Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Сифонды клизманы қою

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышгы, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған бір рет қолданылатын жүйені (2 жуан асқазан зондын), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 10-12 литр Т 37оС суды (ішектегі улы заттарды шығару кезінде 20-22°С су болуы керек), сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, бір рет қолданылатын клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, ҚЖАК.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқаспен жылы қарым-қатынас орнату

  2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіреміз.

  3. Емшараны орындау туралы келісімін аламыз.

  4. Өзімізге керекті құрал жабдықты дайындаймыз

  5. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.(егерде емшара палата орындалатын болса)

  6. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтіріңіз. Қорғаныш көзілдірікті (экран),герметикалық алжапқышты тағамыз.

  7. Қолды жууып антисептикамен өңдеп,қолғапты киеміз .

  8. Сифон клизмасына арналған жүйені дайындап, жүйенің соңына 20-30 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

  9. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке енгізіңіз.

  10. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

  11. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

  12. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенше (ішекке ауаның түсуінің алдын алу).

  13. Науқастың бөксе деңгейінен төмен түсіріңіз,құйғы ішек бөлінісімен толғанда, құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз.

  14. Жоғарғы ішекті жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

  15. Құғыны бөліп алып,зондтың шеткі бөлігін шылапшынға 10-12 мин салып қойыңыз.

  16. Жүйені ептеп шығарыңыз.

  17. Науқастың тік ішек айналасын салфеткамен сүртіңіз.

  18. Құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  19. Сифон клизмасына арналған жүйені ҚЖАК,құғышты зарарсыздандыру ерітіндісіне саламыз.

  20. Қолғапты,алжапқышты,масканы,халатты шешіңіз. Масканы,салфетканы және қолғапты ҚЖАК салыңыз.

  21. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.