- •Мәдениеті[өңдеу] Олдувайлық мәдениет[өңдеу]
- •Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер[өңдеу]
- •2 Билет
- •1 Мезолит[өңдеу]
- •Мәдениеті
- •Неолит[өңдеу]
- •Мәдениеті[өңдеу]
- •2. Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы - Елбасының көрегендігі, ҚазҰу профессоры с. Төлеуханов
- •Терминнің шығу тарихы[өңдеу]
- •3. Билет
- •Демография
- •Қала мәдениеті
- •2. Қазақстанның геосаяси жағдайы[өңдеу]
- •Себептері
- •1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері[өңдеу]
- •Көшпеліліктің шығу тегі
- •Көшпеліліктің эволюциясы
- •2. Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.[өңдеу]
- •Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі[өңдеу]
- •Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі[өңдеу]
- •1. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі[өңдеу]
- •Руна әліпбиі[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Идеологиясы[өңдеу]
- •Құрылымы
- •Рәміздері[өңдеу]
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •2. Көтерілістің шығу себебі
- •Өмірбаяны
- •1. Ақ Орда мемлекеті[өңдеу]
- •Әбілхайыр хан мемлекеті[өңдеу]
- •Этномемлекеттік шекараларының өсуі[өңдеу]
- •2. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
- •Мәметова Мәншүк
- •Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)
- •Нұркен Әбдіров
- •Қасым Аманжолов
- •Ізғұтты Айтықов
- •Талғат Бигелдинов
- •Сағадат Нұрмағамбетов
- •Асан қайғы[өңдеу]
- •Қазтуған Сүйінішұлы[өңдеу]
- •Сыпыра жырау[өңдеу]
- •Шалкиіз жырау[өңдеу]
- •2. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі[өңдеу]
- •Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
- •2. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
- •И.В.Панфилов
- •Бауыржан Момышұлы
- •Мәлік Ғабдуллин
- •Рамазан Елебаев
- •Төлеген Тоқтаров
- •1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
- •Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
- •Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
- •Жасы үлкендерге құрмет көрсету
- •Тамырлық әдет-ғұрпы
- •2. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты[өңдеу]
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері[өңдеу]
- •1. Қазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы[өңдеу]
- •Қазақстан Ресейге қосылу кезеңдері[өңдеу]
- •2. «Алаш» партиясының өмірге келуі[өңдеу]
- •2. Ғани Мұратбаев
- •1. Әскери-казактық отарлау
- •Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері[өңдеу]
- •Қоныс аударудың бірінші кезеңі[өңдеу]
- •Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу]
- •Оныс аударудың үшінші кезеңі[өңдеу]
1 – билет
1.Ежелгі тас дәуіріне тән мәдениет.
2. Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы.
3.Диаспора, ирридента ұғымына түсінік бер.
1. Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Палеолит
Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.
а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.
ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.
б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.
в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық.
Мезолит
Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.
Неолит
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады
Мәдениеті[өңдеу] Олдувайлық мәдениет[өңдеу]
Олдувайлық мәдениет - бұл "Homo habilis" деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.
Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте - соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.
Олдувай дәуірінде адамдар әлі отты қолдануды білмеді
2. Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға,Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.
Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер[өңдеу]
18 ғ-дағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы 18 – 19 ғ-лардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі, 1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны, кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық; діни себептер: патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеғе діндарлардың хажылық сапармен баруының қиындауы, әсіресе, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы, дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.
3. Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі. Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады.[1]
Диаспора күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экономикалық және географиялық факторлардың әсері салдарынан пайда болды. Диаспора термині алгаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б VI гасырдың басында Вавилон патшасы Навиходоносар ӀӀ-шінің, одан соң б.з Ӏ-ӀӀ ғасырларда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаган. Кейінірек диаспора термині басқа этностық қауымдастықтар мен діни қауымдастықтар|діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этностық топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады.
