Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Жел шығаратын түтікті қою

Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек және анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: бір рет қолданатын жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың жеке тұлғасын білу.

2. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

4. Емшараны жүргізуге науқастан ақпараттандырылған келісім алыңыз.

5. Керекті жабдықтарды дайындаңыз.

6.Науқасты кермемен қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса), бетперде, халатты, алжапқышты киіңіз.

7.Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз. (немесе тек сіңіретін бір реттік қолданылатын жаялықты төсеңіз).

8.Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

9.Қолыңызды антисептикті қолдану арқылы жуыңыз, қолғапты киіңіз.

10.Бір рет қолданатын жел шығаратын түтік орауының жарамдылық мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

11.Бір рет қолданатын жел шығаратыи түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

12.Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос үшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

13.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

14.Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

15.Бір рет қолданатын жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

16.Жел шыққанда (суда көпіршік болуы) көзіңізді жеткізіңіз

17.Науқастың қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайын бағалаңыз.

18.Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

19.Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартыңыз.

20. Бір рет қолданатын жел шығаратын түтікті қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

21.Қолғапты шешіңіз, салфеткаларды, бетпердені, қолғапты қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

22.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.