- •Мәдениеті[өңдеу] Олдувайлық мәдениет[өңдеу]
- •Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер[өңдеу]
- •2 Билет
- •1 Мезолит[өңдеу]
- •Мәдениеті
- •Неолит[өңдеу]
- •Мәдениеті[өңдеу]
- •2. Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы - Елбасының көрегендігі, ҚазҰу профессоры с. Төлеуханов
- •Терминнің шығу тарихы[өңдеу]
- •3. Билет
- •Демография
- •Қала мәдениеті
- •2. Қазақстанның геосаяси жағдайы[өңдеу]
- •Себептері
- •1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері[өңдеу]
- •Көшпеліліктің шығу тегі
- •Көшпеліліктің эволюциясы
- •2. Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.[өңдеу]
- •Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі[өңдеу]
- •Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі[өңдеу]
- •1. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі[өңдеу]
- •Руна әліпбиі[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Идеологиясы[өңдеу]
- •Құрылымы
- •Рәміздері[өңдеу]
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •2. Көтерілістің шығу себебі
- •Өмірбаяны
- •1. Ақ Орда мемлекеті[өңдеу]
- •Әбілхайыр хан мемлекеті[өңдеу]
- •Этномемлекеттік шекараларының өсуі[өңдеу]
- •2. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
- •Мәметова Мәншүк
- •Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)
- •Нұркен Әбдіров
- •Қасым Аманжолов
- •Ізғұтты Айтықов
- •Талғат Бигелдинов
- •Сағадат Нұрмағамбетов
- •Асан қайғы[өңдеу]
- •Қазтуған Сүйінішұлы[өңдеу]
- •Сыпыра жырау[өңдеу]
- •Шалкиіз жырау[өңдеу]
- •2. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі[өңдеу]
- •Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
- •2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
- •И.В.Панфилов
- •Бауыржан Момышұлы
- •Мәлік Ғабдуллин
- •Рамазан Елебаев
- •Төлеген Тоқтаров
- •1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
- •Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
- •Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
- •Жасы үлкендерге құрмет көрсету
- •Тамырлық әдет-ғұрпы
- •2. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты[өңдеу]
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері[өңдеу]
- •1. Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы[өңдеу]
- •Қазақстан Ресейге қосылу кезеңдері[өңдеу]
- •2. «Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •2. Ғани Мұратбаев
- •1. Әскери-казактық отарлау
- •Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері[өңдеу]
- •Қоныс аударудың бірінші кезеңі[өңдеу]
- •Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу]
- •Оныс аударудың үшінші кезеңі[өңдеу]
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
15
1. Ақ Орда мемлекеті[өңдеу]
XIII ғасырдың ортасынан бастап Алтын Орданың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында — Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгіаумағын құрады.
Түркі және түркіленіп кеткен жергілікті шонжарлардың саяси- экономикалық жағдайының нығаюы нәтижесінде, Ақ Орда XIV ғасырдың ортасында Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты. Ақ Ордада Жошының баласы Орда Ежен әулеті билік құрды.
Шығыс Дешті Қыпшақ, Солтүстік-Шығыс Жетісу, Ертіс өңірі алғашқыда Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұлысына қарады және Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз,Тобыл, Сарысу өзендері бойындағы иеліктер, Арал өңірі далалары, Сырдарияның төменгі ағысы Жошының басқа баласы — Шайбани ұлысы құрамына еніп, Ақ Орда деп аталынды.
Осылайша, XIV ғасырда Жетісудан басқа Шағатай мемлекетінің құрамына енген барлық аумақ іс жүзінде Ақ Орда құрамында- болды. Орталығы — Сығанақта орналасты. Ақ Орданы Орыс хан (1361—1376/77 жылдары), оның баласы Барақ (1423—1428 жылдары) билеген жылдарда Шығыс Дешті Қыпшақтағы қуатты мемлекетке айналды.
Ақ Орда — монғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этностық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Онда қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген халықтардан басқа наймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар, т.б. мекендеді.
Әбілхайыр хан мемлекеті[өңдеу]
Әбілхайыр хан мемлекеті (1428—1468 жылдапы). XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орда мемлекетінің ыдырауы барысында Қазақстанның далалық бөлігіндеӘбілхайыр хан мемлекеті құрылды. Ақ Ордадағы билік Жошы ханның басқа ұлы Шайбани әулетіне көшті. Әулеттің бірінші ханы Әбілхайыр болды. Әбілхайыр ШығысДешті-Қыпшақ аумағына енген Батыс Сібірдегі қазіргі Түмен қаласы еңірінде хан болып сайланды. Мемлекеттің шекарасын кеңейту мақсатында ол бытыраңқы Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлыстарды бағындыруға кірісті. Әбілхайыр Қажы-Тархан (Астрахан) ауданында Тока-Темір әулеті билеушілерін жеңіп, астанасын Орда-Базарға көшіреді.
