Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKG_ANALIZIN_ZhASAUDY_1186_ZhALPY_SKhEMASY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.54 Mб
Скачать

Жүрекшелік р тісшесінің анализі

  1. Р тісшесінің амплитудасы – <2,5 мм;

  2. Р тісшесінің ұзақтығы - <0,1 сек;

  3. І, ІІ, ІІІ әкетулерінде Р тісшесінің полярлылығын анықтау;

  4. Р тісшесінің формасын анықтау.

Қарыншалық qrs кешенінің анализі

  1. Q, R, S тісшелерінің арақатынасын 12 әкетуден қарау (жүректің электрлік осіне баға беру үшін);

  2. Q тісшесінің амплитудасы мен ұзақтығын өлшеу

- қалыптыда ұзақтығы 0,03 секундьтан артық емес;

- амплитудасы бір әкетуде ¼ R тең.

  1. R тісшесінің амплитудасын есептеу және оның мүмкін болатын ыдырауын анықтау R' (r').

  2. S тісшесінің амплитудасын есептеу және оның мүмкін болатын ыдырауын анықтау S' (s').

RS-T СЕГМЕНТІНІҢ АНАЛИЗІ

  1. Изоэлектрлік линиядан ауытқуын есептеу - (+) элевация; (-) – депрессия.

  2. RS-T сегменті ауытқуының формасын анықтау: горизонтальді, қиғаш-көтерілген (косовосходящая), қиғаш-төмендеген (косониходящая).

Т тісшесінің анализі

  1. Т тісшесінің полярлылығын анықтау;

  2. Т тісшесінің формасына баға беру;

  3. Т тісшесінің амплитудасын есептеу.

Qt интервалының анализі

Базетт формуласы бойынша ұзақтығын анықтау

, мұндағы к әйелдер үшін 0,40, ерлер үшін 0,37.

Электрокардиаграфиялық қорытынды жасау:

  1. Негізгі ритм көзі: синусты немесе синусты емес

  2. Ырғақтың сипаты: ырғақты немесе ырғақты емес

  3. Жүректің соғу жиілігі

  4. Жүректің электрлік осі

  5. ЭКГ-синдромдар:

- ритмнің бұзылысы;

- өткізгіштіктің бұзылысы;

- гипертрофиялар;

- миокардтағы ошақты өзгерістер.

АРИТМИЯЛАР.

  1. Синустық тахикардия:

- жүректің соғу жиілігінің минутына 90'-нан көп болуы.

Механизмдері: 1) симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің артуы; 2) СА-түйіннің органикалық зақымдалуы; 3) СА-түйінге токсикалық әсер ету.

Себептері: экстракардиальді – физикалық жүктеме, эмоционалды қозу, қызу, тиреотоксикоз, НЦД, жедел қантамырлық жетіспеушілік, интоксикация, тыныс жетіспеушілігі. Интракардиальді – жүрек жетіспеушілігі, жедел МИ, стенокардияның ауыр ұстамалары, миокардит және т.б.

ЭКГ-белгілер:

  1. ЖСЖ минутына 90'-нан көп болуы;

  2. Қалыпты синустық ритмнің сақталуы;

  3. РI, II, aVF, V4-V6 тісшесінің оң болуы;

  4. Айқын синустық тахикардия кезінде: PQ интервалының қысқаруы (0,12 с-тан кем емес); РI, II, aVF амплитудасының биіктеуі; RS-T сегментінің қиғаш-көтерілген депрессиясы (бірақ изолиниядан 1 мм төмен емес).

  1. Синустық брадикардия:

- жүректің соғу жиілігінің минутына 59-40' аралығында болуы.

Механизмдері: 1) парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің артуы; 2) СА-түйіннің қабынулық дегенеративті зақымдалуы; 3) СА-түйінге токсикалық әсер ету.

Себептері: экстракардиальді – спортсмендердегі ваготония, гипотиреоз, бассүйек ішілік қысымның жоғары болуы, НЦД, дәрі-дәрмектермен улану (в-адреноблокаторлар, жүрек гликозидтері және т.б.). Интракардиальді –жедел МИ, инфаркттан кейінгі және атеросклеротикалық кардиосклероз, миокардиттер.

ЭКГ-белгілер:

  1. ЖСЖ минутына 60'-тан төмен болуы;

  2. Қалыпты синустық ритмнің сақталуы;

  3. РI, II, aVF, V4-V6 тісшесінің оң болуы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]