдан қатысқан. Ғалымның соғыстағы ерлігі Б.Полевойдың «Правда» газетінде жарияланған «Эпостың тууы» мақаласында баяндалған. 

Рамазан Елебаев

Рамазан Елебаев – 1910 жылы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылында дүниеге келген. Сазгер. 1928-1929 жж. Орынбор қаласында жұмысшылар факультетінде оқыған. 1930 жылы Алматыда құрылған Қазақ атты әскер полкінде әскери борышын өтеді. Осы полктің маршына айналған «Жолдастар» әнін шығарған. 1931 жылы қазақ драма театрының актері болды. 1933 жылы қысқа мерзімде сақшылар курсын бітіріп, Лепсі шекара күзетіне қызметке жіберіледі. 1934 жылы Алматы медицина институтына оқуға түседі. 1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық төл мерекесіне арнап «Қазақстан», 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне арнап «Қуанышты жолсапар» әндерін жазады.

Төлеген Тоқтаров

Еліміздің еркіндігін, ар намысын қорғаған ержүрек перзенттеріміздің бірі – Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы, Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті сыныптық білім алады. Кішкентай кезінен қиындық қыспағын көріп, ол өте пысық әрі өжет болып өседі. 

3.

21 – билет

1.Қазақ халқының әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі.

2. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты.

3. Приватизация.

1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын:«Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».

Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».