- •Мәдениеті[өңдеу] Олдувайлық мәдениет[өңдеу]
- •Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер[өңдеу]
- •2 Билет
- •1 Мезолит[өңдеу]
- •Мәдениеті
- •Неолит[өңдеу]
- •Мәдениеті[өңдеу]
- •2. Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы - Елбасының көрегендігі, ҚазҰу профессоры с. Төлеуханов
- •Терминнің шығу тарихы[өңдеу]
- •3. Билет
- •Демография
- •Қала мәдениеті
- •2. Қазақстанның геосаяси жағдайы[өңдеу]
- •Себептері
- •1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері[өңдеу]
- •Көшпеліліктің шығу тегі
- •Көшпеліліктің эволюциясы
- •2. Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.[өңдеу]
- •Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі[өңдеу]
- •Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі[өңдеу]
- •1. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі[өңдеу]
- •Руна әліпбиі[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Идеологиясы[өңдеу]
- •Құрылымы
- •Рәміздері[өңдеу]
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •2. Көтерілістің шығу себебі
- •Өмірбаяны
- •1. Ақ Орда мемлекеті[өңдеу]
- •Әбілхайыр хан мемлекеті[өңдеу]
- •Этномемлекеттік шекараларының өсуі[өңдеу]
- •2. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
- •Мәметова Мәншүк
- •Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)
- •Нұркен Әбдіров
- •Қасым Аманжолов
- •Ізғұтты Айтықов
- •Талғат Бигелдинов
- •Сағадат Нұрмағамбетов
- •Асан қайғы[өңдеу]
- •Қазтуған Сүйінішұлы[өңдеу]
- •Сыпыра жырау[өңдеу]
- •Шалкиіз жырау[өңдеу]
- •2. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі[өңдеу]
- •Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
- •2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
- •И.В.Панфилов
- •Бауыржан Момышұлы
- •Мәлік Ғабдуллин
- •Рамазан Елебаев
- •Төлеген Тоқтаров
- •1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
- •Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
- •Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
- •Жасы үлкендерге құрмет көрсету
- •Тамырлық әдет-ғұрпы
- •2. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты[өңдеу]
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері[өңдеу]
- •1. Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы[өңдеу]
- •Қазақстан Ресейге қосылу кезеңдері[өңдеу]
- •2. «Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •2. Ғани Мұратбаев
- •1. Әскери-казактық отарлау
- •Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері[өңдеу]
- •Қоныс аударудың бірінші кезеңі[өңдеу]
- •Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу]
- •Оныс аударудың үшінші кезеңі[өңдеу]
Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді.Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді.
3. Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Модерниза́ция (от англ. modern — современный, передовой, обновлённый) — это:
Обновление объекта, приведение его в соответствие с новыми требованиями и нормами, техническими условиями, показателями качества. Модернизируются в основном машины, оборудование, технологические процессы (например,модернизация компьютера).
20.
1. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны «Қайырғали Жалаири» деп көрсетеді. Бұл тарихи тұлғаның аты-жөнінің соңына оның қай мекеннен екенін білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша алынған. Бірақ мұнда ғұламаның туған жері емес, тайпасының аты көрсетілген. Оның шыққан тегі Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның «Жалайри» аталуы осыдан. Тарихи шығармаларда оның есімін Қыдырғали, Қыдырәли, Қадырғали деп құбылтып атай береді. Туған жері - Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен айналысқан. Шығай ханның баласы «Ұзын оқты» атанған Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң, оның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, өзіне қараған елмен Сібірдің Көшім ханының қол астына көшіп кетеді. Онда Қадырғалидың білімділігіне, ақыл-парасатына риза болған Көшім хан оны Төбе би етіп сайлайды, өзінің ақылгөй кеңесшісі етеді. Бірақ ол онда ұзақ бола алмайды, кейін Сібір кінәзі Сейдектің ықпалымен, онымен бірігіп, Көшім ханға қарсы шығады. Сөйтіп ол енді Ораз-Мұхаммедпен бірігіп, Сейдектің мәртебесін көтереді. Осында жүргенде оларды Сібір воеводасы Д.Чулков алдап тұтқынға түсіреді. Қадырғалиды Ораз-Мұхаммедпен бірге Мәскеуге жөнелтеді. Кейін шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз-Мұхаммедке Ока бойындағы Қасым хандығынан иелігіне жер бөліп береді. 1600 жылы орыстың жаңа патшасы Борис Годунов оны Қасым хандығының ханы етіп қояды. Қадырғали оның төрт биінің бірі болып тағайындалады. Ол осында ғылыммен шындап айналысады. Ана тілімен бірге араб, парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең зерттейді. Соның нәтижесінде ол Орта Азияның сол кездегі атақты ғұламаларының деңгейіне көтеріледі. Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды. Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті профессор М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғысөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды», - дейді.