Әбілхайырдың ендігі бағыты — оңтүстік пен оңтүстік-шығысты бағындыру еді. Әбілхайыр хан өзінен бұрынғы Барақ хан сияқты Ақ Орданың экономикалық жағынан анағұрлым қуатты ауданын басып алуға ұмтылды. 1446 жылы ол аса ірі жеңістерге жетті. Қаратау алқабы мен Сырдария жағалауындағы Созақ, Сығанақ, Аркек, Аққорған,Үзкент сияқты қамалды қалаларды қосып алды. Сөйтіп, үшінші рет өз орталығын Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанаққа көшірді.
2. Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. 3.
16
1. Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.
Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.[1]
XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.
Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.
Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.
2. Тың игеру жолындағы күреске Қазақстан бекшілері белсене кірісті. Құлазыған кең даланың тыңын игеру жөніндегі партия шешімін, тұтас алғанда Қазақстандықтар зор шабытпен мақұлдап қарсы алды. Миллиондаған гектар жерді игеріп, ен далаға жүздеген жаңа поселкеле, совхоз орталықтарын салу, тың өңіріне келген жүздеген мың жаңа қоныстаушыларды лайықты түрде қарсы алып, оларды орналастыру мәселесі республика партия, совет және комсомол органдарының алдына күрделі де ауыр міндеттер жүктеді. Қазақстан еңбекшілері тың игеру жөніндегі партия мен үкімет белгілеген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, ерлік көрсетті. Тың игеруде қазақ халқы өзінің революциялық, интернационалдық қасиеттерін барынша таныта білді
Сол кездегі бүкіл жастар бағалы инициатива көтерді. Олар жастардың ішінен еріктілерді іріктеп алуды ұйымдастырып оларды совхоздар мен МТС – терге жіберді. Москва қаласы мен Москва облысының жастары 1954 жылы 22 февральда тың игерілетін аудандарға жүріп бара жатып: «… біз, жаңа жерлерге баратын Москва қаласының өнеркәсіп орындарының жас жұмысшылары, Москва облысының мамандары мен механизаторлары, ауыл шаруашылығының жас механизаторлары мен мамандарына, өнеркәсіп орындары мен совхоз жұмысшыларына, барлық комсомолецтерге, жігіттер мен қыздарға: біздің еңбек сабымыздың қатарына турыңдар.Тың жерлерге келіндер! – деп жалынды үндеуарнаймыз.» — деді (2)
Еліміздің жастары бұл үндеуге қызу үн қосты. 1954 жылы 28 февральда Қостанайға Украинаның жас патриоттарының алғашқы отряды келіп жетті. Бұл Киев облысы Макаров МТС-нің трактор бригадасының бригадирі Л. Дектяренко мен механик И.И. Рудской бас болып келген, толық құрамы болатын. Бригада Жаркөл МТС-не жіберілді. 1954 жылдың мартының өзінде – ақ Қазақстан тыңына Россиядан, Украинадан және басқа да одақтас республикалардан 14240 жастар келді.
3. Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.
1917 жылы Семей облысы қазақ сиезінің төралқа құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару, баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның құрамында жұмыс істеген. Осы жұмыста жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енеді. Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мұшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.
Ұзақ жыл окытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылып шығады. Н.Құлжанова әнші болмаса да, қазақ әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы - ол кісінің әншілігі емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі. Ол кісі Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жаздырған. 1934 жылы қайтыс болғанү.
18.ХҮ-ХҮІІІғ.ғ. Қазақ халқының өнері.
2.ҰлыОтан соғысы кезіндег іҚазақстандықтардың тылдағы ерлігі
3.Жеті қазына
1. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Шалгиіз, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамызн. / 1,77/
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектерінде пайдалана білді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына тың анықтамалар берген. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Шешеннің құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деп толғайды. Бұлар – "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер—көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
2.
3. Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
жүйрік ат;
қыран бүркіт;
құмай тазы;
берен мылтық;
қанды ауыз қақпан;
майланғыш ау;
өткір кездік.
18.
1. Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпаларыЖетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясыныңнегізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
