Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Бұлшық етке инъекцияны орындау

Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Қолданылу көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылган: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын 2 шприцті, инъекцияға арналған иненің ұзындығы 40-60 мм, тері антисептигі, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

4. Пациентке дәрілік зат туралы, мақсатын, процедураның өтуі туралы ақпарат беріңіз.

5. Процедураның өтілуіне келісімін алыңыз.

6. Керекті күтім заттарын жинаңыз.

7. Дәрігердің тағайындаған дәрілерін алу, дәрігердің тағайындауымен салыстырыңыз.

8. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозаын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін дауыстап оқыңыз.

9. Бетперде киіңіз, колды жууып антисептипен өңдеңіз.

10. Медициналық қолғапты киіңіз.

11. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)

12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);

13. Шприцті орауға салыңыз.

14. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:-бөксеге енгізгенде - ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;-санға енгізгенде - арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;-иыққа енгізгенде - жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

15.Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз.

16. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасында ұстаңыз.

17. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненің канюласына; II саусақпен шприцтің поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

18. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.

19. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 90° бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,3 см кем қалдырмаңыз.

20.Сол қолдың бірінші саусағымен поршенді ұстап, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

21. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

22.Тері антисептигімен өңделген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

23.Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

24.Шприцтерді, мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25. Қолғапты шешіп, КЖАК тастаңыз.

26. Қолды жууып құрғатыңыз.

Ескерту:

- санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасаганда шцрицті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 45° бұрышпен енгізеді;

- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне козіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне козіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;

- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;

- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-38°С жылытыңыз.

Мүмкін болатын асқынулар: инфильтраты; абсцесс; иненің сынуы; жүйке жүйесінің зақымдануы; дәрілік затты қателесіп енгізу.

Мүмкін болатын жүйелі асқынулар: сепсис; майлы эмболия; дәрілік эмболия, аллергиялық реакция ; анафилактикалық шок; вирусты гепатит, ВИЧ инфекцияның жұғуы.