- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •10. Медициналық қолғапты киіңіз.
- •11. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
- •12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Инсулин дозасын есептеу
- •Инсулинді енгізу
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Майлы клизманы қою
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Салқын компресс қою
- •Қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Жылытқышты қолдану
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Антибиотиктерді еріту.
- •Қан қысымын өлшеу
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау (Постановление Правительства рк №33 от 12.01.2012г. Приказ м3 рк №218 от 2011г.)
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •22.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
- •Асқазанды жуу
Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
Қан алатын вакуумды жүйе - бұл қауіпсіз жүйемен қанды алу, тасымалдау және қанның сапалы анализінің үлгісі.
Вакутайнер- көк тамырдан /венадан/ қанды алуға арналған толық жабылған вакуумдалған пластикалық бір рет қолданылатын жүйе.
Ол 3 компоненттен тұрады:
Қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық ине.
Бір реттік ұстағыш
Белгіленген вакуумды көлемі бар залалсыздандырылған (пробирка) түтік.
Артықшылығы: қауіпсіздік, тиімділікті, ең аз гемолиз, микроұйынды қан, үлгіні алу аралығының уақыты және оның химиялық қосымша заттектермен жанасуы әр уақытта, қан мен химиялық қосымша заттектер көлемінің қатынасы тура, бұраудың әсері минимальды, үлгісі залалды.
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз : залалсыздандырылған : қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық инені, бір реттік ұстағышты, вакуумды түтіктерді, мақта шариктерін, қолғапты, лотокты, тері антисептигін, бұрауды (венозды манжетаны), клеенкалы жастықшаны, масканы, алжапқышты, қорғаныш көзәйнекті немесе экранды, түтіктерді тасымалдауға арналған контейнерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс- әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.
Лабораторияға жолдама жазыңыз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды антисептигімен суландырылған мақта шариктермен өңдеңіз.
Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.
Қанды алуға арналған жүйені алыңыз.
Ораудың саңылаусыздығын, қан алатын негізгі компоненттерінің сақталу мерзімін тексеріңіз.
Орауды (қорапшаны ) ашыңыз. (стандартты қараңыз).
Инені алып, қорғаныш қалпағын алыңыз (егерде 2 жақты инені қолданса, онда сұр қорғаныш қақпағын алыңыз).
Ине ұстағышқа инені қондарып, оны тірелгенге дейін бұрап бекітіңіз.
Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. Қолдың жоғарғы бөлігін киімнен босатып, қолын төмен қарай түсіріп шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
Венозды манжетаны (бұрауды) иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне ішкі киімнің немесе салфеткның үстінен салыңыз.
Кәріжілік артериясындағы тамырды ұстаңыз (тамыр соғуы сақталуы болу керек).
Көк тамырды зерттеңіз.Ең көп толыған көк тамырды табыңыз.
Көк тамырды толтыру үшін, науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
Шынтақ бүгілісі аймағын, иньекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктермен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салыныз, 3 – ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаңыз.
Оң қолға жүйені алыңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көк тамырды бекітіңіз.
Науқастың қолына байланысты ине мен ұстағышты 15
бұрышпен
ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5см
енгізіңіз.Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен түтікті ине ұстағышқа қондырыңыз, түтік қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басыңыз, ол қан ағуды қамтамасыз етіңіз.
Залалды түтікке қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешіңіз. Қан шамасы түтікте белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтіңіз.
Ұстағыштан түтікті алынған қан түрімен шығарып алыңыз.
Түтіктің ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырыңыз, бірақта шайқамаңыз, сілкімеңіз!.
Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі түтікті қондырыңыз.
Қанды тасымалдауға арналған контейнерге түтікті салыңыз.
Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойыңыз , венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алыңыз.
Иньекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, науқасқа шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраңыз.
Түтіктерге белгілер салыңыз.
Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды түтіктегі қанды жолдамасымен лабароторияға апарыңыз.
Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Асқынулар: гематома (қанісік) , тромбофлебит (венаның және қабынуы) , сепсис
(микробтардың қанға тарап кетуі).
