Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

Ізғұтты Айтықов

Сурет:Айтықов.jpg

Ізғұтты Айтықов

Батальонның комсомол ұйымдастырушысы, Сталинград қорғанысының батыры, екі Даңқ орденінің иегері Ізғұтты Айтықовқа жауынгерлік борышын үлгілі орындаған үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қойгелді Аухадиев Кеңес Одағының Батыры атанды. Ол ұрыс кезінде фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін « Фердинанд» зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген 3 автомәшинесін жойды. Днепрден алғашқылардың бірі болып өтіп, қарсы шабуылға шыққан дұшпанның жолын бөгеді. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры болды.

Талғат Бигелдинов

Үлгі:Infobox Biography

Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, әуе мен жерде оннан астам ұшақтарды, көптеген танктерді, ұрыс техникасының басқа да түрлерін және бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке, Леонид Игнатьевич Бедаға, Иван Фомич Павловқа, сондай-ақ жеке өзі ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы да 6 ұшағын атып түсірген Сергей Данилович Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңестік шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: 100 қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. Олардың екеуі де жүзден астам оккупанттарды жойып, шайқас үстінде қаза тапты.

Сағадат Нұрмағамбетов

Сурет:Sagadat Nurmagambetov.jpg

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов

Кеңес Одағының Батыры Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Съянов, Х.Қайдауов, З.Тұрарбеков, Х.Көбеков, Т.Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және басқа да көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті. Орал өңірінің жас офицерлері К.Мәденов пен Р.Қараманов 1008- атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тікті. Берлинге шабуыл жасауға «Қазақстан комсомолы» танк тізбегінің 3 танкісі қатысты. Қазақстанда құрылған көптеген құрамалар мен бөлімдер жаппай ерлік көрсетіп, жауынгерлік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Кеңес Одағының ордендерімен марапатталды. Жау тылындағы партизан қозғалысы кеңес халқының өз мемлекеттік тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауға әзірлігінің жарқын көрінісі болды. Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Олардың қатарында Қасым Қайсенов, Ж.Ағаәділова, Е.Воробьева, П.Семенова, Н.В.Зебницкий, Ф.Ф.Озмитель, Д.Әбдірайымов, Г.Ахмедияров, Ә.Шәріпов, У.Оразбаев, В.Шаруди, Ж.Саин, Ж.Нәметов, Т.Жұмабаев, Ж.Савельев және басқалар болды.

3. Жеті жарғы[өңдеу]

1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).

6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

19.

1. Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:

  1. Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.

  2. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).

  3. Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — ҚазтуғанАсан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (14651560 жылдары), Жиембет жырау,Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (16751768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (17061778 жылдары), Бұқар жырау (16931787жылдары), Шал ақын (17481778 жылдары), Жанақ ақын (17701856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.

XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.

Қорқыт Ата

Толық мақаласы: Қорқыт Ата

Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулиеақынжыраусазгерқобызшы болған. Қорқыт туралыаңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.