Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

Мәметова Мәншүк

Үлгі:Infobox Biography

Мәметова Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы — 1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және өз тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен 1943 жылы қазанның 16-ында қаза тапты. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүктің атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр

Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)

Полковник Ғани Бекенұлы Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомәшинесін жойды. Сталинград шайқасының от-жалынында 29 және Алматының 38-атқыштар дивизияларының даңқы шықты. Олардың екеуі де бір күнде -1943 жылғы наурыздың 1-інде 72-және 73-гвардиялық дивизияларға айналды. Дивизия жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына аттап бастырмай, танкілер мен өздігінен жүретін зеңбіректерді жөндейтін зауыттың толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Шайқаста көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін ол «Сталинград дивизиясы» деген құрметті атақ алды. Томск артиллерия училищесінің түлегі, қазақстандық М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор зауытының кіре берісін қорғау кезінде өшпес ерлік жасады. Олар 1942 жылғы тамыздың 23-інде күші тең емес ұрыста фашистердің 11 танкісін жайратты. Батареяның 36 зенитшісі қаза тапты, бірақ бір адым да шегінбеді.

Нұркен Әбдіров

Кенді Қарағандының өкілі, ұшқыш Нұркен Әбдіров 1942 жылғы желтоқсанның 19-ында Боковская- Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты.

Қасым Аманжолов

220px

«Павлов үйі» гарнизонының ерлігі –мызғымас халық достығының айғағы болды. Батырлардың осы интернационалдық тобының бір мүшесі Оңтүстік Қазақстаннан барған жауынгер Толыбай Мырзаев еді. Жауынгер Қасым Аманжолов жау оғынан құлап бара жатып,билетін қолынан тастамай қыса түсті. Ол оның туы еді, ол сол тумен шайқасқа кіріп, қаза тапты деп серіктері жазды. Волга бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин өшпес ерлік жасады. Оларға қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкі 7-ротасының жауынгерлік құрамының көпшілігі болған қазақтар көшелерде ерлікпен шайқас жүргізді. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградтың бір көшесі «Қазақ» көшесі деп аталды. 300 фашистің тегеурініне 11 қаһарман төтеп берді. Олардың ішінде лениногорлік комсомол Кәміл Хаузин бар еді. Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың он бір батырының төбесі» деп аталды. Дон мен Волга жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қазақстандық подполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосып, гитлерлік Германияның және бүкіл фашистік мемлекеттер одағының сөзсіз жеңілісін жақындата түсті. Қатарында қазақстандықтар да болған кеңестік патриот жауынгерлер Ұлы Отан соғысының тарихына талай қаһармандық беттер қосты. Жоғары әскери белгілер беріліп, Кеңес Одағының Батыры атағын алған 500-ге жуық қазақстандықтарды республикамыз мақтаныш етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Ақоба ауылының бұрынғы малшысы, бірінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, батальон комиссары Х.Халиуллин 1942 жылы май айының аяғында Харьков облысындағы Протопоповка ауылының маңында ұрыс жүргізген 79-шекара полкінің әскери комиссары болды. Ауыл төрт рет қолдан қолға өтіп, оны қорғаушылардың көпшілігі қаза тапты.