Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм гэк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.77 Кб
Скачать

10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

11. 2-сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

12.Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қоған жерді жылы қымтаңыз.

13.Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

- егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

- спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

- компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағатан соң қайталауға болады;

- қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

Жылытқышты қолдану

Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның I және III кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауру процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Қажеттілерді дайындау: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-70°С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, ветощты (2 салфетканы жылытқыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-70°С) құйыңыз.

3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

6. Қолыңызды жуып тазартыңыз.

7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).

10.Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

11.Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған ветощпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

12.Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

13.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кұрғатыңыз.

Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.

Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту

(Бұйрық ДСМ РК №236 11.03.2004ж)

Мақсаты: ауырухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерін жою.

Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.

Қарсы көрсетілімдері: тері ауыруларында, бес жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тиым салынады.

Қажеттілерді дайындау: биттерге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, полиэтиленді орамал, орамал, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды, сүлгі, педикулцидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабын), сірке су қышқылының 6 % ертінітдісін, тістері жиі тарақты, дәке тампондары, лупаны, қырыну құралдары, киім кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты клеенканы, резеңке қолғаптарды, аурухананың медициналық картасын, жұқпалы ауыру туралы жедел хабарлама формасын (Ф- 058 /у), жұқпалы ауыруды есекпке алынатын журналды (Ф- 060 /у), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, тазартуға арналған ветощты, ҚЖАК /қауіпсіз жоюға арналған контейнерді/.

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым-қатынас жасаңыз.

  2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.

  4. Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын орамалмен жабыңыз.

  5. Педикулоцидтердің бірімен ығалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап, біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).

  6. Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен орамалмен байлап қойыңыз (оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулицидттердің түрімен байланысты).

  7. Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен жуыңыз.

  8. Содан соң жылы 6 % сірке су қышқылы ерітіндісімен өңдеңіз.

  9. Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

  10. Науқастың иығына бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды жауып, шашын соның үстінде тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойы тараңыз.

  11. Дәке тампондарын, полиэтиленді орамалды, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз, науқасқа қолданылған орамалды, ақжайманы, сүлгіні өңдеу үшін қапқа салыңыз.

  12. Науқастың және медбикенің киім кешегін қапқа салып, өңдеу үшін зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Науқастың аурухана медициналық картасына биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз. (күні, тазарту уақыты және медбикенің қолы.)

  14. Биттеген науқасты аурухананның қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.

  1. СЭС-қа биттеу туралы жедел хабарлама Ф-058/у жолдамасын толтырып жіберіңіз.

  2. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.

Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда немесе келісім берген жағдайда өткізеді.