Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
общ кгму 7вуз,астана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.89 Mб
Скачать

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$020

48 жастағы науқас ауызының кеуіп, ауызы өртенгендей күйетініне, тілінде ақ түсті қақтың бар екендігіне шағымданды. Ауырғанына екі апта болған. Анамнезде құрамында глюкокортикостероидтар бар дәрі-дәрмектермен бронх демікпесінен ұзақ уақыт бойы емделгені анықталды. Тексеріп қарағанда тіл арқасында, жұмсақ таңдайда, ұртта жойқын ірімшік массасына ұқсас ақ түсті қақ бар. Оны алып тастағаннан соң, сілемейлі қабықшаның беткейі тегіс, қызарған, тіл бүртіктері тегістелген. Осы патологияны жалпы этиотропты емдеуде тағайындалатын препарат:

А) Супрастин

В) Ацикловир

С) Аугментин

D) Ретинол ацетаты

Е) Флуконазол

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12

Терапевтическая стоматология рус. rtf

$$$001

1. «Crown down» әдісімен каналды өңдеу түсінігіне кіреді:

A) Түбірлік каналды өзегінен апекске қарай кеңейту

B) Түбірлік каналды апекстен өзекке қарай кеңейту

C) Предентинді сағат бағыты бойынша жою

D) Предентинді сағат бағытына қарсы бағытта жою

E) Түбір каналын апекстен жоғары қарай кеңейту

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 1

$$$002

Кариесостатикалық құрамды цементке жатады:

A) Цинк-фосфатты

B) Цинк-оксид-эвгенольды

C) Поликарбоксилатты

D) Шыныиономерлі

E) Силикатты

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 1

$$$003

Науқас А., 46 жаста, ауыз қуысы аймағының және дене терісінің кей бөліктерінің жедел ауырсынуына, жалпы әлсіздік, тәбеті жоғалуына шағымданады. Қарағанда: оң жақ ұртының кілегей қабатында периферия бойымен көпіршікті, қызыл түсті ауырсынулы эрозия бар. Сондай эрозиялар шынтақтық бүкпелер мен бел аймақтарында бар. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Созылмалы рецивидирлеуші стоматит

B) Көпформалы экссудативті эритема

C) Вульгарлы көпіршік

D) Қызыл жалпақ теміреткі

E) Жүйелі қызыл жегі

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

$$$004

Жігіт Д., 45 жаста. Еріннің күйдіру және ауырсыну, әсіресе оларды жымдастырғанда ауырсынуы күшеюі, тағам қабылдау және сөйлеу қиындауына шағымданады. Қарағанда: еріннің қызыл жегінде қоңыр – сарғыш түсті қабыршақтар, тек еріннің қызыл жегінің Клейн сызығынан оның ортасына дейін зақымданған. Кей жерлерде қабығы еріннен алжапқыш түрінде салбыраңқы. Алғашқы диагнозыңыз:

A) Акантолитикалық көпіршік

B) Эксфолиативті хейлит

C) Қызыл жегі

D) Гландулярлы хейлит

E) Қызыл жалпақ теміреткі

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 2

$$$005

Жігіт С., 25 жаста, тістен жағымсыз иіске шағымданып дәрігерге келді. Анамнезінен: тісі бұрын қатты ауырған, ыстық тағам қабылдағаннан кейін ұзақ уақыт ауырады. Қарағанда: 26 тіс сауыты түсі өзгерген, терең жегіленген қуыс тіс қуысымен байланысқан. Зондтағанда тіс қуысы түбі ауырсынулы. ЭОД-80мкм. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Созылмалы гангренозды пульпит

