Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есжан тар ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.2 Кб
Скачать

Этномемлекеттік шекараларының өсуі[өңдеу]

Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалаларқосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (ШуТаласҚаратал,Іле өлкелері) қарады.

Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаcы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарыменЕділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялыққатынас орнатты.

Тәуке хан және Жеті жарғы[өңдеу]

Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.

Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті.

Ол қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.

Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңесінің» рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбедеүш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстарарасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле биҚазыбек биӘйтеке билер алдында шешілетін болды.

2. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

Үлгі:Infobox Biography Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 ж. 15 маусымда (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.