Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза ыдыс , құрғақ шыны банкілерді жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты,порцияның №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбеюін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

3. Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 порция - сағат 6-дан 9-ға дейін

№2 порция - сағат 9-дан 12-ге дейін

№3 порция - сағат 12-ден 15-ке дейін

№4 порция - сағат 15-тен 18-ге дейін

№5 порция - сағат 18-ден 21-ге дейін

№6 порция - сағат 21 -ден 24-ке дейін

№7 порция - сағат 0-ден 3-ке дейін

№8 порция - сағат 3-тен 6-ға дейін

4.24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

5.Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.

Ескерту:

- дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.

Зимницкий байқауы - бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде анықтауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

1. Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

2. Барлық 1 тәулікте ішкен сұйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

3. Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

4. Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,022 төмен болмауы.

5. Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.

II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу

Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүрғізу.

Қажеттілерді дайындау: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

2. Жуушы ерітіндіні 20-25 °С-қа дейін ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.

3. Жуу ерітіндісін пайдаланылған сәттен бастап,бір тәулік ішінде пайдаланылады. Егер түсі өзгермесе жуу ерітіндісін ауыстыру керек

Жуушы ертіндінің құрамы

компоненттің аттары

ертіндіні даярлауға арналған компоненттердің мөлшері

қолданылуы

- жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

қолмен тазартқанда қолданылады

- ауыз суы (см3)

1 л

- сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

17 мл

механикаландырылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен,ультра-звукті пайдалану)

- -жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

- -ауыз суы (см )

1 л

4. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

5. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

6. Медиңинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

7. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

8. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

9. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтің пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

10. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

11.Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

12.Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.