B) Созылмалы фиброзды периодонтит

C) Созылмалы фиброзды пульпит

D) Созылмалы гранулирлеуші периодонтит

E) Созылмалы гранулематозды периодонтит

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 2

$$$006

Ерадам В., 30 жаста, ұрттың кілегей қабатының сөйлеу және тағам қабылдау кезінде күшейетін жедел ауырсынуына шағымданады. Объективті: тістер жымдасу сызығы бойымен кілегей қабық гиперемияланған, қабынуы бар жиектері айқын, үстінен сарғыш – ақшыл фибринозды қақпен жабылған афта анықталады. Сіздің алғашқы диагноз:

A) Созылмалы механикалық жарақат

B) Рецидивирлеуші ұшықтық стоматит

C) Созылмалы рецидирлеуші афтозды стоматит

D) Салбыраңқы теміреткі

E) Веррукозды лейкоплакия

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

$$$007

Ерадам Е., 47 жаста, дәрігерге профилактикалық қаралуға келді. Анамнезінен: науқас өте ыстық және өткір тағам қабылдағанды ұнатады. Қарағанда: тістер жымдасуы сызығы бойымен ұрттың кілегей қабығында және төменгі ерін қызыл жегінде әртүрлі пішінде және үлкендікте гиперкератоз ощақтары анықталады, олар қасындағы қоршаған орта кілегей қабат деңгейінен аспайтын, бірақ айқын шекарасы бар, интенсивті қырғанда да алынбайтын ақ қақпен жабылған. Алғашқы диагнозыңыз:

A) Лейкоплакияның жалпақ формасы

B) Қызыл жегінің типті формасы

C) Лейкоплакияның веррукозды формасы

D) Папулезды сифилис

E) Гиперпластикалық кандидоз

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 2

$$$008

Ерадам Д., 37 жаста, енжарлыққа, әлсіздікке, дене температурасы көтерілуіне, қызылиекте ауырсынуға, оның қансырауына, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуына шағымданып келді. Объективті: қызылиектері ісінген, қызарған кей жерлері лас – сұрғылт түсті қақтармен жабылған. Тістерде жұмсақ қақ, тіс тастары бар. Сілекей тұтқыр, қою. Қан анализінде – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. R – граммада сүйек тіні өзгерісі жоқ. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Жедел катаральды гингивит

B) Созылмалы катаральды гингивит

C) Созылмалы катаральды гингивитттің өршуі

D) Жаралы гингивит

E) Жеңіл сатыдағы созылмалы генерализацияланған пародонтиттің өршуі

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 2

$$$009

Ерадам Е., 32 жаста. Объективті: тілі жұмсақ, сәл ұлғайған, тілдің арқасы мен бүйір беткейлерінде терең қыртысты сайлар бар. Қатпардың түбі мен бүйір беткейлері жіптәрізді емізікшемен жабылған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Ромбтәрізді глоссит

B) Десквамативті глоссит

C) Қатпарлы тіл

D) Глоссодиния

E) Қара «шашты» тіл

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

$$$010

Науқас Д., 42 жаста, 46 тісте жегілік қуыс болуына шағымданып келді. Қарағанда: 46 тістің дистальды – шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысатын терең жегілік қуыс. Терең зондтау ауырсынусыз. Перкуссия ауырсынусыз, түбір ұшы проекциясы аймағында кілегей түсі өзгермеген, пальпациялағанда ауырсынусыз. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция жоқ. Рентгенограммада дистальды түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылау біркелкі кеңейген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Созылмалы фиброзды периодонтит

B) Созылмалы гранулематозды периодонтит

C) Созылмалы гранулирлеуші периодонтит

D) Созылмалы гангренозды пульпит

E) Созылмалы фиброзды пульпит

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 2

$$$011

Ерадам А., 45 жаста, стоматологиялық бөлімшеге ауыз қуысын санациялау мақсатымен және протездеуге дайындалуға келді. Объективті тексеру кезінде: кілегей қабаты бұлыңғыр қатты таңдайдың артқы бөлігінде ұсақ қызғылт түйіндер көрінеді, түйіндер ортасында шығарушы өзектер ұлғайған нүктелері бар. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі

