Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика Бауыржан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.74 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті

Аграрлық-биологиялық факультеті

Өндірістік практика есеп беру жұмысы

Орындаған: Токушев Б.Ж.

Жетекші: Баимбаев Б.Ж.

Қостанай 2015

Мазмұны:

Кіріспе ........................................................................................................... 2

І тарау.Шаруашылық сипаттамасы ................................................................. 3

ІІ тарау.Аймақтың климаты, шаруашылық топырақтары............................. 4

2.1. Климаттық және метеорологиялық шарттар

2.2. Топырақтың потенционалды құнарлығы және тыңайтқыштар

ІІІ тарау. Өсімдік шаруашылығы жалпы сипаттамасы................................. 6

3.1. Егілген ауыл шаруашылық дақылдарының алатын алаңдары

IV тарау. Дақылдарды өсіру технологиясы.Негізгі дақылдар агротехникасының деңгейін талдау................................................................ 7

4.1. Ауыспалы егістер

4.2. Дәндә дақыл егісі

Қорытынды........................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................16

Кіріспе

Өндірістік практиканың ең басты мақсаты алынған теориялық білімді іс жүзінде игеріп алу, практикалық жүмыс тәжірибесін алу, мамандық бойынша білгі жинау, негізгі дақылдар топтарының (дәнді дақылдардың, сүрлемдік дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің) өнімділік деңгейлерін қалыптастыратын сыртқы орта факторларының әсерін талдау, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясымен танысу бүкіл вегетациялық мерзім ішіндегі негізгі дақылдардың өсіп дамуын (тұқымның танаптық өнгіштігін, түптенуін, мақсаттағы дән санын, өсімдіктер массасын және биіктігін, т.б.) бақылап отыруды үйрену, өнім құрылымы элементтерінің өзара әсерлесуін, өсімдіктер фенокезендерінің өтуін және т.б. анықтау. Шаруашылықтағы негізгі дақылдардың (бидай, арпа, сүрлемдік жүгері, картоп, біржылдық және көпжылдық шөптер т.б.) өсірудің технологиясын және сол технологияның ағымдағы жылдағы өнімділік деңгейіне әсерін талдауды үйрену. Ауылшаруашылық кәсіпорынның құрылымымен және басқару түрлерімен танысу (дәнді дақылдар, шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық). Шаруашылық жұмысының экономикалық тиімділігін бағалау. Практиканы өту орны кх Ақниет.

І. Тарау. Шаруашылық сипаттамасы.

«Ақниет» шаруа қожалығы Қостанай облысы Қарасу ауданы Прогрес ауылында орналасқан. Шаруашылықтың негізгі саласы егін егу және астық өңдеу болғанымен, ірі қара мал, жылқы, қой, өсіру, ет-сүт өнімдерін өндірумен де айналысады. Мал шаруашылығына арналған арнайы орындары, қызмет көрсететін білікті мамандары бар.

Шаруа қожалығының жалпы жер көлемі 2567 га құрайды, оның ішінде пайдаланылатын жер көлемі 2500 га: егістік жер – 900 га, шабындық жер – 550 га, жайылымдық жер – 1050 га.

«Ақниет» шаруа қожалығында техникалық тарапқа қатысты істерді орындайтын (мал азығын дайындау, жинау), 1 К-700, 3 МТЗ-82, 5 трактор, 1 камаз, 3 автомашина, т.б. бар.

Шаруашылықтың егістік және шабындық жерлері мал азығының жалпы экологиялық қауіпсіз, пайдалы мал өнімін беретін 800-1000-га дейін мал ұстауға болады.

«Ақниет» шаруа қожалығының қарамағында мал ұстауға арналған жерлер, сонымен қатар , енесінен айырған жас жануарлар тұратын жайлар да бар.

Шаруа қожалығының атқарушы директоры Хамитов Ш.Е

ІІ тарау. Аймақтың климаты, шаруашылық топырақтары.