Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Асқазанды жуу

Мақсаты: диагностикалық, емдік: өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары, асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: бір рет қолданатын жуан асқазан сүңгісі, шыны түтікті, суды (Т-20°-22°С), қолғапты, 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құйғыны, 2 лоток,дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс,сүлгі немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын,қақпағы бар залалсыздандырылған бір реттік қолданылатын сыйымдылық, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Барлық керек жабдықтарды дайындаңыз.

2. Науқастың жеке тұлғасын білу.

3. Науқаспен сенімді қарым- қатынас орнатыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Емшараны жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алыңыз.

6. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

7. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз. Егер науқас әлсіз болған жағдайда, оны сол жақ қырымен жатқызыңыз, алдыға қарай еңкейтіңіз.

8. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).

9. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

10. Қолды антисептикті қолдану арқылы жуыңыз.

11. Бетперде, қолғапты, қорғаныш көзәйнекті кию.

12. Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алыңыз. Науқастың төменгі күрек тісінен бастап(саңылаулы ұшынан)кіндікке дейін аралықты- бірінші белгі және науқастың бір алақанының жалпағы- екінші белгі (немесе науқастың бойынан 100 см алып тастаңыз).

13.Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

14. Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісінің саңылаусыз ұшын ылғалдап алыңыз.

15.Науқастан ауызын ашуды сұраңыз, сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

16.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз.

17.Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырыңыз, құйғыны асқазан тұсында кішкене еңкейтіп ұстаңыз (ауа кірмес үшін)

18.Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

19.Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз .

20. Бірінші бөліністі зертханалық зерттеуге 200 мл бір рет қолданылатын залалсыздандырылған контейнерге құйыңыз.

21.Құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз.

22.Асқазаннан таза су шыққанша жууды бірнеше рет қайталаңыз.

23.Құйғыны алыңыз.

24.Науқастың асқазанынан салфетканың көмегімен сүңгіні ептеп шығарыңыз және қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

26. Құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

27.Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

28.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

29.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

30.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

31.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші үлесін (200 мл) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

32.Жуынды суды канализацияға төгіңіз.

Ескерту:

- сүңгіні енгізгенде оның асқазанға еркін өтуіне бақылау жүргізу қажет;

- егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

- шылапшындағы жуынды судың мөлшері кұйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

- егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

- сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, бет-әлпетінде бозарып көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен уақыт «аспирация»), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.

-егер зерттеуге бөлінді суды алу қажет болса, п.п. 15, 16 екі рет қайталаңыз және бөлінді суды дайындалған залалсыздандырылған контейнерге құйыңыз.