B) Қызыл жегі, типті түрі

C) Лейкоплакия, жалпақ түрі

D) Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

E) Таппейнер лейкоплакиясы

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 2

$$$012

Науқас Д., 28 жаста, 22 тіс пульпитін емдеу кезінде дәрігер – стоматолог жегіленген қуысты егеуді жүргізді, тіс қуысын ашты, күшәлә сықпасын уақытша пломба астына салды. 2 күннен кейін уақытша пломбаны алғасын – сауыттық және түбірлік ұлпаны алып тастау, каналды инструментальды және медикаментозды өңдеу, оны пломбылау, ажыратқыш төсеніш, тұрақты пломба салу. Пульпитті емдеу әдісін анықтаңыз:

A) Девитальды экстирпация

B) Витальды ампутация

C) Консервативті

D) Аралас

E) Витальды экстирпация

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 3

$$$013

Әйел К., 35 жаста, стоматологиялық поликлиникаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Қарағанда: 15 тістің дистальды беткейінде жегілік қуыс анықталды, зондтау ауырсынусыз, салқынға реакциясы теріс. 15 тістің рентгенологиялық суреттемесінде тіс түбірі ұшы аймағында периодонтальды саңылау кеңейгені байқалады. Түбірлік каналды медикаментозды өңдеу үшін дәрілік препаратты таңдаңыз:

A) Физиологиялық ерітінді

B) Натрий гипохлориді

C) Формалин

D) Эвгенол

E) Ларгаль ультра

{Дұрыс жауап}= B

{күрделілігі}= 3

$$$014

Ерадам В., 20 жаста, аллергоанамнез теріс, 35 тістің жедел ошақты пульпиті диагнозы қойылды. Жегілік қуыс сауыттың мойын аймағында орналасқан. Емдеу әдісін таңдаңыз:

A) Консервативті әдіс

B) Девитальды экстирпация

C) Витальды ампутация

D) Девитальды ампутация

E) Витальды экстирпация

{Дүрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 3

$$$015

Әйел А., 30 жаста, тісінің тағам қабылдағанда және температуралық тітіркендіргіштерден болатын ауырсынуына шағымданады. Объективті: 47 тістің шайнау беткейінде ұлпамаңы дентин деңгейінде жегіленген қуыс бар, зондтағанда жегіленген қуыс түбі бойымен ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Диагностикалау әдісін таңдаңыз:

A) Қарау

B) Перкуссия

C) Сұрау

D) Электроодонтодиагностика

E) Пальпация

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

$$$016

Ерадам Е., 55 жаста, жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы бөлігі тістерінің алшақтауына шағымданып келді. Эстетикалық дефект. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызылиек жиектері кілегейі бозғылт – қызғылт түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалта жоқ. Тістері тұрақты. 11 мен 21 тістер аймағында диастема 5 мм ге дейін. 11, 12, 21, 22 тістердің желдеткіштәрізді алшақтауы анықталады. Терең тістем. Диагностикалау әдісін таңдаңыз:

A) Формалинді сынама жүргізу

B) Гигиеналық индекстерді анықтау

C) Рентгенография

D) Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу

E) Пародонтальды индексті анықтау

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 3

$$$017

Науқас Е., 57 жаста, жоғарғы ерін аймағында ұзақ жазылып болмайтын жараға шағымданып келді. Қарағанда: еріннің қызыл жиегінде негізі шеміршектәрізді инфильтратты жара бар, пальпацияда ауырсынусыз,. Төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпациялағанда ауырсынусыз. Диагностикалау әдісін анықтаңыз:

A) Гемагглютинация реакциясы

B) Вассерман реакциясы

C) Манту реакциясы

D) Лейкоциттер агломерация реакциясы

E) Лейкоцитолиз реакциясы

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 3

$$$018

Науқас Д., 27 жаста, бірінші қабылдауда жегіленген қуысты егеу жүргізілді, медикаментозды өңдеу, кептіргеннен кейін – емдік төсеніш пен уақытша пломба салынды. 5 – 7 күннен кейін емдік пен ажыратқыш төсеніш салып, уақытша пломбаны тұрақтыға ауыстырды. Сіздің диагнозыңыз:

