Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
общ кгму 7вуз,астана.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.89 Mб
Скачать

07_02_Хирургиялық стоматология русс

$$$011

22 жастағы науқас, сол жақ төменгі жақсүйек аймағының ісінгендігіне шағымданды. Ісінудің мазасын алғанына екі жыл болған, бастапқыда мөлшері кішігірім ғана болған, кейіннен жайлап ұлғая бастаған, ауырсыну сатылап өсе берген, дене қызуы көтерілген. Бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесінде стационарлық емдеуде болған. Соңғы екі айда бетте жыланкөз пайда болған. Объективті: сол жақ төменгі жақсүйек денесінің аймағында муфта тәрізді инфильтрат байқалады, саусақпен басқанда нығыз, ауырсынбайды, ортасындағы тері көкшіл, жіңішкерген, қозғалмайды, сонымен қатар грануляциялық тінге толы жыланкөз анықталады, ішінен іріңнің бөлунуі байқалады. Ауызын еркін ашады. Рентгенологиялық зерттеуде сол жақ төменгі жақсүйек денесінің аймағында сүйек құрылымы бұзылу ошағы байқалады, оның ішінде көптеген ұсақ секвестрлер орналасқан. Сіз қоятын алдын-ала диагноз:

A) Сол жақ төменгі жақсүйектің актиномикозды остеомиелиті

B) Сол жақ төменгі жақсүйектің созылмалы деструктивті остеомиелиті

C) Сол жақ төменгі жақсүйектің туберкулезді зақымдануы

D) Сол жақ төменгі жақсүйектің созылмалы периоститі

E) Сол жақ төменгі жақсүйектің созылмалы продуктивті остеомиелиті

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$012

Науқас оң жақ төменгі жақсүйек аймағындағы ауырсынуға, оң жақ төменгі жақсүйек аймағындағы ісінуге шағымданды. Аыузын еркін ашады. 4.5 тістің сауыты тісжегімен бұзылған, тықылдатқанда ауырсынады. 4.6, 4.5. 4.4 тістер деңгейінде тіндер инфильтрациясы есебінен ауыздың кіре берісі тегістелген, осы аймақты саусақпен басқанда кенет ауырсынады. Тамыр соғуы минутына 80 соққы, дене температурасы 38,2°С. Аталған патологияның салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?

A) 4.5 тістің жіті диффузды пульпит

B) 4.5 тістің созылмалы фиброзды пульпитінің өршуі

C) 4.5 тістің созылмалы гангренозды пульпитінің өршуі

D) Интоксикация сатысындағы жіті түбір ұшы периодонтит

E) 4.5 тістен төменгі жақсүйектің жіті одонтогенді остеомиелит

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$013

49 жастағы науқас сол жақ жоғары жақсүйектің ауырсынуына, мұрынның сол жақ бітуіне және мұрын тесігінен іріңді бөлінулеріне, бет конфигурациясының өзгеруіне, әлсіздікке, денесінің қалтырайтындығына үшінші тәулігінде шағымданды. Объективті: жағдайының ауырлығы орташа, дене қызуы - 38С, пульстің соғуы минутына 98 соққы. Сол жақ көз түбі аймағының жұмсақ тіндердің, төменгі қабақтың және ұрт аймағының ісігі есебінен бет асимметриясы. Ауыз қуысында 2.4 тіс бұзылған, тықылдатқанда кенет ауырсыну бар, қозғалғыштығы 2-ші дәрежелі. 2.3-2.7 тістер аймағында өтпелі қатпардың сілемейлі қабық ісінген және гиперемияланған. Алдынғы риноскопияда мұрынның төменгі кеуілжірінің алдыңғы жиегінде ірің ағуы анықталды. Ауызішілік рентгенограммада 2.4 тіс аймағындағы периодонталды саңылау біркелкі кеңейген, түбір ұшында сүйек бұзылған, түбір өзектері бітемеген. Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммада сол жақтағы жоғары жақсүйек қуысы қарайған. Аталған патологияның салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?

A) 2.4 тістен жіті іріңді периостит

B) Сол жақ жоғары жақсүйектің актиномикозы

C) Жіті риногенді гайморит

D) Жарақаттық гайморит

E) Сол жақ жоғары жақсүйектің остеомиелиті

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12