- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •10. Медициналық қолғапты киіңіз.
- •11. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
- •12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Инсулин дозасын есептеу
- •Инсулинді енгізу
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Майлы клизманы қою
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Салқын компресс қою
- •Қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Жылытқышты қолдану
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Антибиотиктерді еріту.
- •Қан қысымын өлшеу
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау (Постановление Правительства рк №33 от 12.01.2012г. Приказ м3 рк №218 от 2011г.)
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •22.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
- •Асқазанды жуу
Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
Мақсаты: диагностикалық: ересек наукастың дене қызуын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.
Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.
Қажеттілерді дайындау: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды жуып тазартыңыз.
3.Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
4.Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 35°С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.
5.Қолтық асты ойысын қараңыз: егерде қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).
6.Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).
7.Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).
8.Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.
9.10минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз,
10.Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).
11.Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.
12.Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13.Ағынды судың астында зарарсыздандыру ерітіндінің иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.
14.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Қажеттілерді дайындау: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, ветощты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
5. Қолыңызды жуып тазартыңыз.
6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
10.Зарарсыздандыратын ерітіндімен ылғалдаған ветощты мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
