Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекарашылар ұшырады. Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы оның тегеуірініне төтеп берді. Буг өзеніндегі Брест қамалын қорғаушылар теңдесі жоқ ерлік, қайтпас қайсарлық, жеңіске деген асқан зор ерік-жігер көрсетті, олардың арасында КСРО-ның 30-дан астам ұлттары мен ұлыстарының өкілдері болды.

Тирасполь мұнарасы маңында лейтенант Алексей Наганов взводының жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Қамалды қорғаушы қазақстандықтар В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, 204-гаубица артиллериялық полкінің комсомол ұйымдастырушысы Ш.Шолтыров және басқа көптеген адамдар қаһармандық пен батылдық көрсетті.

Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-атқыштар полкінің солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 жылғы маусымның 24-де Литваның Шяуляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Ораниенбаум алғы шебінде жау шабуылына табандылықпен тойтарыс берді. Дивизия комиссары, Оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі, Ертіс өңірінің даңқты перзенті Евгений Павлович Рыков Полтава облысының Шумейково тоғайында болған өліспей беріспейтін ұрыста ерлікпен қаза тапты.

Аса үлкен тас тұғырға мынандай сөздер қашап жазылған: « Бұл алапта майдан қолбасшысы, генерал-полковник М.П.Кирпонос, Әскери Кеңес мүшесі, Украина КП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Бурмистенко, дивизия комиссары Е.П.Рыков және майданның штаб бастығы генерал-майор В.И.Тупиков басқарған Оңтүстік-Батыс майданның 800 жауынгері 1941 жылғы қыркүйектің 20-сында неміс-фашист басқыншыларының басым күштерімен шайқасқа түсті. Даңқты жауынгерлер үш тәулік бойы күш тең болмаған ұрыс жүргізіп, Отан алдындағы қасиетті борышын ақырына дейін орындап, бәрі дерлік қаза тапты». Қазақстандық комиссарды есте қалдыру үшін Украина астанасында өте әдемі көшелердің бірі соның есімімен аталып, ескерткіш тақта орнатылған. Жанқиярлық ерлігіне ризалық білдірген жерлестері Қатонқарағай орта мектебін Е.П.Рыковтың есімімен атады.

И.В.Панфилов

Кеңес Қарулы Күштері орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып, төтеп берді, күш жинап, жауды Мәскеу түбінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты. Мұнда генерал-майор И.В.Панфилов және полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Дивизия жауынгерлері жаудың танк бөлімдерінің құтырынған тегеурініне қаһармандықпен тойтарыс берді. 1941 жылғы қарашаның 16-сында Дубосеково разъезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік мәшинесін жойып, оны шығысқа жібермеген 1075- атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының өшпес ерлігі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочков бүкіл майданды шарлап кеткен: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу»,– деген жалынды сөздер айтты. Қазанның 26-нан қарашаның 18-іне дейін 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауға қарсы батыл да ерлікпен шайқасты. Қарашаның 18-інде дивизия командирі, чапаевшы ержүрек генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Жауынгерлер оның есімін қастерлеп, өздерін мақтанышпен «панфиловшылар» деп атады.