Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Solnyshko_otchet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.89 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

2

I бөлім

АҚ «ҚАЗТЕМІРТРАНС» еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық

3

II бөлім

АҚ «КАЗТЕМІРТРАНС» қызметін жоспарлау құжаттарымен танысу

5

III бөлім

АҚ «ҚАЗТЕМІРТРАНС» қаржы қызметі жұмыстарымен танысу

7

IV бөлім

АҚ «ҚАЗТЕМІРТРАНС» қаржылық саясаты

9

V бөлім

Қорытынды

12

Пайдалынылған әдебиеттер

13

КІРІСПЕ

Қаржыгер – бұл ірі қаржылық операцияларды заң жүзінде жүзеге асыратын маман. Бүгінгі таңда ҚР қаржы жүйесінде әртүрлі экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.

- негізгі өндірістік-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді және статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау;

- талдау және жоспарлаудың алдыңғы әдістерінің негізгілері болып табылатын кейбір есептерді өз бетінше орындау;

- жеке бөлімдердің тәжірибелік жұмыстарына белсенді қатысу.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiрістiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор.

Кәсіпорынның қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады.

Тәжірибедегі ең басты мақсат – коммуналдық «ҚАЗТЕМІРТРАНС» мекемесінің құрылу мақсатын, міндеттері мен құқықтарын, ұйымдастырылуындағы қызметтердің орындалуын танып зерттеу.

ЖШС «ҚАЗТЕМІРТРАНС» еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық

Қызметкерлердің ЕҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі туралы» заңымен бекітілген, соған сәйкес кәсіпорын жұмысшылары ҚР бекітілген заңнамасы ретінде тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі ҚР министрліктері және ведомстволарында, сондай-ақ басқа да  бірлестіктер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау қызметінің құрылуы қарастырылған, сонымен қатар, мұндай қызметтердің міндетті түрде құрылуы заң бойынша бекітілген. Осы Кодекста 50 адамнан астам санды кәсіпорындарда ЕҚ қызметін құру қарастырылған. Одан аз қызметкерлердің саны бар кәсіпорындарда осындай қызметті немесе маман лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші кәсіпорынының әрекетін ескере отырып  қабылдайды.

ЕҚ қызметі жұмысшыларын үйлестіру және тиімді жұмыс жасау мақсатында жыл бойы өткізілетін жұмыстардың, солардың мерзімі мен қаржысын көрсететін тізімдемесі белгіленген жалпы жылдық жоспар құрастырылады, яғни кәсіпорын ұжымдық келісіммен немесе шарттармен белгіленген көлемде қажетті құралдарды жыл сайын бөлу қажет. ЕҚ қызметі өзінің мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі. Ғымдарын қарастырып, күнделікті өмірдегі кездесетін ең керекті баптарға тоқталсақ:

  • еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс – шаралар кешенімен қамтамасыз етілетін қызметкердің қорғалу жай – күйі;

  • еңбектің қауіпсіз жағдайлары – қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;

  • төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

  • өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік -  техникалық және жобалау құжаттамасында  белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

  • өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік – техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

  • қауіпсіздік нормалары  - қызметкердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық – гигиеналық биологиялық және өзгеде нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

  • еңбек жағдайларының нормативтері – еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалық, санитарлық – гигиненалық және психофизиологиялық талаптары бар нормативтер;

  • еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор – ұйымның кәсіподақ органы қызметкерлердің жалпы жиналысын тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;

  • өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік – техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

  • зиянды өндірістік фактор оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қаблеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

  • зиянды еңбек жағдайы – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қаблеттілігінің төменденуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

  • еңбек гигиенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;

  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай – күйін қадағалау жүйесі;

  • өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қаблеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері;

  • қауіпсіздік нормалары  - қызметкердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық – гигиеналық биологиялық және өзгеде нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

  • қауіпті өндірістік фактор – қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына және де өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

  • қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кеннеттен нашарлауына немесе жарақаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

  • қызметкерлер өкілдері – қызметкерлері уәкелеттік берген кәсіптік одақтар органдары және олардың бірлестіктері, ал олар жоқ болғанда ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;

  • өндірістік жабдық – машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;

  • қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кеннеттен нашарлауына немесе жарақаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

  • қызметкерлер өкілдері – қызметкерлері уәкелеттік берген кәсіптік одақтар органдары және олардың бірлестіктері, ал олар жоқ болғанда ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;

  • өндірістік жабдық – машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;

  • ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамдарды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

  • ауыр қол еңбегі – ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстуруға байланысты қызмет түрлері не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;

  1. «Қазтеміртранс» жшс-ның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу

Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса,жарғы бас ұйымның бланкісіне толтырылып, «Келісілді» деген арнайы белгі қойылады .

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 100%-дық еншілес компаниясы) – республика аумағы бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалының 40% астамын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы вагон паркінің аса ірі операторы.

«Қазтеміртранс» АҚ меншікті вагондар паркі 60 мың бірлікті құрайды: бұл жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, сұйыққоймалар, дән тасығыштар, цемент тасығыштар, фитингтік платформалар.

