Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Антибиотиктерді еріту.

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, Медбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасьш енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енғізеді. Антибиотикті қолдану нүсқауында осы антибиотикті еріту ережесі эдеттеғідей корсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: Імл - 100.000 ЕД және Імл - 200.000 ЕД.

1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет: цг-

- 500.000 ЕД : 10О.ОООЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

- 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Әрбір науқасқа Медбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик молшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге болуі қажет.

- 1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

Қан қысымын өлшеу

Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын бағалау(алдын ала тексеру кезінде,жүрек-қан тамыр жүйесінің және зәр шығару жүйесінің патологиясы кезінде,естен тану,бас ауруына,әлсәздікке,бас айналуына шағымданғанда).

Қарсы көрсетілімдері:туа біткен ақау(уродства),парез,қол жарақаты,инсульттан кейінгі әлсіз қолда.

Қажеттілерді дайындау: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын,науқасатың карточкасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз.

2.Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

3.Тонометрдің манжеткасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетканы иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

4.Манометрді манжеткамен бекітіңіз, оны манжеткаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

5.Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы бірқалыпты болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

6.Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжеткаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

7.Вентильді ашыңыз және ақырын манжеткадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

8.Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) - систольдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) - диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

9.Науқастың қолынан тонометрдің манжеткасын шешіңіз.

10.Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы-систолдық қысым, бөлімі-диастолдық қысым).

12.Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

13.Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

14.Науқасқа өлшенген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.

Ескерту:

Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін

және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

-қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

-артериальды гипертензия (гипертония ) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;

-артериальды гипотензия ( гипотензия) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.