- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •10. Медициналық қолғапты киіңіз.
- •11. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
- •12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Инсулин дозасын есептеу
- •Инсулинді енгізу
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Майлы клизманы қою
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Салқын компресс қою
- •Қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Жылытқышты қолдану
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Антибиотиктерді еріту.
- •Қан қысымын өлшеу
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау (Постановление Правительства рк №33 от 12.01.2012г. Приказ м3 рк №218 от 2011г.)
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •22.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
- •Асқазанды жуу
Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.
Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.
Қажеттілерді дайындау: бір реттік қолданылатын контейнер қақпағымен, дәрет ыдысын, қалақшаны (ағаш, шыны), қолғапты, жолдама жазып, контейнердің сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
2.Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.
3.Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:
- науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;
- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабады.
4.Науқас қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салып, қолын жуып және құрғатуы қажет.
5.Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей, жолдаманы толтырыңыз, бөлімшесін, палатаның №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, медбикенің қолын көрсетіңіз.
Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
Мақсаты: қуықтағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, несептік және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданатын катетерді, анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты (1 данасы залалсыздандырылған), залалсыздандырылған вазелин майын, 1:5000 фурациллин ерітіндісін, дәрет ыдысын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал- жабдықтарды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқастың жеке тұлғасын білу.
2.Науқаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
4. Емшараны жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алыңыз.
5. Керекті жабдықтарды дайындаңыз.
6. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
7. Антисептикті қолдану арқылы қолды жуыңыз. Қолғапты киіңіз.
8. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жақка аздап қана ажыратқан қалыпта болуын сұраңыз.
9. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты немесе сіңіретін бір реттік қолданылатын жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз
10. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.
Қынапқа кіреберіс жерін залалсыздандырылған тампонмен жауып қойыңыз.
11.Сол қолдың I және II саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.
12. Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тампонын алып фурацилин ерітіндісіне суландырыңыз.
13. Антисептикалық ерітіндімен жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналын тазартыңыз.
14. Қынаптың тесігін залалсыздандырылған тампонмен жабыңыз.
15. Жұмыс қолғабын шешіңіз және залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
16.Көмекшіден катетерге тимей орауын ашуын сұраңыз және катетерді алыңыз
17. Оң қолыңызбен катетердің ұшынан 5-6 см. арақашықтықта қаламұштай ұстаңыз, катетердің келесі ұшын қолдың сыртқы жағымен жүргізіп, 4-5-ші саусақтың арасына қысыңыз.
18.Көмекшіден катетердің ұшына залалсыздандырылған вазелин майын құюын өтініңіз.
19. Катетердің бос(сыртқы) шетін дәрет ыдысына салыңыз.
20. Зәр бөліну ағымы азайғанда қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.
21. Катетерден зәр бөліну өздігінен тоқтаған кезде зәр шығару каналынан абайлап катетерді алыңыз (зәр зәр шығару каналын физиологиялық жолмен жуып шығады)
22. Пинцеттерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
23. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды, катетерді, мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
24.Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
25.Науқасқа физикалық және психикалық тыңыштықты қамтамасыз етіңіз.
Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
