Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар; халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек; еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданылмайды.

Қол жеткізген нәтижені бағалау: ауыз қуысы таза, еріндеріндегі жарық майланған. Науқасқа немесе оның туыстарына үйрету. Медбикенің жоғарыда айтылған іс-әрекетіне сәйкес араласудың кеңестік типі.

ОЙЫЛУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Ойылу-тері асты клеткасының және жұмсақ ұлпалардың ұзақ қысылуының, жергілікті қан айналымының және жүйке тродкасының бұзылуынан пайда болатын терідегі диетрофикалық, жаралы-некротикалық өзгерістер.

Ойық әлсіз және жүдеген ауыр науқастардың бір қалыпта ұзақ жатқанына байланысты құйымшақ, жауырын, шынтақ, қарақұс, жамбас буыны маңайында пайда болады.

Ойықтардың пайда болуы ауыр науқастарды нашар күтуінен пайда болады: дымқыл және ластанған іш киім, төсектегі бүктемелер және қалдықтар, кірленген тері.

Іс- әрекет алгоритмі

  1. Екі сағат сайын науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отырыңыз, ойықтардың пайда болу жерлерін карастырыңыз.

  2. Төсектің жағдайын бақылап отырыңыз-онда қалдықтар, бүктеулер болмауы тиіс.

  3. Кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отырыңыз.

  4. Құйымшақтың астына, жастық тысына салынған немесе жаялықпен жабылған резеңке дөңгелекті салыңыз, ал өкпе және жауырын, шынтақ, қарақұстың астына мақта-маталы дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің тесігіне құйымшақ дәл келу керек.

  5. Ойыққа қарсы матрас қолданыңыз.

  6. Таңертең және кешке теріні өңдеп отырыңыз: жылы су және 10% камфор спиртінің ерітіндісіне, 70% этил спиртінің ерітіндісіне, 1% салицил спирт ерітіндісі, сірке ерітіндісіне (бір стакан суға 1 үлкен қасық) батырылған мақта тампонмен ойық пайда болу мүмкін жерлерді сүртіңіз. Осы тампонмен теріні сүрткенде жеңіл уқалаңыз.

Ойықтарды емдеу

Ойықтың төрт кезеңдері болады.

Бірінші кезеңінің белгілері: анық шеттері жоқ, түсі-көк немесе қызыл бөліктер.

Жүргізілетін шаралар. Жеңіл уқалау мен теріні антисептик ерітіндісімен өңдеу (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, салицил спиртінің 1% ерітіндісі, жартысы су мен этил спиртін 70% және басқалармен) УФО жүргізу астына паралонды дөңгелек салу керек.

Ойықтың екінші кезеңінің белгілері: мұйықтың пайда болуы.

Жүргізілетін шаралар: мұйыққа бриллиант жасылының 1-2% ерітіндісі мен калий перманганаты 5-10% ерітіндісінің қосындысын жағады. Айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді (камфор спиртін 10% ерітіндісі мен этил спиртінің жартылай су қосылған этил спиртінің 70%),УФО жүргізу, дөңгелек паралонды дөңгелек салу.

Ойықтың үшінші кезеңінің белгілері :мұйық жарылып, жара пайда болады.

Жүргізілетін шаралар: УФО қолданылады,майлы таңғыш, (1% синтомицин эмульсия, Вишневский майы, 10% стрептоцид, облепиха майы және тағы да басқалары) арасына дөңгелекті паралонды салады.

Ойықтың төртінші кезеңінің белгілері: терінің, тері асты торшасы және басқа жұмсақ ұлпалардың некрозы дамиды.

Жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін өлген ұлпаларды алып тастайды жараға калий перманганатының 0,5% ерітіндісі немесе 1:5000 фурацилин ерітіндісі бар таңғыш салады. Ірің болған жағдайда-антисептиктер ерітіндісімен шаяды (1:5000 фурацилин ерітіндісі, сутегі тотығының 3% ерітіндісі, калий перманганаты 0,5% ерітіндісі), таңғыш. Жараны тазалап толығымен майлы таңғышқа көшеді, жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданады (солкосерил,опипон және басқалары).

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Ойықтың пайда болуының барлық кезеңдерінде ойықтың алдын-алу шараларын кушейту керек.