Компания қызметі жүк вагондарымен операция жасау; көлік-экспедициялық қызмет көрсету; жүк вагондарын жалға беру; жүк вагондарын шығару және оларды жоспарлы түрлі жөндеуін жүргізу; металл сынықтарын сақтау, өңдеу және сату секілді бағыттарды қамтиды.

«Қазтеміртранс» АҚ жүк тасымалы саласындағы іскерлік әріптестеріне ірі көліктік және логистикалық кәсіпорындар, өндіруші зауыттар, өндіруші компаниялар. Шағын және орта бизнестің кәсіпорындары жатады.

ЖШС «КОР-ТАЖ МҰНАЙ» 2008 жылдың 3 қазан айында құрылған. Кәсіпорында 140 қызметкер жұмыс істейді және 2 кассир мен 4 бухгалтер қызмет атқарады. Компания мұнай өнімдерін өңдеу қызметін атқарады, яғни қалдықсыз өндіріс.

«Standard & Poor’s» рейтингтік агенттігімен «Қазтеміртранс» АҚ-ның төмендегідей несиелік рейтингі расталды

халықаралық шкала бойынша — «ВВB-»

ұлттық шкала бойынша — «kzAA»

рейтингтер болжамы — «тұрақты»

Ғаламдық көліктік нарықтарға бірігу, халықаралық серіктестікті кеңейту және көліктік әлеуетті дамыту мақсатында Үрімші қ. (ҚХР) және Мәскеу қ. (РФ) компания өкілдіктері құрылған.

Қытай бағытындағы жүктер тасымалдаулары көлемдерінің артуымен байланысты Достық станциясында агенттік бекетті ашу шешімі қабылданды

Компания жоспарында — стратегиялық тұрғыдан маңызды жаңа маршруттарды игеру, жүк тасымалдауларының көлемдерін арттыру, вагон паркін жаңарту, сондай-ақ ірі жүк жөнелтушілері мен шағын және орта бизнес өкілдеріне көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды енгізу.

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» ЖШС-нің еншілес компаниялары

Жалғыз акционер «ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ шешімі бойынша қоғам келесі ұйымдардың ұйымдастырушысы мен қатысушысы болып табылады:

  • TH KazMunaiGaz Holding S.A. - 96,7%

  • «ҚАЗТЕМІРТРАНС» – 35,38%

  • «Алмаз» ЖАҚ – 99,2%

«КМГ Алтын» ЖШС, «КМГ ORG » ЖШС,«КМГ КазБайлык» ЖШС.

Филиал негізінде реті бойынша 10 желтоқсан, 18 желтоқсан, 25 сәуір күндері құрылған. Жоғарыда айтылған мекемелерді құрудың басты мақсаты болып мұнай және газ өнімдерін өңдеп, тауарларды ұсақ көтерме және бөлшек сатуынан түскен пайданы арттырып, кәсіпорынның өңделген мұнай өнімдерінің нарықтағы үлесін арттыру табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның өз иелігіндегі өңделген мұнай өнімдерін ұсақ көтерме және бөлшек сату объектілерін жалға береді.

«КМГ Алтын» ЖШС, «КМГ ORG» ЖШС, «КМГ КазБайлык» ЖШС әрекетінің басты түрлері:

  • мұнай және газ өнімдерінің ұсақ көтерме және бөлшек сатуы;

  • мұнайбазаларының, автомобильдерге май құйып беретін орындардың, газ толтыру станцияларының, автомобилді газ толтыру компрессорлы станцияларының қолданысы мен жөндеуі;

  • тұрғын үй, коммуналды-тұрмыс және өндірістік объектілердің қолданысы.

«ҚАЗТЕМІРТРАНС» ЖШС негізгі қызметі: мұнай және газ өнімдерін өндіру мен тасымалдау, мұнайды өңдеу, өңделген мұнай және мұнай өнімдерін өткізу, мұнай және газ кен орындарын барлау және өндіру, мұнайдың, газдың, судың және жыныстардың физикалық – химиялық қасиеттерін айқындау бойынша лабораторлық жұмыстар, жерасты сулары кен орындарының мониторингін жүргізу, мұнай өндіруді қарқындату, технологиялық мұнай – газ кәсіпшілігі жабдығын монтаждау, газды пештерге жеткізетін құбыр желілерін, сондай –ақ тіректі арматура мен қысым реттегіштерді пайдалану, монтаждау және жөндеу, қысыммен жұмыс істейтін қыздыру пештерін, қазандықтарды, түтіктерді, резервуарларды, газ өндіру, газ тасымалдау жабдықтарын, жүк көтергіш механизмдер мен машиналарды, автомобильдік газ баллон қондырғыларымен қамтамасыз ету болып табылады.

Баланс активіне кәсіпорындағы капиталдың орналасуы туралы, сондай-ақ нақты мүлікке және материалдық құндылықтарға салынған салымдар, кәсіпорынның өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындары, бос қалған қолма - қол ақша қаражаттары туралы мәліметтер кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]