- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •10. Медициналық қолғапты киіңіз.
- •11. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
- •12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Инсулин дозасын есептеу
- •Инсулинді енгізу
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Майлы клизманы қою
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Салқын компресс қою
- •Қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Жылытқышты қолдану
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Антибиотиктерді еріту.
- •Қан қысымын өлшеу
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау (Постановление Правительства рк №33 от 12.01.2012г. Приказ м3 рк №218 от 2011г.)
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •22.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
- •Асқазанды жуу
Инсулин дозасын есептеу
Инсулин –ұйқы безі гормоны болып саналады, көмірсу алмасуына әсерін тигізеді.Қандағы глюкозаның жасуша мембраналары арқылы өтуін жеңілдетеді, артық глюкозаны глюкогенге айналдырып, қор ретінде бауырға жібереді. Қолданылуы –қантты диабет ауруының орташа және ауыр түрлері.
Инсулин- мөлдір сұйықтық, флакондарда жиі 5мл мөлшерде шығарылады.(1мл-де 40,80,100 ЕД болуы мүмкін).
Қантты диабет терапиясында қарапайым инсулин
инсулин;
Қысқа мерзімде әсер ететін 6-8 сағат әсер етеді. моносуинсулин, инсулрапт, актрапид, инсулин-регуляр-илетин, Н-инсулин, простой
Орташа 14-18 сағ- инсулин- семиленте, семилонг, инсулонг, илетин и др
3.Әсері ұзартылған инсулин 20-24-36 с - инсулин ультралепте, ультралонг, ультратард т.б
Инсулиннің әсері қандағы және зәрдегі қант деңгейінің өзгеруіне қарай бағаланады. Инсулинді егу үшін арнайы инсулинді шприцтер (1-2мл) қолданылады.Шприц дәрінің мөлшерін нақты салу үшін қосымша бөлектерге бөлінген.Инсулинді шприцке алған кезде 1-2 бөлік артық алу қажет.Шприцтың ауасын шығарған кезде инсулин мөлшерін қажет деңгейге дейін жеткізеді.
Инсулин тері астына иықтың сыртқы бөлігіне, санның сыртқы бөлігіне , іш аймағына (кіндік айналасы), бөксе аймағына егіледі.Теріні спиртпен өңдеп,сприттің кебуін күту қажет(спирт әсерінен инсулиннің әсері жойылуы мүмкін).Иньекция салу орнын «жұлдызша» ережесіне қарай, сағат тілімен ауыстырып отыру қажет.Инсулин аурудың ауырлық дәрежесіне қарай тәулігіне 1-3 рет тамақтан 15-20минут алдын енгізіледі.
Инсулинді енгізгеннен кейін келесі асқынулар болуы мүмкін:аллергиялық реакция,инсулинге резистенттік, липодистрофия, ісіктер, гипогликемиялық кома.
Инсулинді есептеу: (ЕД- өлшем деген ұғым)
Инсулинді енгізу
Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.
Қолдану көрсетілімдер: инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, команы емдеу.
Қарсы көрсетілімдері: гипоглекемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.
Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия,ісіктер.
Енгізілетін жерлері: иықтың жоғарғы бөлігінің сыртқы беті және жамбастың жоғарғы сыртқы беті,жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы беті.
Дайындаңыз: инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін, залалсыздандырылған: астаушаны,зарасыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцтерін, қолғапты , қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс- әрекет алгоритмі:
Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
3. Пациентке дәрілік зат туралы, мақсатын, процедураның өтуі туралы ақпарат беріңіз.
4. Пациентке ақпарат беріп, келісімін алғаннан кейн егу бөлмесіне шақырыңыз.
5. Қажетті күтім заттарын жинаңыз.
6. Қолды жууып, антисептикпен өңдеңіз.
7. Қолғапты киіңіз.
8. Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын,сақталу мерзімін.Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын жәнне әріптік белгілерін тексеріңіз.
9. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз.Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз,1мл инсулиннің Б санына.Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз.Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.
10. Ұзақ уақытқта әсер ететін инсулин флаконын Ұзақ уақытқта әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз.Ерітінді бір қалыпты лайлы болу керек(сілкуге болмайды).Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір ,оны араластырудың қажеті жоқ.
11. Флакондағы инсулинді су моншасында 36-37о С температурасына дейін жылытыңыз.
12.Ораудағы инсулин щприцін алыңыз.Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.Орауды ашып,шприцті құратырыңыз.
13.Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.
14. Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта шаригімен екі рет тазартыңыз.Флаконды шетке қарай қойыңыз, тері антисептігі кепкенше күтіңіз.
15. Инсулин шприцін қолға алып,шприцтің поршенін тартыңыз,қанша инсулин сорып алу қажеттілігін анықтап шприцке ауа сорып алыңыз.Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.
16. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.
17. Пациентке жатуын немесе отыруын сұраңыз.
18. Иньекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен алдымен үлкен көлемді,сосын иньекция жасайтын орынды тазалаңыз,спирттің кебуін күтіңіз.
19. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткізіңіз.
20. Оң қолыңызға шприцті алыңыз.
21. Сол қолдың I және II саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз.
22. Тері асты майлы қабаты ортасында Тері асты майлы қабаты ортасында 35-45о бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз.
23. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.
24. Инсулинді жаймен енгізіңіз,ине қантамырларына түспегенін тексеріңіз.
25. Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін иньекция жасаған жерге қойыңыз.
26. Қолданылған шприцті ,мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған және жинауға арналған контейнерге салыңыз.
27. Қолды жууып құрғатыңыз.
28. Пациентті тамақтандырыңыз.
Ескерту: - инсулин дозасы единицамен өлшенеді. Инсулин белсенділігі 1мл-де 40,80,100 Б болуы мүмкін.Соған сәйкес 0,1 мл-де 4,8,10 Б инсулин бар.
Инсулин иньекциясын инсулинді шприцпен орындау керек.Инсулин шприцінің маркировкасын, концентрациясын, миллилитрдағы ед білу қажет. Инсулинді шприц болмаған жағдайда дәрігер тағайындаған дозаны миллилитрде есептеп алу қажет. Дұрыс алынбаған инсулин мөлшері аса қатты асқынуларға әкелуі мүмкін. Өте көп мөлшерде салынса (гипргликемия) немесе аз мөлшерде (гипогликемия) қандағы канттың жоғарлауы;
- инсулинды әр енгізген кезде иньекция орнын ауыстыру қажет.Иньекцияны бір жерге жиі орындағаннан тері асты май қабатының дистрофиясы,сирек тері асты май қабатының гипертрофиясы дамиды.
-Инсулиннің жақсы әсер етуі үшін таңертең іш аймағына, өткені жақсы сіңіріледі, күндіз иықтың жоғарғы бөлігіне, кешкісін сан бұлшық етіне неесе жамбасты төотке бөлгендегі жоғарғы бөлігі.
Асқынулары: аллергиялық реакция, липодистрофия, ісіктер.