A) Сына тәрізді ақау

B) Орташа тісжегі

C) Тез дамитын терең тісжегісі

D) Созылмалы фиброзды периодонтит

E) Баяу дамитын терең тісжегісі

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 3

$$$019

Қиын өтетін көп түбірлі тістердің созылмалы периодонтиті кезінде периодонттағы патологиялық ошаққа рациональды әсер ету әдісі болып табылады:

A) Депофорез

B) Импрегнационды әдістер

C) Каналішілік электрофорез

D) Ультракүлгін сәулелендіру

E) Ультрафонофорез

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 3

$$$020

Науқас Ж., 25 жаста, сол жақ жоғарғы жақсүйегінің өздігінен пайда болатын, ұстамалы, температуралық және химиялық тітіркендіргіштен ұлғаятын ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: беті симметриялы, жақасты лимфа түйіндері ұлғаймаған. 25 тістің шайнау беткейінде терең жегіленген қуыс бар, зондтағанда бір нүктеде ауырсынады, салқынға жедел ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Түбір каналын пломбалау үшін келесі пломбалық материалды пайдаланған жөн:

A) Абсцесс ремиди

B) Эндометазон

C) Метапаста

D) Йодоформды сықпа

E) Резорцин-формалинді сықпа

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 3

Хирургическая стоматология рус. rtf

$$$001

Жергілікті анестетиктердің жансыздандыру механизмі болып табылады:

A) Бас ми қабыршағына әсер етуі

B) Жұлын миына әсер етуі

C) Таламусқа әсер етуі

D) Сезімтал шеткі және өткізгіш нервтердің блокадасы

E) Кілегей қабық пен терінің беткей қабатының коагуляциясы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

$$$002

Клиникалық қолданыста тұз түрінде қолданатын, жергілікті жансыздандыратын заттарды сипаттайтын факторы болып табылады:

A) Белсенділігі басымырақ және улылығы төмен

B) Тұрақтылығы басымырақ және суда жақсы ериді

C) Тұрақтылығы басымырақ және майда жақсы ериді D) Тұрақтылығы төмен және суда жақсы ериді E) Тұрақтылығы төмен және майда жақсы ериді

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=1

$$$003

Науқас А., 36 жаста. Шағымы: оң төменгі жақ аймағында ауырсыну мен ісінуге, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданады. Объективті: оң төменгі жақ аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 46 тіс сауыты ½ бөлігі бұзылған, перкуссия ауырсынулы. 46 тіс деңгейінде өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) 46 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

B) Созылмалы одонтогенді лимфаденит

C) Жедел одонтогенді остеомиелит

D) Жедел іріңді одонтогенді лимфаденит

E) 46 тістің жедел іріңді периоститі

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$004

Науқас С., 29 жаста, жоғарғы жақтың сол жақ жартысы аймағының ауырсынуына және ісінуіне, дене температурасы 37,50С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына үшінші күн. Объективті: жоғарғы жақтың сол жақ жартысы аймағының жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы, пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы, 26 тіс сауыты 2/3 бөлігіне бұзылған. 26 тіс деңгейінде өтпелі қатпар тегістелген, гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагнозыңыз:

A) 26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

B) Жедел іріңді периодонтит

C) Жедел іріңді остеомиелит

D) Жедел іріңді гайморит

E) 26 тістің жедел іріңді периоститі

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$005

Науқас Е., 25 жаста. Шағымы: оң жақасты аймағының ісінуі мен ауырсынуына, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданады. Объективті: оң жақасты аймағының жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Оң жақасты аймағында көлемі 6,0х4,0 см болатын инфильтрат бар, оның терісі гиперемияланған, ісінген, тартылған. Пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 47 тіс сауыты толық бұзылған. Тіс айнала қызылиек кілегейі гиперемияланған, ісінген. Оң жақ тіласты валигі гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) 47 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

