- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •10. Медициналық қолғапты киіңіз.
- •11. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
- •12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Инсулин дозасын есептеу
- •Инсулинді енгізу
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Майлы клизманы қою
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Салқын компресс қою
- •Қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Жылытқышты қолдану
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Антибиотиктерді еріту.
- •Қан қысымын өлшеу
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау (Постановление Правительства рк №33 от 12.01.2012г. Приказ м3 рк №218 от 2011г.)
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •22.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
- •Асқазанды жуу
Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып кұю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тэулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын жэне қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын кайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, лотокты, штатив, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды,(венозды манжетка) екі кішкене үзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, ҚЖАК, анафилактикалық шокка қарсы жинақ, дәрілік ерітіндісі бар флаконды сыртында науқастың аты тегі жазылған, қолғапты, палата№ .
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік затты қолдану нұсқаымен және дәрігердің тағайындауымен танысу.
2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Пациентпен сенімді қарым –қатынас орнату
4. Пациентке процедураның мақсатын және өтуі туралы дәрілік ерітіндінің енгізілуі туралы
ақпарат беру.
5. Пациентке ішегін және қуығын босатуын сұраңыз.
6. Процедураның жүргізілуіне рұқсат алыңыз.
7. Керекті күтім заттарын жинау.
8. Дәрігердің тағайындаған дәрісін алып, оны тағайындау парағымен салыстырыңыз.
9. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозаын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін дауыстап оқыңыз, флаконға ашылған күнін және қолыңызды қойыңыз .
10. Бетперде, көзілдірік киіңіз, колды жууып антисептипен өңдеңіз.
11. Медициналық қолғапты киіңіз .
12. Тамшылатуға арналған жүйені құрастырыңыз (стандартты қара)
13. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі);
14. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
15.Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бүрауды байлаңыз.
Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.
16.Тамыр соғуын тексеріңіз.
17.Науқастан бірнеше рет жүдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.
18.Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
19. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз.
20. Жүйедегі инъекңиялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз.
21. Тері астына инені 25° бүрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бүрышын азайтыңыз.
22. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.
23. Ине кок тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекңиялық түйінде қан көрінеді.
24. Сол қолмен бұрауды босатыңыз, (манжетканы) науқастан жүдырығын жазуын сүраңыз.
25. Ине тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз.
26. Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.
27. Жүйенің қысқышын ашыңыз.
28. Алғшқы 1-2 минутында дәрілік ерітіндіні өте баяу жіберіңіз және науқастың жағдайын бақылаңыз.
29. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 20-60 тамшы).
30. Бірнеше минуттай дэрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
31. Енгізу жылдамдыгы түрақты болуын қадағалаңыз.
32. Дәрілік ертіндіні қүйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін жэне қал- жағдайын бақылаңыз.
33. Емшара біткен соң жүйедеғі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 3-5 минутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз.
34. Жүйе мен инені,(қақпақшасын жаппай) қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.
35.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.
Ескерту:
- қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекңияға арналған түйін арқылы шприңпен жүргізіледі. Инъекңия жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен кыстырылады;
- флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндеғі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді;
- науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сүраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекңия жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.
Асқынулары: сепсис, ауа эмболиясы, гематома, тромбофлебит, флебит, ВИЧ СПИД-ттің
жұғуы, анафилактикалық шок.
