Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау (Постановление Правительства рк №33 от 12.01.2012г. Приказ м3 рк №218 от 2011г.)

Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру нөмерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Таңертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

6. Науқастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырық-ты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін толтырыңыз.

12. Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металл биксте бактериологиялық зертханаға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

13. Масканы шешіңіз. Қолғапты ҚЖАК салыңыз. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қақырықтың I байқауы - науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы - келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы - сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.

Тазарту клизмасын қою

Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операңия жасаганнан кейінгі бірінші күндерде, анус аймагындагы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаган гсморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолгапты, мақта немесе дәке тампондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дагы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қагазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюга арналған контейнерді (ҚЖАК).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

3.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

4.Емшараны орнату туралы келісімін алыңыз.

5.Өзімізге керекті құрал жабдықты дайындаймыз.

6. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

7. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты,көзілдірікті киіңіз.

8.Қолыңызды антисептикті қолданып жуып,қолғапты киіңіз.

9.Эсмарх крушкасына 20-22°С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

10.Науқастың дене деңгейінен 1 метр биіктік штативке Эсмарх кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

11.Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

12. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

13.Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

14.Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушегка бойымен созылған болуы керек.

15.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжыта 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

16.Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

17. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

18. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

19.Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

20. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

21. Қолданылған ұштықты ҚЖАК салыңыз.

22. ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

23.Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіп ҚЖАК салыңыз.Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

- атониялық іш қатуда судың температурасы t-12-20С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық іш қатуда судың температурасы жоғары (t-37-42С-қа дейін), іш қатуда t-20-25С;

- егер де науқас нәжісті аз мөлшерде тек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.