B) 47 тістің жедел іріңді периоститі

C) 47 тістен болған жақасты аймағы одонтогенді флегмонасы

D) Жедел іріңді одонтогенді лимфаденит

E) Жедел серозды одонтогенді лимфаденит

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

$$$006

Науқас, 32 жаста, тағам қабылдау кезінде жақасты сілекей безі ұлғаюы анықталады. Сіздің диагноз:

A) Радикулярлы киста

B) Жедел эпидемиялық паротит

C) Жедел серозды лимфаденит

D) Калькулезды сиалоденит

E) Паренхиматозды сиалоденит

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

$$$007

Науқас А, 47 жаста, эпидемиялық паротит анықталды. Берілген ауруда сілекей безі секрециясы мен секретіне сипаттама беріңіз:

A) Мөлдір, сұйық

B) Бұлыңғыр, гипосаливация

C) Қою, гиперсаливация

D) Бөлінбейді

E) Мөлдір, гипосаливация

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$008

Науқас А., 29 жаста, сол жақ мұрынерін қатпары аймағындағы ісіну мен ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: «безеу» пайда болғаннан 2 күн бойына ауырған. Жағдайы жәймен ауырлай бастаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 38,0, пульс – 90 соққы/мин, ТАЖ – 22 рет/мин. Сол жақ мұрын ерін қатпары аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта көлемі 4,0х4,0 см болатын инфильтрат, инфильтрат ортасында қабыршақпен жабылған 3 іріңді өзек анықталады. Тері гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Мұрын ерін қатпары аймағының абсцессі

B) Мұрын ерін қатпары аймағының карбункулы

C) Мұрын ерін қатпары аймағының флегмонасы

D) Бұрыштық венаның флебиті

E) Мұрын ерін қатпары аймағының абсцедирлеуші фурункулы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$009

Науқас 44 жаста, тағам қабылдаған кездегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: беті симметриялы, 11, 21 тіс сауыттары бұзылған, қызылиегінде – іріңді бөліністі жыланкөз бар. Рентгенограммада – 11, 21 тістер ұшы аймағында «отжалын» тәрізді жарықтану ошағы байқалады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) 11, 21 тістердің созылмалы фиброзды пульпиті

B) 11, 21 тістердің созылмалы гангренозды пульпиті

C) 11, 21 тістердің созылмалы фиброзды периодонтиті

D) 11, 21 тістердің созылмалы грануляциялық периодонтиті

E) 11, 21 тістердің созылмалы гранулематозды периодонтиті

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

$$$010

Науқас С., 25 жаста, ұрт аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. Тісі бұрын емделген. 3 күн бойына ауырған. 6 ай бойына ауырсыну мезгіл – мезгіл мазалаған. Объективті: оң жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынусыз. 47 тіс сауыты пломба астында, перкуссия ауырсынулы. Тіс айнала кілегей гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің диагноз:

A) 47 тістің жедел жалпы пульпиті

B) 47 тістің созылмалы пульпиті өршуі

C) 47 тістің жедел іріңді периодонтиті

D) 47 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

E) 47 тістің жедел іріңді периоститі

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

$$$011

Науқас Е., 18 жаста, оң жақ ұрт аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен: 2 күн бойына ауырады, «безеу» пайда болғаннан, оны сығуға тырысқан. Жағдайы жәймен нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 37,5, пульс – 90 соққы/мин, ТАЖ – 20 рет/мин. Сол жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Бұл аймақта көлемі 2,0х2,0 см болатын, ортасында қабыршақпен жабылған іріңді өзегі бар инфильтрат анықталады. Терісі гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Ұрттық аймақтың абсцессі

