Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

Қантты анықтауға зәрді жинау

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолданукөрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Қажеттілерді дайындау: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, медбикенің қолы), қолғапты.

Іс- әрекет алгоритмі:

1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2.Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

3.3литрлік банкада мөлшер белгісі қойылған (өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз 100, 200, 300 мл әрі қарай).

4.Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5.Қолғапты киіңіз.

6.3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

7.3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

8.100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

9.Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

10.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

Қалыптағы зәрде глюкоза іздің түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.

Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау

Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған кең мойынды банканы, биксті, салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

2. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.

5. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқасқа түсіндіріңіз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- түкіргіштің қақпағын залалсыздандырылғанын бұзбай ашуды;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

- науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріні тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

9.Түкіргішті немесе банканы қақпақпағын жабыңыз.

10.Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

11.Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті бикске орналастырыңыз.

12.Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

13.Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14.Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.