- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •10. Медициналық қолғапты киіңіз.
- •11. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
- •12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Инсулин дозасын есептеу
- •Инсулинді енгізу
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Майлы клизманы қою
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Салқын компресс қою
- •Қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Жылытқышты қолдану
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Антибиотиктерді еріту.
- •Қан қысымын өлшеу
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау (Постановление Правительства рк №33 от 12.01.2012г. Приказ м3 рк №218 от 2011г.)
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •22.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
- •Асқазанды жуу
Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарылату.
Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Қажеттілерді дайындау: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
2.Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз, ол үшін: оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз, жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз, оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз; әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз, баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.
3.Науқасты Фаулер қалпында жатызыңыз.
4.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
5.Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз, науқастың қырынан тұрып, жастықты ұстаңыз.
6.Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.
7.Мундштукті науқастың ауызына жақындатыңыз, жастықшадағы вентильді ашыңыз, науқастың ауызынан 1-1,5см арақашықтықта ұстаңыз.
8.Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінін науқасқа түсіндіріңіз.
Үзіліссіз және жылдамдықты қамтамасыз ете отырып, жастықшаны қолмен басу арқылы оттегі беру үрдісін реттеңіз.
9.Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).
10.Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.
11.Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.
12.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
13.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.
14.Қолғапты шешіңіз, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.
-міндетті түрде тыныс алу сипатын, терінің және шырышты қабаттардың түсін бақылап отыру қажет.
Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың ойылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: 2 лотокты, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке салфеткасы, дәке тампондары, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, флаконда антисептикалық ерітіндіні, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын лотокты, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара браысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.
3.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.
4.Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
5.Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына лотокты қойыңыз.
6.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
7.Науқаста егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз.
8.Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.
9.Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.
10.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз.
11.Тілді залалсыздандырылған дәке салфеткасымен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке салфеткасымен тілдеғі жағындыны (бозамықты) 2-3 рет салфетканы ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.
12.Дәке салфеткасымен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.
13.Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған лотокқа салыңыз.
14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.
15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ салфеткасымен сүртіңіз, залалсыздандырылған салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.
16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, ал қолданылған дәке тампондарын, салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