B) Ұрттық аймақтың абсцедирлеуші фурункулы

C) Ұрттық аймақтың флегмонасы

D) Бұрыштық венаның флебиті

E) Ұрттық аймақтың карбункулы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$012

Науқас А., 28 жаста. Анамнезінен: 25 тісі 2 тәулік бойына ауырған. Объективті: сол жоғарғы жақ аймағының жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 25 тіс сауыты 2/3 бөлігіне бұзылған, перкуссия ауырсынулы. Тіс айнала кілегейі гиперемияланған, ісінген, пальпация ауырсынулы. 25 тісті жұлу үшін құрал таңдаңыз:

A) Тік қысқыштар

B) Тіке элеватор

C) Құстұмсықты жымдасқан қысқыштар

D) Құстұмсықты жымдаспаған қысқыштар

E) S-тәрізді иілген қысқыштар

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

$$$013

Науқас Д., 35 жаста. Диагноз: 46 тістің созылмалы периодонтиті. 46 тісті жұлу кезіндегі дәрігердің қалпын таңдаңыз:

A) Алдынан, оң жақтан

B) Алдынан, сол жақтан

C) Артынан, оң жақтан

D) А ртынан, сол жақтан

E) сол жақтан

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$014

Науқас Е., 46 жаста, оң төменгі жақ аймағы ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінен: тәулік бойы ауырған. Қарағанда: 47 тіс сауыты толықтай бұзылған, тіс айнала кілегей қабат гиперемияланған, ісінген. 47 тісті жұлу үшін құрал таңдаңыз:

A) Тік қысқыштар

B) Тік элеватор

C) Құстұмсықты жымдасқан қысқыштар

D) Құстұмсықты жымдаспаған қысқыштар

E) S-тәрізді иілген қысқыштар

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$015

Науқас Ж., 39 жаста, тағам қабылдағанда ауырсыну, тіс қозғалғыштығына шағымданады. Жарақатты 2 са,ат бұрын алған. Қарап болғаннан кейін және рентгенограммада диагноз қойылды: 12 тістің толық емес шығуы. Емдеу әдісін таңдаңыз.

A) Бекіту

B) Пломбалау

C) Реплантация

D) Қадағалау

E) Жұлу

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

$$$016

Науқас С., 24 жаста. Диагноз: 26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. Жүктілік 27 апталық. Жансыздандыру жүргізу үшін анестетик таңдаңыз:

A) Убестезин

B) Ультракаин

C) Новокаин 0.5%

D) Лидокаин 1%

E) Мепивикаин 3%

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

$$$017

Науқас, 27 жаста, дәрігерге 47 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі диагнозымен келді. Тісті жұлу кезінде жансыздандыру түрін таңдаңыз:

A) Аппликационды

B) Инфильтрационды

C) Өткізгіштік

D) Сүйекішілік

E) Жалпы жансыздандыру

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$018

Науқас В., 22 жаста. Диагноз: 26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 26 тісті жұлу үшін жансыздандыру әдісін таңдаңыз:

A) Инфраорбитальды

B) Туберальды

C) Күректістік

D) Мандибулярлы

E) Ментальды

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

$$$019

Науқас К., 49 жаста. Диагноз: 23 тістің альвеолярлы өсіндінің сынуымен еніп шығуы. Емдеу әдісін таңдаңыз:

A) Репозиция

B) Трепанация және пломбылайды

C) Реплантация

D) Қадағалау

E) Жұлып тастау

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

$$$0120

Науқас А., 25 жаста. Шағымы: сол жоғарғы жақ аймағы ауырсынуына шағымданады. Объективті: сол жоғарғы жақ жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 26 тіс сауыты ½ бөлігі бұзылған, өтпелі қатпар тегістелген, гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:

A) 26 тісті жұлу, остеоперфорация

B) Остеоперфорация, 26 тісті емдеу

C) Периостотомия, түбір резекциясы

D) 26 тісті жұлу, периостотомия

E) 26 тісті емдеу, периостотомия

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3